Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ноғатықтың өнімділігіне минералдық тыңайтқыштардың әсері





Ноғатықтың егістік тәжірибие өткізген жылдары ауа райы жағдайлары әр түрлі: қанағатты, мол дымқылды, құрғақшылықты болды. Ноғатықты зерттеу жылдары ауа–райы жағдайына байланысты өнiмдiлiгi әр түрлi болды (кесте 10, сурет 7).

Кесте 10–2013-2015 жж орташа минералдық тыңайтқыштардың ноғатықтың тұқым өнімділігі мен құрылымына әсері

 

Тәжірбие нұсқасы Өсімдіктегі бұршақбастың саны, дана Бұршақбастағы тұқым саны, дана Тұқым өнімділігі, ц/га
  Тыңайтқышсыз бақылау 4,8 4,1 10,7
  N30 10,3 4,9 14,8
  P30 5,9 4,2 11,7
  K30 5,7 4,2 11,7
  (NPK)30 13,5 5,4 18,0

 

Зерттеу барысында ноғатықтың өнiмiнiң қалыптасуына минералдық тыңайтқыштардың оң әсерiн тигізетіндігі анықталған. 10-шы кестені қорытындылай келе өсiмдiктердiң қоректенуiне негiзгi элементтердің толық (NPK)30 қолданылуы тұқым өнімділігі жоғары нәтижені 18,0 ц/га құрады. Ноғатықтың өнiмдiлігiне қолданыстағы заттардың аз мөлшерде 30 кг/га азотты тыңайтқышын қолдануда үлкен әсерін тигізеді. Ноғатық тұқымының өнімділігі бұршақбасының санына және соның ішіндегі тұқым санына байланысты. Сондықтан біздің зерттеуімізде бұршақбас пен тұқымның санын анықтадық. Бір өсімдіктегі бұршақбастың ең жоғарғы санын (NPK)30 қолданылынған нұсқасында 13,5 дананы құрады. Одан кейінгісі N30 нұсқа бақылауда 10,3, ал басқа нұсқаларда 8,7-0,9 дана төмен құрады. Сонымен қатар, тұқымның өнімділігі (NPK)30 қолданылынған нұсқада 18,0 ц/га ең жоғары көрсеткіш және басқа нұсқалардан 7,3-3,2ц/га жоғары көрсеткішті құрады.

  Сурет 7 – 2013-2015 жж орташа минералдық тыңайтқыштардың ноғатықтың тұқым өнімділігі мен құрылымына әсері

Ноғатық дақылы–ылғалға қатаң талапты; ылғалдың жеткіліксіздігінен өсуі баяулайды және өнімділігі күрт төмендейді. Әсіресе гүлдену кезеңінде ылғалға қажеттілігі жоғарылайды. В.Р. Вильямса атындағы БҒЗИ-ның мәліметінше, ноғатықтың вегетациялық кезеңінде 150 мм-ден аз жауын–шашын жауған жылдары өнімділігі төмендетіледі. Ноғатық өсімдігі жылуға аса талаптылығы жоқ. Мал азығына өсіру жағдайында белсенді температура 900°С құрайды, ал тұқым алуға өсіргенде 1300-1900°С температура қажет.

Зерттеу жылдары метеорологиялық жағдайлары әр түрлі болуы, ноғатықтың өнімділігінде көрінді. 2015 жылы агрометеорологиялық жағдайы тұрақсыз және ауаның орташа тәулiктiк температурасы және жауын–шашын мөлшері едәуір ерекшеленген. 2015 жылы вегетациялық кезеңінде жауын–шашын мөлшері 99,6 мм, ал норма бойынша 185 мм құрады. Сонымен ноғатық ылғалға талапты, ал 2013 жылы құрғақшылық болғандықтан барлық нұсқаларда ең төменгі көрсеткіштерді құрады (кесте 11, сурет 8). Осылардың ішінен өнімділігі ең жоғары (NPK)30 қолданылынған нұсқада 34,5 ц/га, бақылаудан 9,9 ц/га жоғары көрсетілген.


Вегетациялық кезеңі бойынша үш жылды алып қарастырсақ, 2014 жылы ылғалмен қамтамасыздандырылған және мамырдан тамыз аралығындағы жауын–шашын мөлшері 278,2мм құрады.

Басқа зерттеу жылдарымен салыстырғанда барлық нұсқаларда 2014 жылы жоғары өнімділік көрсетілген.

 

Кесте 11–Зерттеу жылдарындағы минералдық тыңайтқыштарды қолдануда ноғатық құрғақ затының өнімділігіне әсері, ц/га

 

Тәжірибе нұсқасы 2013ж. 2014ж. 2015ж. Орташа
  Тыңайтқышсыз бақылау   24,6 26,7 25,7 25,6
  N30 29,5 32,8 31,9 31,4
  P30 26,7 28,5 27,2 27,4
  K30 26,4 28,3 27,2 27,3
  (NPK)30 34,5 36,0 35,2 35,2

 

(NPK)30 нұсқасында құрғақ масса 36,0 ц/га жетті, басқа нұсқалардан 9,3-3,2ц/га жоғары. 2015 жылы P30 және K30 нұсқаларында бір түрдегі тыңайтқыштарды қолданғанда құрғақ массаның өнімділігі 27,2 ц/га бірдей алынды.

Қорыта келгенде, орташа зерттеу жылдары жоғары өнімділік (NPK)30 қолданылынған нұсқада 35,2ц/га құрады.

Ноғатықтың азықтық сапасы мен қоректілік құндылығына минералдық тыңайтқыштар оң әсерін тигізеді.

 

 

 

Сурет 8–Зерттеу жылдарындағы минералдық тыңайтқыштарды қолдануда ноғатық құрғақ затының өнімділігіне әсері, ц/га.

 

Тыңайтқышсыз бақылаумен салыстырсақ мал азықтық бірлігі, протеин және энергия алмасуы минералдық тыңайтқыштарды енгізгенде жоғарылайды (кесте 12, сурет 9). Нұсқалар арасында мал азықтық бірлігімен қамтамасыздандыруда айырмалық жоқ. Мал азықтық бірлігінің ең жоғарғы көрсеткіші (NPK)30 нұсқасында.

 

Кесте 12–2013-2015 жж орташа минералдық тыңайтқыштардың ноғатықтың өнімділігіне әсері

Тәжірибе нұсқасы Мал азықтық бірлігі, кг Шикі протеин,% Энергия алмасуы, МДж
  Тыңайтқышсыз бақылау 0,87 21,04 9,38
  N30 0,95 22,97 9,78
  P30 0,92 21,99 9,68
  K30 0,92 21,50 9,54
  (NPK)30 0,94 23,85 10,49

12-кестеде және 9 суретте шикі протеиннің саны аса жоғары (NPK)30 нұсқасында 23,85% және басқа нұсқалардан 2,81-0,88% жоғары болды. Энергия алмасудың нәтижесі ұқсас, (NPK)30 қолданылынған нұсқада энергия алмасу 10,49МДж және басқа нұсқалардан 1,11-0,71МДж жоғары құрады.


Қорыта келгенде, өткiзiлген зерттеулер бойынша (NPK)30 негізгі қоректік элементтерін толық қолдануда, құрғақ масса мен тұқымның өнімділігіне және азықтық сапасы мен қоректік құндылығын жақсартады.

 

 

Сурет 9–2013-2015 жж орташа минералдық тыңайтқыштардың ноғатықтың өнімділігіне әсері








Date: 2016-05-14; view: 657; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.009 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию