Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Зерттеу әдістемесі, негізгі есептеулер мен бақылаулар





 

Зерттеу объектісі Агробиологиялық станциясында 2013-2015 жылдары ноғатықтың ерте пісетін Степная сортына мөлтектерде минералдық тыңайтқыштарды қолдану тәжірибиесі қойылды (сурет 3). Степная сортының вегетациялық кезеңі 68-72 күн. 1000 дәннің массасы 46-60 г, ақуыз құрамы 31,8%. Дәннің орташа өнімділігі–25-28 ц/га, пiшен 37-40 ц/га. Жылдың метеорологиялық қолайсыз жағдайларының өзінде сорттың дәндері өсімтал келеді. Оның негізгі шаруашылық бағалы қасиеттеріне жақсы өнімділігі және жоғары мал азықтық қасиетіне жасыл масса, жем-шөп, тұқымы мен сабаны, оның әр кезде және әр түрлі қолдануға және бұршақты аралас егуге қолдануға және ауыспалы егісте оңтайлы нәтижеге қол жеткізуге болады. Оның қысқа вегетациялық кезеңінде шабындық және аңыздық егістерде өндіруге болады.

 

Сурет 3–Ноғатықтың ерте пісетін Степная сорты

Агротехникалық ерекшеліктері.Алғы дақылы–бидай. Оны жинағаннан кейін 20-22 см тереңдікте сүдігер жырту жүргізілді. Ал көктемде топырақтың пісу бойынша сүдігер тырмалау өткізілді. Дақылды егу алдында агрегатты тырмаларымен қопсытылды. Егу мерзімі 22 мамырда, СЗТ-3,6 тұқым сепкішімен 5-6 см тереңдікте себіледі. Ноғатықтың ерте пісетін Степная сортының себу мөлшері-3,5 млн.дана/га егуге дейін және одан кейін де топырақты шығыршықты таптауышпен тығыздау қажет. Тәжірибие бес рет қайталанып егілді.

Мал азықтық БҒЗИ әдістеме келісімімен барлық санақ пен бақылау жүргізілді.

Зерттеу міндеттерін анықтау үшін тәжірибие мөлтектерде жүргізілді. Оларға: зерттеулер танаптық және зертханалық тәжірибелер арқылы жүргізілді.

Ноғатық дақылының егіс танабында қолданылған минералдық тыңайтқыштар әсерін анықтап, зерттеу барысында агротехникалық әдістерді қолдану үшін дақылдың биологиясынан жақсы хабардар болуы керек.

Мөлтектік тәжірибие 2013-2015 жылдары Агробиологиялық станцияның кәдімгі қара топырағында жүргізілді, зертханалық тәжірибелер «СҚМжӨҒЗИ» ЖШС-де жүргізілді. Бағдарлама бойынша 5 мөлтектік тәжірибие жүргізу көзделген.

Тәжірибиедегі мөлдекте 5 қайталаныммен кезек-кезек орналастырылды. Бір мөлдектің жалпы ауданы 120-150м2, ал есептегі алаңы 64 м2 . Жыл сайын тұқым себер алдында әр нұсқа бойынша сепкішті тиісті мөлшерде дән себу мөлшеріне қойылып отырды.

Гүлдену кезеңінде жапырақтардың ұзындығы мен енін өлшеу арқылы жапырақ бетінің ауданы ең жақсы нәтижеде анықталды.

Өсімдіктердің тәжірибиедегі өсу кезеңіне байланысты метеофакторлар жағдайы талданды және ол үшін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша метеодеректер пайдаланылды.

Метрлік топырақ қабатының тұқым себу алдындағы және егін жинағаннан кейінгі ылғалдылығы мен пайдалы ылғал (әр 10см сайын) қоры стандарт әдісімен анықталды; қолданыстағы әдістемелер бойынша ноғатықтың өсуі мен дамуының негізгі кезеңдері бойынша өсімдіктің жер бетіндегі бөлігінің өсу динамикасы анықталды; бұршақ өнімін жинау және есепке алу әр мөлтектегі дақылдың пісу ретіне қарай жүргізіліп, лезде өлшенді; бұршақ жинаумен қатар әр нұсқадан тұқым үлгілері іріктеліп алынып, кейіннен талдау жасалды; стандарттық ылғалдылығына (14%) және 100% физикалық тазалығына астық өнімі қайта есептелді.

Есептеулерден алынған нәтижелер Б.А.Доспеховтың (1985) бытыраңқы жіктеу әдісімен өңделді.

Телімнің жалпы ауданы 64м2. Қолданыстағы заттектiң 30 кг/га бойынша тыңайтқыштар топырақты тырмалау кезінде енгізілді. Тәжiрибенiң сұлбасы төменде көрсетілген.

 

Тәжiрибе сызбасы

 

Дақыл: Зерттеу нұсқалары:
    Ноғатық Тыңайтқышсыз бақылау
  Аммиак селитрасы (N30)
  Түйіршіктелген суперфосфат (P30)
  Калий тұзы (K30)
  Барлық элементтердің қосындысы (NPK30)






Date: 2016-05-14; view: 759; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию