Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Э. Дюркгейм мен М. Вебердің социологиялық көзқарастары





Француз социологы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) социология ғылымын дамытудағы маңызды рөл атқарады. Г.Спенсер мен бірге Дюркгейм классикалық социологияның өкілдеріне жатады. Классикалық социологияның негізгі принциптері төмендегідей:

1) әлеуметтік құбылыстар жалпы заңдылықтарға бағынады. Яғни, арнайы спецфизикалық заңдылықтар болмайды;

2) сондықтан социология дәлдік ғылымдарға ұқсас тәртіппен құрылады;

3) әлеуметтік зерттеулер тәсілі дәл және айқын болуы керек, барлық әлеуметтік құбылыстар сандық тұрғыдан анықталуы тиіс;

4) әлеуметтік құбылыстың ғылымилығын көрсететін өлшем - білім мазмұнының объективтілігі.

Бұл социологиялық білімде субъективтік эмоцияның, пікірдің болмауы керектігін көрсетеді. Мұның өзі социологияның ғылым ретінде идеологиядан, құндылықтардан тыс тұруы қажеттігін талап етеді.

Социологияның классикалық түріне қатысты принциптерін Э.Дюркгейм өзінің "Социологиялық тәсілдердің қағидасы" (1895ж.) еңбегінде біршама айқын көрсеткен болатын. Дюркгейм өз социологиясын әлеуметтік факт (шындық) теориясына негіздейді. Ол әлеуметтік фактіге қойылатын негізгі талаптарды көрсетеді. Бірінші талабы:

а) әлеуметтік құбылысты шынайы объективті құбылыс ретінде қарау;

б) әлеуметтік фактыны индивидке қарағанда сырт құбылыс деп мойындайды;

в) әлеуметтік факт зерттеу объектісі бола алатындығын мойындау. Екінші талап - социология идеологияға тәуелді болмауы керек.

Үшінші - социология бүтіннің бөліктен жоғары тұратындығын мойындауы тиіс. Әлеуметтік факт ерекше спецификалық құбылыс болып есептеледі. Өйткені, ол индивидтердің біріккен әрекетіне туындайды және ұжымдық санаға негізделеді.

Дюркгейм сондай-ақ, адамның өзіне-өзі қол салуы мәселесімен айналысқан. Статистикалық мәліметтерді кеңінен қолдана отырып, ол адамның өзіне-өзі қол салуын ұлттық, діни, жыныс, жас ерекшелігі, жыл мерзімдері сияқты факторлармен байланыстырған. Адамның өзіне-өзі қол салуы интеграция нығайған сайын көбейе түседі. Өзіне-өзі қол салу белгілі әлеуметтік топ өкілдеріне тән сипат және сондықтан ол әлеуметтік құбылыс немесе Дюркгейм сөзімен айтқанда "әлеуметтік факт" болып табылады.

Дюркгеймнің әлеуметтік фактілер жөніндегі ілімінде қоғам мен тұлғаның өзара әрекетін түсіну үшін керекті, маңызды ережелер қалыптасқан, топтық ұжымдық сананың рөлі көрсетілген. Осының бәрі социологияның ғылым ретіндегі шынайы пәні болып саналады.

Дюркгейм өзінің аномия теориясында алғаш рет девиациялық құбылыстардың себептеріне социологиялық тұрғыдан талдау жасайды. Оладамның өзіне-өзі қол салуы аномияға байланысты деп көрсетеді. Аномия - деген сөз француздың "anomie" деген сөзінен шыққан, "заңның болмауы" деген мағынаны береді. Дюркгейм өзінің теориясында адамның "өзін-өзі билеуін жоғалтуы", белгілі бір "норманың болмауы" деген мағынада қолданылып отыр. Оның пікірінше, қоғамдағы күйзеліс немесе позитивтік өзгерістер "ұжымдық реттіліктің өзгеруіне" байланысты болып келеді. Яғни, әлеуметтік норма бұзылған жерде девиантты мінез пайда болады. Әлеуметтік тәртіпсіздік (дезоргнизация) адамның девиантты мінезін түсіндіруде негізгі принцип екендігін социология ғылымында мойындалған. Әлеуметтік тәртіпсіздік ұғымы - қоғамда әдеттегі мәдени құндылықтардың, нормалардың және әлеуметтік байланыстардың жойылуынан туындайтын қайшылықтар мен тұрақсыздық жағдайларды көрсетеді.

