Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ноғатықтың өсуі мен дамуына минералдық тыңайтқыштардың әсері
Ноғатықтың ұсақ тұқымдары өсуінің бастапқы фазасында минералдық элементтермен қоректенуге жоғары талапты және тұқымдар қатарына бірге минералдық тыңайтқыштары енгізу өте қажет. Минералдық тыңайтқыштар егістік жерде шығуына азын-аулақ әсер еттi (кесте 7, сурет 4). Кесте 7–2013-2015 жж орташа минералдық тыңайтқыштардың ноғатықтың егістік жерде шығуына әсері, %
7-ші кестеде (NPK)30 қолданылынған нұсқа өте жақсы нәтижені көрсетті, өйткенi егістік жерде шығуы 13,2-2,2% басқа нұсқаларға қарағанда жоғары болды. Ноғатық калийге жақсы сезiнедi, сондықтан осы тыңайтқышты қолданған нұсқада жақсы нәтиже көрсетті, егістік жерде шығуы 96,2% құрады, ал бақылаудан 11,0%-ке жоғары көрсеттi. Бақылау нұсқасының сақталу көрсеткiштерiнің айырмашылығы 19,6% құрады, ал нұсқалар арасындағы айырмашылық шамалы 2,1-3,3%-ды құрады.
Сурет 4–2013-2015 жж орташа минералдық тыңайтқыштардың ноғатықтың егістік жерде шығуына әсері
Ноғатықты өндіру ауданының нақты климаттық ерекшелiктерiне сай, өсу вегетациясының ұзақтығы жоғары өнімділікті алу мәніне ие болды. Қысқа аязсыз жағдайда жыныс мүшелерінің қалыптасып, бұтаның жүйеленуінің бейімделуіне үлкен мән береді. Ноғатықтың толық өскіні орташа үш жылда 12-15 күнде себілгеннен кейін пайда болды, биыл көктемгi мерзiмде бұл жылы құрғақшылық ауа райы және маусымның басындағы жауын–шашын өсу фазасының өтуін үдетті. Осыдан кейін бұтақтану фазасы, 40-45 күндерден соң бүрлену мен гүлдену фазасы басталды. Шiлденiң аяғында ноғатықта бұршаққаптарының қалыптасуы байқалады, ал 10-15 күндерден кейiн бұршақтың балауызданып пiсуi. Ноғатықтың толық пiскендiгiн бiрiншi және екiншi қыркүйектiң онкүндiгiн басында не аяғынд байқалады. Өсу кезеңнiң ұзақтығында минералдық тыңайтқыштарды қолданғанда нұсқалардың арасында айырмашылық болмады. Өсiмдiктердiң өсу серпiнін зерделеу үшiн ноғатықтың сабақтарының биiктiгi, бұтақтануы және тұқымның толық жетiлуiне дейiн анықтадық (кесте 8, сурет 5).
Кесте 8–2013-2015 жж минералдық тыңайтқыштарды қолдануда ноғатықтың әр түрлі кезеңіндегі өсу биіктігі,см
Бұтақтану фазасының басында (NPK)30 нұсқасында өсімдік биіктігі 12,0 см-ге жетеді, бақылаудан 6,0 см-ге жоғары. Басқа нұсқаларда өсімдіктердің биіктігі 8,0-10,0 см-ді құрайды, бақылау нұсқасынан 2,0-4,0 см жоғары. Ноғатық ең биiктiгi жүйеленген, жаппай гүлденуден толық пiсуге дейiн қалыптасады. Ең жоғарғы нәтиже көрсеткiш бойынша (NPK)30 қолданылынған нұсқада, жаппай гүлдену фазасында биiктiгі 95,0 см-ге дейiн, бақылауға қарағанда 25,0 см жоғары. К30 қолданылынған нұсқада да биіктігі 90,0 см жақсы нәтижені көрсетті. P30 және N30 нұсқаларында өсімдіктің биіктігі 82,0-86,0 см көрсеткіштерге жетті, бақылаудан 12,0-16,0см жоғары, бірақ 12,0-16,0 см (NPK)30 төмен. Барлық нұсқалардың көрсеткіштері аналогиялық бұршақтың толық пiскендiгiне дейiн байқалады. Бұршаққаптың қалыптасу фазасында өсімдік биіктігі (NPK)30 қолданылынған нұсқада 115,0 см жетеді, бақылаудан 35,0 см жоғары. Сонымен өсімдік биіктігі (NPK)30 қолданылынған нұсқада толық пісуінде 125,0 см жетеді.
Сурет 5–2013-2015 жж минералдық тыңайтқыштарды қолдануда ноғатықтың әр түрлі кезеңіндегі өсу биіктігі.
Толығырақ айтсақ, жапырақтың ассимиляциялық беткі аумағы өсiмдiктің өнiмдiлiгіне фотосинтетикалық белсендi егiндердiң негізгі жағдайларын сипаттайтын көрсеткiшi болып табылады. Бұл өсiмдiктерде биiктiкті өлшеу айырмашылығы, потенциалдық өнiмдiлікті сипаттайды және егiстiк тәжiрибиелерде әдетте бір өсімдіктің жапырақ ауданының жиынтығына немесе олардың жалпы ауданның үстіңгі бірлігімен теңеседi. Жапырақ бетiн қалыптастырудың динамикасын талдауда, ноғатықтың жапырағының ең үлкен ауданы бұршаққап қалыптасқан фазасында жинағанда–30,20-35,26 мың м2/га көрсетті (кесте 9, сурет 6).
Кесте 9–2013-2015 жж ноғатық өсімдіктерінің жапырақ беттiнің динамикасының қалыптасуына минералдық тыңайтқыштардың әсері, мың м2/га
9-кестеде және 6-суретте көрсетілгендей жапырақ беттiң ауданы гүлдену фазасында төмен, ал бұршаққаптың қалыптасқан фазада жинағанда орташа 1,54-4,04 мың м2/га көрсетті. Жапырақ бетінің қалыптасу серпiнiне минералдық тыңайтқыштар әсерін тигізді. (NPK)30 қолданылынған нұсқада гүлдену фазасында жапырақ беттiң ауданы ең жоғарғы 31,22 мың м2/га, ал бақылаудан 2,56 мың м2/га артық нәтижеге жетті. Ал бұршаққаптың қалыптасу фазасында жапырақ бетінің ауданы 35,26 мың м2/га, бақылаудан 5,06 мың м2/га артық, ал басқа нұсқалармен 4,14-2,1 мың м2/га.
Date: 2016-05-14; view: 669; Нарушение авторских прав |