Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Социологияның құрылымы мен деңгейлері





 

Социология білімінің құрылымы - қоғамдық құбылыстар мен процесстер жөніндегі ақпараттардың және ғылыми түсініктер мен ұғымдардың жәй ғана жиынтығы емес. Бұл құрылым әлеуметтік түрлі деңгейдегі процестер туралы жеке адамдар, әлеуметтік топтар немесе бүтін қоғам жөніндегі өзара байланысқан түсініктер, ұғымдар, көзқарастар, теориялар жүйесі ретінде байқалады.

Социологиялық түсініктер мен ғылыми білім, әсіресе оның құрылымы көп жағдайда бірнеше факторларға байланысты қалыптасады, соның ішінде социология зерттейтін объектілер шеңбері ғылыми нәтижелер мен қорытындылар тереңдігінің ерекшелігі.

Социология білімінің құрылым бастауы болып қоғамға тұтас әлеуметтік организм ретіндегі білім шығады. Бұл қоғамдық қатынастар жүйесі, олардың мазмұны және өзара байланысы туралы білім. Табиғаттың және қоғамдық қатынастардың мәнін түсіну, қоғамда бар әлеуметтік субъектілердің өзара әрекетінің мәнін терең пайымдауға мүмкіндік береді. Қоғам туралы білім, оның дамуының объективтік заңдарын, қоғам өмірінің негізгі салалары жөніндегі түсінікті және олардың өзара әрекетін, материалдық, саяси және рухани мәдениеттің өзара ықпалы туралы білімді өз бойына жинап сіңірген.

Социология білімі құрылымының келесі жағы болып жекелеген қоғамдық өмір салаларының, соның ішінде экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани салалардың өмір сүруі мен дамуы туралы түсініктердің өзара байланысы саналады. Белгілі қоғам өмір салаларында болып жатқан процестерге социологтың өз көзқарасы болуы тиіс. Ең алдымен, ол осы салаларда тұлғаның немесе әлеуметтік топтардың, сонымен қатар жастар, жұмысшы тобының, шаруалардың, зиялы қауымның қызметкерлердің түрлі топтарының өмірлік қызметін және әлеуметтік өзін-өзі көрсетудің мүмкіндіктерін зерттейді.

Социологиялық білім құрылымының маңызды бөлігіне елдегі халықтың әлеуметтік құрамы мен қоғамның әлеуметтік құрылымы жөніндегі білім жатады. Бұл жерде әңгіме таптар, әлеуметтік үлкен және кіші топтар, кәсіби және демографиялық топтар, олардың экономикалық және саяси қатынастар жүйесіндегі орындары мен өзара іс-әрекеті туралы, сонымен қатар ұлттар, ұлыстар, басқа да этникалық топтар және олардың арасындағы бір-бірімен қатынастары туралы болып отыр.

Келесі бір социология білімінің құрылымын құрайтын - ол саясат социологияға жататын ғылыми түсініктер, көзқарастар, теориялар. Мұнда социологияның назары саяси қатынастар жүйесіндегі, әсіресе өкімет билігі қатынастар жүйесіндегі қоғамның әртүрлі әлеуметтік топтарының нақты жағдайын анықтауға аударылады. Социолог қоғамда жүріп жатқан саяси процестерге нақты ықпал жасайды. Осы тұрғыдан түрлі саяси партиялар және қозғалыстардың қызметі, қоғамның бүкіл саяси жүйесінің өмір сүруі қарастырылады.

Социология білімінің келесі құрылымы болып қоғамда бар әлеуметтік институттардың, атап айтқанда, мемлекеттің, құқықтың, шіркеудің, мәдениеттің, неке мен отбасының, т.б. қызметі туралы социологтың ғылыми түсінігі және қорытындылары есептеледі. Социологияда әлеуметтік институт деп тірі организмдегі мүше іспеттерді айту қабылданған: бұл белгілі бір уақыт кезеңінде тұрақтылықты сақтайтын және бүкіл әлеуметтік жүйе тұрақтылығын қамтамасыз ететін адамдар қызметінің торабы. Оларда өздеріне сәйкес іштей ұйымдасу қалыптасқан және қоғамдық өмірде өз орнын сақтаған, соған орай ерекше қызметтер атқарады.

Социология білімінің құрылымына социологиялық теориялар мен көзқарастар көрсететін қоғамдық құбылыстардың ауқымына орай жекелеген деңгейлерді бөліп айтуға болады:

- жалпы теориялық социология;

- орта деңгейдегі социология теориялары (жеке және арнаулы). Бұған, мәселен қала социологиясы, білім беру социологиясы, саясат социологиясы, т.б. жатады;

- нақты социологиялық зерттеулер.

Жалпы социологиялық теориялар, макросоциологиялық зерттеу ретінде қоғамның және жалпы тарихи процесс дамуының мәңгілік кезеңін қарастырады. Жалпы социологиялық теориялар деңгейінде кез келген әлеуметтік құбылыстардың пайда болуы мен өмір сүруінің өте терең себептері туралы, қоғам дамуының қозғаушы күштері, т.б. жөніндегі ғылыми қорытындылар жасалады.

Орта деңгейдегі социологиялық теориялар қоғамдық өмірдің жеке салаларын, жеке әлеуметтік топтар мен институттарды қарастырады. Мұндай жағдайда әлеуметтік - экономикалық қатынастар, адамдардың өндірістік қызметі, әсіресе оның әлеуметтік аспектілері, сонымен қатар халықтың әртүрлі категорияларының еңбек жағдайы, халыққа білім беру, денсаулық сақтау, т.б. мәселелерді зерттейді.

Социологиялық зерттеудің алдына қойылған міндет пен мақсатқа сәйкес социология фундаментальды (іргелі) және қолданбалы болып екіге бөлінеді. Біріншісі қоғам жайлы теориялық және методологиялық білімдер қорытып шығаруға және оларды дамытуға бағытталады, ал қолданбалы социология әлеуметтік өмірді дамытудың практикалық мәселелерін зерттеп, практикалық ақыл-кеңес тұжырымдауға бағытталады. Зерттеудің бұл екеуі де теориялық және тәжірибелік зерттеу жүргізе алады.

 

Date: 2016-05-16; view: 1107; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию