Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Шаруашылық орналасқан жер және оның сипаттамасы
Өндірістік тәжірибені өту орны мен СҚМУ агробиологиялық станцияда зерттеу жұмыстарын өткізу орны Петропавл қаласынан 8 шақырым жерде орналасқан және ол 1959 жылы құрылған. Осы уақыттан бері бүгінгі күнге дейін агробиологиялық станцияда Солтүстік Қазақстан облысы аграрлық секторында оқу процесінің сапалығын көтеру және жоғары білікті мамандарды дайындау мақсатында өсімдік шаруашылығы, ботаника, өсімдік физиологиясы, көкөніс шаруашылығы, жеміс-жидек шаруашылығынан оқу тәжірибелері өтеді. Агробиологиялық станция үлескілерінің сипаттамасы. №1 үлескі–аумағы 0,51 га–жеміс-жидек дақылдары отырғызылған. Оқу мақсаты–студенттерде «Жеміс-жидек шаруашылығы» пәнінен теориялық білімдерді бекіту. Оқу тәжірибесі уақытында студенттер өсіретін дақылдардың көбеюін, отырғызуын, сақтауын, және де жүзеге асыруын үйренеді. № 2 үлескі–аумағы 0,68 га–коллекциялық-тәжірибелік үлескісінде «Көкөніс шаруашылығы» пәнінен оқу-тәжірибелік сабақтар өтеді және де өсімдік физиологиясынан, экологиядан зерттеулер өткізу үшін, зерттеу жұмысының әдісі үшін және ауылшаруашылық мамандарын дайындау үшін қажетті басқа пәндерден зерттеу жұмыстары өтеді. № 3 үлескі–дендрарий аумағы 0,33 га. № 4 үлескі–аумағы 0,14 га–қызыл қарақат, қарлыған, шие отырғызылған. №5 үлескі–тәжірибелік бөлім. Жалпы аумағы 0,54 га құрайды, студенттермен ғылыми зерттеулер жүргізуге, диплом жазатын студенттердің ғылыми тәжірибе жұмыстарына, «ХХІ ғасыр агрономы» үйірме жұмыстарына, магистрлік жұмыстарды жасауға арналған (Кесте 3).
Кесте 3–Себілетін аудан құрылымы
Кесте 3-те АБС-те оқу және өндірістік тәжірибелерді өткізуге арналған, ауылшаруашылық дақылдарын өсіруде жеміс-жидек дақылдар үлескілері, коллекциялық-тәжірибелік үлескілері, дендрарийлер, қызыл қарақат, қарлыған, шие отырғызылған үлескілері, тәжірибелік бөлімдері және картоптың өндірістік отырғызылуы көрсетілген. АБС–бұл оқу және өндірістік тәжірибелерді өткізуге арналған, теориялық білімдерді бекітеді, озық тәжірибелермен, ауылшаруашылық техникаларымен танысады. Ол үшін агробиостанцияда келесі техникалар бар (кесте 4): 1. Қопсытқыш сыдыра жыртқыш КПС-4 2. Тракторлы картоп қазғыш 3. 4 қатарлы жартылай ілінгіш картоп отырғызғыш 4. Қопсытқаш КРН-4,2 5. Соқа ПЛН-4-35 6. Ранецті бүріккіш 7. Дискті тырма БДТ-2
Кесте 4 - 2015 жылға техникамен қамтамасыз етілуі
Кесте 4 көрсеткіштері бойынша агробиологиялық станцияда негізгі ауылшаруашылық жұмыстар жасау үшін техникалар жеткілікті екеніне көз жетті. Тек қана ескі техника емес, сонымен қатар жаңа техникалары бар.
Date: 2016-05-14; view: 786; Нарушение авторских прав |