Неміс социологы Макс Вебер (1864-1920) социологияның дамуында маңызды рөл атқарған.

М.Вебер көзқарасы тұрғысынан алғанда социология ең алдымен адамның немесе адамдар топтарының мінез-құлқын және әлеуметтік қызметін зерттеуі тиіс. Оның ойынша, теориялық социологияның пәні тек қана әлеуметтік әрекет болуы шарт, социология - әлеуметтік әрекеттер туралы ғылым. Бұл ғылым әлеуметтік әрекетті түсіну, оның себептерін ұғындыруы қажет. Егер, қайсыбір әрекетті түсінгіміз келсе, ол үшін адамның ішкі жандүниесінен шығуы ықтимал нақты мотиві немесе мотивтердің құрамды бөліктерін ашуымыз керек. Әлеуметтік әрекетті М.Вебер 4 типке бөледі:

1) ұғымды-мақсатты әрекет. Бұл әрекет субъектінің саналы түрде алдына қойған мақсатына жетуге бағытталуымен сипатталады. Осы әрекетті іске асыру барысында басқа адамдар мен заттар құралдар ретінде пайдаланылады;

2) құнды-ұғымды әрекет-белгілі бір абсолюттік құндылыққа (этикалық, эстетикалық, діни т.б.) саналы түрде же туге бағытталған әрекет;

3) эффектілі әрекет, ол субъектінің көңіл-күйі мен сезімінен туындайды;

4) дәстүрлі әрекет, бұл-әдет-дағдымен анықталатын әрекеттің түрі1).

Вебердің маңызды еңбегінің бірі бюрократиялық зерттеу болды. Бюрократия - капиталистік ұғымды іске асырушы. Бюрократия кең көлемдегі ұйым, онда қызметкерлер рангіге бөлінеді дейді. Мысалы, ірі өнеркәсіп фирмалары, үкіметтік ұйымдар т.б. Вебер бюрократияның дамуын капиталистік кезеңнің міндетті белгісі деген.

Қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттеуде М.Вебер таптарда болатын объективтік өзгешіліктерді мойындайды. Қоғамда материалдық жағдайымен ғана ерекшеленіп қана қоймай, басқа да, айталық: өмір стилі, мәдениеті, санасы т.б. белгілерімен ерекшеленетін әлеуметтік топтардың өмір сүретіні мәлім. Вебер статус пен тапты бір-бірінен алшақ, ешқандай қатысы жоқ, тәуелсіз етіп көрсетеді. Нәтижесінде таптар мәселесі, күресі екінші қатарға қойылған.

Вебер социологиялық ілімінің негізі - идеалдық тип. Идеалды тип қоғамдық күйдің бүкіл мәнін - өкімет билігінің жағдайы, тұлға аралық қарым-қатынас, жеке бас және топтық сана және т.б. сипаттайды. Осының арқасында олар өзіндік ерекше критерилерге айналады, соған сәйкес адамдардың рухани,

1) Вебер М. О некоторых категориях понимающей социологии. Избранные произведения. - М., 1990. – С. 499.

саяси және материалдық өміріне өзгерістер енгізу қажет болады. Идеалды тип қоғамда бармен толық сәйкес келе бермейді, кейде өмір шындығымен қарама-қайшылыққа да түседі, сондықтан мұнда қиялдың да белгілері орын алған.

Date: 2016-05-16; view: 1949; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию