Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мір сүру қауіпсіздігінің негіздері





 

Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау туралы заңы Қазақстан Республикасындағы еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және қызмет процесінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін белгілейді.

2007 жылдың маусымынан бастап негізгі міндетті қоғамдық келісім мен экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған, демократиялық, құқықтық және әлеуметтік механизмдердің одан әрі дамуына жағдай жасай алатын, еңбек қатынастарын құқықтық жағынан реттеудің үлгісі болып табылатын Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексі өз күшіне енді.

Еңбекті қорғау-құқықтық, әлеуметтік-кономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және өзге де іс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйе.

Еңбек қауіпсіздігі–еңбек қызмет процесінде қызметкерлерге зиянды және қауіпті әсерді болдырмайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген, қызметкердің қорғалу жай-күйі.

Еңбек гигиенасы–қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік ортаның және еңбек процесінің қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі санитарлық-гигиеналық шаралар мен құралдар кешені.

3-бап.Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты мен міндеттері

1. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарына тікелей байланысты өзге де қатынастарды еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға,еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтардың ең төмен кепілдіктерін белгілеуге бағытталған құқықтық реттеу болып табылады.

2. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының міндеттері еңбек қатынастары тараптары мүдделерінің теңгеріміне,экономикалық өсуге қол жеткізуге,өндіріс тиімділігі мен адамдардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған қажетті құқықтық жағдайлар жасау болып табылады.

339-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асыру тетігі:

1. Қызметкерлерінің саны 50-ден асатын өндірістік ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау үшін ішкі бақылауды жүзеге асыру мақсатында жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін құрады.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі өз мәртебесі бойынша негізгі өндірістік қызметтерге теңестіріледі.

2. Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы үлгілік ережені еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.

3. Қызметкерлердің саны 50-ге жетпейтін жұмыс беруші қызмет ерекшелігін ескере отырып,еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау жөніндегі мамандық лауазымын енгізеді де еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі міндетті басқа маманға жүктейді.


4.Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қызметтің немесе еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маманның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындау жөніндегі нұсқауларын ұйымның барлық қызметкерлері орындауға міндетті.

Өндіріс орындары ережеге сәйкес, ауыл шаруашылығына жарамсыз жерлерге салынады.

Өндіріс орындарын сумен қамтамасыз ету көздеріне жақын жерге, су алып кету қаупі бар жерлерге орналастыруға тиым салынады.

Түтін, улы газ, шаң, шу көзі болатын өндіріс орындарын таза аймаққа жел бағытына қарсы орналастырады және осы санитарлық-қорғау аймағын бөледі.

Зиянды заттар мен шулы жұмыс орындары осы ғимаратта орналасқан басқа жұмыс орындарынан алшақ болуы тиіс. 200м алыс емес жерде табиғи жарығы бар демалыс орнын орналастыру керек.

Сонымен қатар өндіріс орындарында шаңның болуы және олардан қорғау, алдын–алу жұмыстары жүргізіледі. Ондай шаңдар әртүрлі дақылдарды комбайндармен жинағанда, тұқымдарды тазалағанда, топырақты өңдегенде, мал азықтық шөптерді өңдегенде, мал азықтық шөптерді дайындағанда пайда болады.

Өндірістік улы заттар адам ағзасына тыныс алу жолдары арқылы, асқазан-ішек жолдары арқылы жасалады, тіпті сау теріден сіңіріледі.

Улы заттардың кішкене мөлшерінің ұзақ әсер етуі адамдарды сақталмалы улануға әкеп соқтырады.

Еңбек пен демалыс процестерінің дұрыс алмасып отыруы–жарақаттың алдын алатын маңызды мәселелердің бірі.

Адамның жұмысқа қабілеттілігі, сезімнің өткірлігі, яғни әр түрлі қауіпті және зиянды өндірістік факторларға әсер етуі–ұзақ, үзіліссіз еңбек процесіне байланысты. Егер адам баласы жұмыс күнінің ағымынан басқа бекітілген қолайлы мерзімнен көп үзіліссіз жұмыс істесе, онда физикалық шаршаумен қатар психологиялық шаршау да пайда болуы мүмкін. Шудың, дірілдің болуы психологиялық шаршауды тездетеді және адамдардың қате әрекеттерге бару қаупін туғызады, ізінше жарақат алу немесе апаттық жағдайлар тууына әкеліп соғады.

Құрал–жабдықтарды қолдануда, пайдалануда микроклиматтың ауытқуына байланысты, атмосфералық әрекеттердің әсерінен, микроорганизмдердің әсеріне қауіп төнбеуі қажет.


Өндірістік құрал–жабдықтар өрт және жарылғыш қауіптеріне қауіпсіз болуы керек. Қолданылатын жадығаттар зиянсыз және қауіпсіз болуы қажет. Егер жаңа жадығат әкелінген болса, олардың гигиеналық және өрт қауіпсіздігін тексеру орындары тексереді.

Жұмыс орнындағы қауіпсіздік ережелері. Бригада басына барған жіберген кезде, бір жер учаскісінен басқа жер участікке ауыстырған кезде немесе жұмыс істеу жағдайы ауысқан кезде, жұмысшы арнайы жұмыс орнындағы қауіпсіздік ережелерімен таныс болуы тиіс. Қауіпсіздік ережелерін белгілеген жер учаскісінде учсаток жетекшілері өткізеді. Жұмыс орнындағы қауіпсіздік ережелері кіріспе қауіпсіздік ережелерінің жалғасы болып келеді. Және ол келесі бөлімдерден тұрады:

· белгіленген учаскінің техникалық процестерімен танысу;

· жұмыс орнының дұрыс ұйымдасуын талап ету;

· электрқұрылғылармен абай болу;

· улы химикаттармен жұмыс істеген кезде қауіпсіздік ережелерін қатаң

сақтау.

Еңбекті қорғау–еңбек жағдайының адам өміріне, денсаулығына қауіпсіз болуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесі. Көбінесе әр түрлі оқас жағдайлар қауіпсіздік ережесін сақтамаудан және оны білмегендіктен болады. Сондықтан шаруашылықта жұмыс істеп жүрген жұмысшылар үшін қауіпсіздік ережесін білу міндетті. Трактор бригадасында қауіпсіздікке жауапты бригадир болып саналады. Ол барлық бригада мүшелеріне нұсқау беруі және қауіпсіздік ережесі бойынша олардың білімін тексеруі тиіс. Әрбір машинамен жұмыс жасау үшін қолданылатын ережелер:

-ауыл шаруашылық техникасымен тек жұмыс істеуге құқығы бар адам ғана жіберіледі;

-ауыл шаруашылық техникасы жөнделген күйде болуы тиіс. Бұзылған техникады жұмыс істеуге тиым салынады;

-қозғалу алдында тракторшы жанында және жол алдында адамның жоқ екендігіне көз жеткізуі тиіс. Сонымен қоса, трактордың ішінде өз орнында (отырғышта) отыруы керек және бір уақытта машинадан траторға трактордан машинаға орын ауыстыруына болмайды;


Агрегатқа қызмет көрсететін адамдар жабық киім киюі тиіс; Әйел адамдардың бас киімдері шашы көрінбейтіндей етіп байлануы тиіс, шаңды жағдайда жұмыс істелетін болса, адамдар әдейі арналған көзілдіріктер және тыныс алу мүшелерін сақтау үшін респираторлар киеді;

Техниканы жөндеу жұмыстары двигателі жұмыс істемеген кезде ғана жасалуы керек және майлау, реттеу жұмыстарын техника істеп тұрғанда орындауға болмайды;

Түн уақытында жұмыс істеу кезінде агрегаттардың жарық түсіру деңгейі жоғары дәрежеде болуы тиіс;

Жыртылған жерде, сабан көпенелерінде, жолдың шет жағалауында, техникалар жұмыс істеп жүрген жерде, машиналар жанында және астында дем алуға және ұйықтауға тиым салынады.

Топырақты өңдеу машиналарымен жұмыс істеу кезінде негізгі қуіпсіздік ережелері:

- машина немесе трактор тіркемесінде орналасуға, соқаны немесе культивторларды ауыстыру немесе тіркеу трактордың двигателі жұмыс істеп тұрғанда жасауға болмайды.

- тракторшы құрғақ, желді күндері жұмысты арнайы көзілдіріктермен атқаруы тиіс.

Отырғызу, егу және тыңайтқыштарды енгізу машиналарымен жұмыс жасағандағы негізгі қауіпсіздік ережелері:

- себу уақытында тұқым себуші баспалдақ тақтайында орналасуы тиіс. Трактор мен сепкіш арасында орналасуға тиым салынады.

- агрегаттың жұмысты бастауы алдында тұқым және тыңайтқыш жәшіктерінің бетін жабу керек. Сепкіш аппаратты қолмен немесе темір затпен тазалауға болмайды.

- сепкіш аппараттың тоқтап қалуы кезінде тез арада жұмыс істеуін тоқтатып, жөндеу керек.

- сепкіштерді тұқыммен толтыру кезінде жел жағына тұрмау және ас ішуге тиым салынады, өйткені құрғақ тәсілмен тұқымды дәрілеу улы шаң бөледі. Ал тамақ ішер алдында қолды дұрыстап жуу керек.

Тыңайтқыш енгізетін машиналармен жұмыс істеу кезінде келесі қауіпсіздік ережелерін сақтау керек:

Аммиакты гербицидті машиналармен жұмыс істеу кезінде теріге аммиакты судың тиіп қалған жағдайда тез арада жуып тастау үшін арнайы орналасқан ыдыста су болуы керек.

Тыңайтқышпен жұмыс жасауы кезінде жұмысшы арнай арналған көзілдірік, қолғап, сырт киім киюі тиіс.

Егінді жинау машиналарымен жұмыс істеу кезінде келесі қауіпсіздік ережелерін сақтау керек:

- жұмыс агрегатының жұмыс істеу сапасын, машиналардың жұмыс жасау жағдайын байқап алу керек.

- жұмыс мұшелерін абайлап тазалау керек.Өрттен сақтану үшін траторларды, машиналарды, комбайндарды өрт сөндіргіштермен, күрекпен, шелекпен қамтамасыздандыру керек.

Табиғат–адамзаттың материалдық және рухани қажетін қанағаттандыратын негізгі байлық көзі. Ал өсімдіктер–табиғаттың, еліміздің байлығы. Өсімдіксіз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес. Олай дейтін себебіміз, ол–тіршілікке қажетті органикалық зат пен оттегінің қайнар көзі, өсімдікте түзілген органикалық заттарды бүкіл тірі ағзалар пайдаланады.

Адам баласы саналы тіршілігінің алғашқы күндерінен бастап-ақ табиғаттың барлық байлығын өзіне қажетсініп жатыр. Әр түрлі қоғамдық сатыларда тіршілік әрекеттеріне сәйкес табиғат байлығын топтасып, қоғамдасып игере бастаған. Жерді өңдеп, өсімдік егуді, оны баптап-күтуді, керегінше мол өнім алуды, жаңа іріктемелер шығаруды меңгереді. Табиғатымызды аялай, қорғай білейік!

Ауылшаруашылық жұмысшылары табиғатты қорғауға міндетті, денсаулықтарын және жұмысқа белсенділігін сақтау керек. Бұлар акт заңдарының жүйесіне қосылған. Еңбек жұмысында әр түрлі әлеуметтік-экономикалық, техникалық, гигиеналық және емдеу-профилакториялық шаралары қолданады.

Өсімдіктің өсіп-дамуы үшін ауылшаруашылығында әр түрлі минералды тыңайтқыштар қолданылады. Сондай-ақ пестицидтерді және басқа химиялық заттарды қолданады. Бұлар жалпы өсімдік шаруашылығы практикасына енгізілген. Бірақ, бұл заттардың барлығы адамға зиянды.

Химиялық заттарды дұрыс қолданбау үлкен зиян әкеледі, шаруашылық жұмыскерлеріне, сондай-ақ жануарларға, өсімдіктерге және қоршаған ортаға қауіпті.

Химиялық заттарды қолданғанда табиғатты қорғау ережелерін сақтау керек. Жұмыс кезінде жеке қорғану керек, химиялық ерітіндінің мөлшерін бақылау және егістікті өңдеу. Химиялық өңдеуді су және ауыл-аймақтан тыс жерде жүргізу керек. Бұл уақытта атмосфераның әсерін бақылау: желдің бағытын, ылғалдылықты, климатты.

Химиялық заттармен жұмыс істер алдында құрал-жабдықтармен танысу керек. Жұмыс күнінің мөлшерін нақты анықтау керек. Механикалық жұмыс кезінде бүріккіштердің дұрыстығын тексеру керек. Химиялық және минералдық тыңайтқыштарды мемлекеттік стандарт бойынша бөлек жерлерде сақтайды, ауа желдеткіші болу керек. Тыңайтқышты тасымалдағанда суды, өнімдерді, адамды тасуға болмайды.

Транспортты қолданғаннан кейін тазалап жуу керек. Тұқымды қолмен дәрілеуге болмайды. Себер кезінде тығыз қақпақпен жабылған сепкіштер қолданылады. Табиғатты қорғағанда дұрыс тамақтануды, жеке гигиенаны таза ұстау, жеке қорғаныс шараларын қолдану. Техника мен құралдарды химиялық өңдеуден кейін тазалап жуу.

Еңбек қауіпсіздігі–бұл еңбек қызметі үдерісінде жұмысшының қауіпті және зиянды өндірістік факторларды шектейтін кешенді шаралармен қамтамасыз ететін, жұмысшылардың қорғалған жағдайы.

Еңбекті қорғау–бұл құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдік-профилактикалық, сауықтыру және басқа да шаралар мен құралдарды қосқандағы еңбек қызметі процесіндегі жұмысшының денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі.

Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді еңбек қызметі үдерісіндегі жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, технологиялық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық, физикалық және басқа да нормалар, ережелер, процедуралар мен критериилер бекітеді.

Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекіткен тәртібімен, сәйкес мемлекеттік өкілетті органмен жүзеге асырылады.

Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау бойынша нұсқаманы жасау және бекіту еңбек жөніндегі мемлекеттік өкілетті органның бекіткен тәртібімен жұмыс беруші арылы жүзеге асырылады.

Өндіріс нысандары мен өндіріс құралдарын жобалау, салу және пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі мен қорғау бойынша қойылатын талаптар:

Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау талаптарына жауап бермейтін өндіріс ғимараттарын, жобалау, салу және жөндеу, машина, механизм, жабдықтарды дайындауда құрастыру мен дайындау,технологияны жасау және пайдалануға жол берілмейді.

Жаңа немесе жөнделген өндіріс нысандары, өндіріс құралдары немесе басқа да өнім түрлері еңбек қауіпсіздігі мен қорғау талаптарына сай келмесе пайдалануға берілмейді.

Өндірістік нысандар еңбек жөніндегі мемлекеттік өкілетті органмен бекітілген тәртіп бойынша еңбек жағдайына байланысты міндетті мерзімді аттестациядан өтуі тиіс.

Өндіріске тиісті нысанды пайдалануға қабылдау мемлекеттік еңбек инспекторының міндетті қатысуымен қабылдау комиссиясында жасалады.

Жұмыс орындарының қауіпсіздік талаптары:

Жұмыс орындары орналасқан ғимараттар еңбек қауіпсіздігі мен қорғау талаптары мен олардың қызметтік міндетіне сәйкес орналастырылуы тиіс.

Жұмыс құрылғылары сол жабдық түріне бекітілген қауіпсіздік нормаларына сәйкес келуі керек, ескерту белгісі болуы қажет және жұмыс орнында жұмысшының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қорғаныс құрылғыларымен жабдықталған болуы тиіс.

Жұмысшылардың апаттан шығатын жолдары мен шығу есіктері кез келген уақытта ашық болуы керек және ашық ауаға немесе қауіпсіз аймаққа жеткізуі қажет.

Қауіпті аймақтар анық белгімен көрсетілуі қажет. Егер жұмыс орындар жұмысшыға қауіп төндіретін, құлайтын заттар орналасқан қауіпті аймақта болса, мұндай орындар бөгде адамдардың кіруіне кедергі келтіретіндей шектеулермен белгіленуі тиіс. Ұйым территориясы бойынша жаяу жүргіншілер мен технологиялық көлік құралдары қауіпсіз жағдайда болуы тиіс. Жұмысшылардың қауіпті өндіріс орындарында жұмыс істеу үшін жеке қорғаныс құралдары болуы керек, соның ішінде биікте, жерасты жағдайында, ашық кеңістікте, теңіз қайраңы мен ішкі су қоймаларында.

Жұмыс орны орналасқан жерде жұмыс уақытында температура, жасанды және табиғи жарықтығы, сонымен қатар кеңістіктің желдеуі еңбек қауіпсіздігіне сәйкес келуі тиіс. Жұмысшылар қауіпті еңбекке (шаң, газ және басқа да факторлар) тек қауіпсіз еңбек жағдайы жұмыс берушімен жасалғанда ғана кірісе алады.

 

Орытынды

Солтүстiк Қазақстанының жағдайында өткізілген зерттеуде келесі қорытындылар істелінді:

1. Егістік жерлерде (NPK)30 қолданған нұсқада ол ең жақсысы болып 98,4%, құрады, басқа нұсқаларға қарағанда 13,2-2,2% жоғары. Сақталу көрсеткішіне қарағанда 0,9-0,5% құрады және айтарлықтай айырмашылығы болған жоқ.

2. Ең жақсысы (NPK)30, қолданған нұсқасы болып табылады, ноғатықты жасыл мал азығына алғанда, бұршақбастың жүйелену биіктігі–90-120 см-ге дейін жетеді. Толық піскенде дәнің биіктігі 115,0 см–ге жетеді, бақылауға қарағанда 125,0 см биігірек.

3. Ең жақсысы (NPK)30 нұсқада қолданған көрсеткіште гулдену кезеңіңде жапырақтың үстіңгі аумағы 31,22 мың м2/га жетеді, бақылауға қарағанда 2,56 мың м2/га көбірек. Бұршақбас пайда болған кезеңінде жапырақтың үстіңгі аумағы 35,26 мың м2/га, тыңайтқышсыз қадағалауға қарағанда 5,06 мың м2/га көбірек, ал басқа нұсқаларда 4,14-2,1 мың м2/га.

4. Ең жоғарғы нәтижені (NPK)30 қолданған нұсқада бір өсімдікте бұршақбастың саны 13,5 дана құрады. Ең төменгі нұсқа бақылауында 10,3 дана болды, ол басқа нұсқаларға қарағанда 8,7-0,9 данаға аз. Ең жоғарғы нәтижені (NPK)30 қолданған нұсқада тұқымның өнімділігі 18,0 ц/га құрады, басқа нұсқаларға қарағанда 7,3–3,2 ц/га-ға жоғары.

5. Орташа зерттеу жылдарында жоғары өнімділікті (NPK)30, қолданған нұсқада 35,2ц/га құрады.

6. Зерттеу жылдарында мал азығының сапасын артыру үшін, және құрақ заттын өнімділігін ұлғайту үшін (NPK)30 қолданғанда жеткізуге болатының көрсетеді.

7. Зерттеуде ең жақсы экономикалық көрсеткішті (NPK)30 қолданған нұсқада өнімділік 35,2 ц/га, ал құрғақ заттың жоғарғы кірісі 12506 тенге/га және 90% тиімділікті көрсетті.

 







Date: 2016-05-14; view: 1029; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.021 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию