Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ноғатықтың морфобиологиялық және биологиялық ерекшеліктері
Ноғатық (Lathyrus) бұршақ тұқымдасына жатады. Кіндік тамырлы, 0,8-1,0 м кейбір жылдары 2 м тереңдікке дейін өседі. Сабағы жіңішке, төртқырлы жылтыр немесе түкті. Орташа биіктігі 50-60 см, қолайлы өсіру жылдары 100-150 см-ге жетеді. Жапырағы қосқатарлы күрделі, ұшы ұзынша келген мұртты болады, жапырағы 4-8 жұп қосқатарлы. Жапырақтануы 45-60% дейін жетеді, және кепкен кезінде түсіп қалуға бейім келеді. Жапырағының қолтығында қысқа сабақты екі гүлі орналасқан. Гүл шоғырында жалғыз немесе 2-3 гүл орналасқан, ұзындығы 17-20 мм және гүлдері жапырақ қойнындағы қысқа гүлсабағына бекіген. Күлте жапырақтың түсі әр түрлі: көкшіл–қарақошқыл, қызғылт, ақ болып келеді. Гүлденуі төменнен басталады да бірте–бірте жоғары қарай жүреді. Екінші күні гүлденуі аяқталады [19]. (сурет 1).
Жемісі көптұқымды (4-8 дана) бұршақ, тік немесе майысқан болады (сурет 2). Тұқымы домалақ немесе ептеп қабырғасынан қысылып жапырылған және де түстері ақшыл сары, сұрғылттау, қоңыр, қаралау болып кездеседі. Бұршағында дөңгелек келген 7-9 тұқымы болады, 1000 тұқымның массасы 50-70 г. Ноғатық–өздігінен тозаңданатын өсімдік. Гүлденуі–маусым-шілде айларында, ал жеміс беруі–шілде-тамыз айларында байқалады [3]. (Қосымша Б.1). Биологиялық ерекшеліктері. Ноғатық –суыққа төзімді өсімдік. Жылуға аз талап етеді, 5-7°C суыққа дейін шыдайды. Тұқымы +1-2°С жылылықта өне бастайды, қысқа мерзімде 4-6°С бозқырауды жеңіл көтереді, бірақ ерте күзгі 2-4°С бозқыраудан гүлдену және дәндену кезеңдерінде өсімдік солып қалады. Вегетациялық органдарын қалыптастыруға қолайлы температура +14-18°С, тұқымының пісуі кезеңінде 16-20°С. Ноғатық жылуды қажет етпейді. Ол солтүстік аймақтарда да өсіп мол өнім береді. Мал азығына өсіруге оған 900°С шамасында белсенді температура жеткілікті. Тұқым алу үшін кемінде 1200-1600°С белсенді температура қажет. Ноғатықтың тұқымы +1-2°С жылулықта өсе бастайды, қысқа мерзімде 4-6°С бозқырауды жеңіл көтереді, бірақ ерте күзгі 2-4°С бозқыраудан гүлдену және дәндену кезеңдерінде өсімдік солып қалады. Бірақ жақсы өскін алу үшін топырақтың тұқым сіңірген қабатының жылуы +20-25°С болуы керек. Вегетативтік органдарын қалыптастыруға қолайлы температура +14-18°С, тұқымның пісуі кезеңінде 16-20°С [10]. Ноғатық ылғал сүйгіш өсімдік. Әсіресе, оған шанақтанған–гүлденген кезеңдерінде көп ылғал керек. Оның транспирациялық коэффициенті 400-500 тең, осы көрсеткішімен ол асбұршаққа жақын. Ноғатық ұзақ күннің дақылы. Жарық жетіспеген аймақтарда оның өсуі баяулайды да сабағының биіктігі төмендеп, тұқым салуы нашарлайды. Ноғатықтың өнімі өсіп–жетілу кезеңінде жауын–шашын 150 мм-ден төмен болған жылдары айтарлықтай кемиді, ал мамыр–шілде айларында кем дегенде 170-200 мм жауын–шашын түскен жылдары ноғатық көк балауса мен тұқымның мол өнімін береді, сондықтан дақылды республиканың орманды дала аймағында немесе суармалы жерлерде ғана өсіруге болады. Транспирациялық коэффициенті 400-500, осы көрсеткішімен ол асбұршаққа жақын. Ноғатықтың өнімі өсіп–жетілу кезеңінде жауын–шашын 150 мм-ден төмен болған жылдары айтарлықтай кемиді, ал мамыр–шілде айларында кем дегенде 170-200 мм жауыш–шашын түскен жылдары ноғатық көк балауса мен тұқымның мол өнімін береді, сондықтан дақылды республиканың орманды дала аймағында немесе суармалы жерлерде ғана жерлерде өсіруге болады және де әр түрлi топырақтарында жақсы өнiмдерiн бередi–қара топырақтар, талшыл, саздақ, сазды жақсы болады, бiрақ тұздалған, шалшықты және қышқыл топырақтарын шығармайды. Бiр түрдегi ноғатық егiндердегi өнiмдiгiне 150-250 ц/га жетедi, араластыр–250-400 ц/га-ға дейiн. Құнарлылығы аз топырақ топырақтарға орналастыруда фосфорлы және калий тыңайтқыштарын енгізеді. Ноғатықтың тұқымдары жақсы түсуi өсуіне талап етедi, оларды жеңiл топырақтарына кемiнде 4-5-тен тереңдiкте, 7-10 күндерден кейiн көктеулері көрiнiп қалады. Ылғалға қатаң талапты салыстырғанда қыстайтын дәндi дақылдармен қысқа шыдамдылық төменде қатаң талапты. Сулар бәрiнен артық вегетативтi массаның уақытында қарқынды өсiп келе жатуы және жемiстердiң түсiнiң фазасында қылғиды. Ноғатық егiс негiзiн тыңайтқыштар жақсы енгізу [11].
Date: 2016-05-14; view: 1157; Нарушение авторских прав |