Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кесте. Екілік санау жүйесінен он алтылық санау жүйесіне ауыстыру кестесі





Микропроцессордың типтерін анықтаңыз. Жедел жадының жұмысын түсіндіріңіз.

 

Компьютердің қосымша құрылғыларын сипаттаңыз. Принтер және монитормен жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз. 1946 жылы американ математигі Джон Фон Нейман ЭЕМ-нің жұмыс атқару принципі мен құрылғыларын толық көрсеткен ғалым.

ДК –дің құрамына кіретін жабдықтарды қажетіне қарай өзгертіп отырады. Оның құрамына кіретін құрылғыларды компьютердің конфигурациясы деп атайды. Негізгі конфигурация ретінде төрт құрылғы кіреді.

1.Жүйелік блок

2.Монитор

3.Перне тақтасы

4.Тышқан

Дербес компьютердің қосымша құрылғылары

• Шығару құрылғысы

• Мәліметтерді алмасу құрылғысы

• Енгізу құрылғылары

 

Принтер (баспа құрылғысы) мәтіндік және графикалық мәліметтерді компьютердің жедел жадынан қағазға басып шығаруға арналған.

Принтердің бірнеше түрі: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік, сублимационалдық, жарық диодты (LED) принтерлер бар.

Матрицалық принтер (Матричный принтер; matrix printer) - барлық бейнелерді нүктелерден тұргызатын шертпелі принтер. Баспа тиегіндегі бір немесе екі қатарда орналасқан инелер бояуыш таспа арқылы қагазды шерте отырып, символдарды немесе суреттерді басып шығарады. Тиектегі инелер саны 9, 11, 18. Мұнда басқа бірнеше инеден құралған матрицаның баспа торабында енгізудің көмегімен жасалған. Қағаз валының көмегімен принтерге енеді. Қағазбен баспа торабының арасында бояушы лента орналасқан. Ине лента­ны соққан сайын қағазда нүктелер пайда болады. баспа торабында орна­ласқан инелерді электромагнит басқарады. Баспа торабы горизонталь бойынша ауысып, қадамды двигательмен басқарылады. Баспа торабының қатар бойынша жылжуы кезінде, қағазда нүктеден құралған символдық таңбалары пайда болады. Принтердің жадысында жеке әріптердің белгі­ленуінің т.б. кодтары сақталады. Бұл кодтар белгілі бір символды басу үшін қай инені қай уақытта іске асыру керектігін анықтайды.

Сия бүріккіш принтер. Ең бірінші бүріккіш принтер Hewlett Packard фирмасы шығарды. Қызмет принципі марицалық принтерге ұқсас болып келеді, бірақ иненің орнына каппилярлы шашыратқыш және сия резервуары орналасқан. Орташа енгізілген саны 16-дан 64-ке дейін, бірақ шашыратқыш саны қара сия үшін 300-ге дейінгі үлгілер бар, ал түрлі-түсті де 416-ға дейін. Баспа торабына енгізілген резервуар конструктивті жеке құралдарды көрсетеді (картридж), оны ауыстыру өте жеңіл. Қазіргі көптеген бүріккіш принтерлер картридждерді ақ-қара және түрлі-түсті баспа үшін қолдануға мүмкіндік берілген.

Сия бүріккіш принтерлерде бүрку арқылы шығарылады. Бірақ олар қалыңырақ қағазды және тұрақты түрде қадағалап қарап тұруды керек етеді. Сия бүріккіш принтер матрицалық принтерден, құрылысы және басушы бастиек мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Ол суреттi құру үшiн қағазға арнайы сия түтiктерін қолданады, адам шашынан әлдеқайда жұқа түтiктер, сұйық сиясы бар қоймаға орнатылған. Бұл микробөлікшелер ретiнде сия материалға түтiкпен тасымалданады. Түтіктің саны неғұрлым көбiрек болса баспа сапасы соғұрлым жоғары. Барлық түтіктер баспада қолданылмайды. Егер кейбiр жұмыс түтiктерi бітелсе, принтер олардың орнына басқа түтікті қосып, үнемi жақсы жылдамдық пен баспа сапасын қамтамасыз етеді.


Принтердегi сияны сақтаудың екi түрі бар.

· Принтердiң бастиегі негізгі құрылғы болып табылады. Сия бітсе, онда бастиекті де ауыстыруға тура келеді.

· Сияны сақтау үшiн жеке ауысымды қойманы қолданады, ол капилляр жүйесі арқылы принтер бастиегін сиямен қамтамасыз етеді.

Сияға талап қарама-қайшы, суреттің сапасы қағаздың түріне де тәуелдi болады.

Лазерлі принтер. Қазіргі лазерлі принтерлер баспаны жоғары сапаға жеткізуге мүмкіндігі бар. Сапасы фотографикалыққа жақын. Көптеген лазерлі принтерлерде көшірім аппараттардағы сияқты баспа механизмі қолданылады. Негізгі торабы суретті қағазға түсіретін өзгермелі барабан болып табылады. Барабан жартылай өткізгіштердің қабатымен қапталған металды цилиндр. Барабанның жоғарғы жағы разрядпен зарядталады. Барабанға бағытталған лазердің сәулесі түсу нүктесіндегі электростатикалық разрядты өлшейді және барабанның жоғарғы жағындағы бейнелердің электростатикалық көшірмесін құрайды. Осыдан кейін барабанға боялатын порошоктың қабаты себіледі (тонер). Тонердің кейбір бөлігі электрлі зарядталған нүк­телерге ғана тартылады. Парақ лоток арқылы ішіне кіреді және оған электрлі заряд беріледі. Барабанға қойғаннан кейін, парақ өзіне барабаннан тонердің бір бөлігін тартады. Тонерді белгілеу үшін парақ қайтадан зарядталып 180 градусқа дейін жылытылған вал арқылы өтеді. Соңында барабан разрядталып тонерден тазаланып жаңадан қолданылады. Түрлі-түсті баспа кезінде сурет механизм арқылы парақтың 4 жолымен түрлі-түсті тонердің араластыруы құрылады. Әр жолда қағазға белгілі бір мөлшерде бір түсті тонер себіледі. Түрлі-түсті лазерлі принтер тонерге арналып резервуары бар оперативті есте сақтауы, процессоры, қатты дискісі бар күрделі электронды құрал болып табылады.

Жарықдиодты принтерлер. Бұл Okidata фирмасының лазерлік принтерлерге балама түрінде жасаған принтерлері. Лазерлік принтерден айырмашылығы жарық сезгіш барабанды нейтралдау үшін лазер сәулесінің орнына жарық диодтарын қолданған. Баспа сапасы лазерлік принтерлерден кем емес.

 

Жүйелік және қолданбалы программалармен жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз. Қазіргі кезде түрлі типті компьютерлерге арнап дайындалған программалар жеткілікті. Олар негізінен мынадай кластарға бөлінеді:


- жүйелік программалар

- қолданбалы программалар.

Қолданбалы программалар – белгілі бір мамандық саласында берілген нақты есептерді шығара алатын әмбебап программалар жиынтығы (мәтіндік редакторлар, электрондық кесте, программалау тілдерінің программалары т.с.с.)

Жүйелік программалардың түрлері:

- операциялық жүйелер (ОЖ)

- утилиттер

сервистік программалар.

Операциялық жүйе (ОЖ) ДК-дегі кез келген программалық жабдықтардың ажырамас екінші бір бөлігі болып саналады. Әрбір адамға ЭЕМ-нің барлық құрылғыларын басқару мүмкіншілігін беретін, сол себепті басқа программаларды аппаратурамен байланыс жасаудан босататын, компьютерде жұмыс істегісі келетін әрбір адамға өте қажет операциялық жүйенің алатын орны ерекше болып есептеледі.

ОЖ-ң негізгі атқаратын қызметі:

1. барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмысын, оларды бір-бірімен және аппараттық жаюдықтармен байланыстыра отырып, қамтамасыз ету;

2. әрбір адамға ЭЕМ-ді жалпы басқару мүмкіншілігін беру.

Сонымен, ОЖ – адам мен ЭЕМ аппараттарының арасындағы байланысты ұйымдастыратын программа немесе біріктірілген программалар тобы.

Утилиттер – программалау ортасында белгілі бірн қызмет атқаруға пайдаланатын қосымша программалар. Мұндай программалар берілгендер қорын басқарушы жүйелерде, түрлі программалау тілдерінде жиі кездеседі. Мәліметтерді қысатын (архивтейтін), компьютерді вирусқа тексеретін, мүмкін болса, оларды жоятын программалар да утилиттер болып табылады.

Сервистік программалар – адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы.

Жүйелік программалар мен қолданбалы программалар бірігіп, компьютерді прогграммалық қамтамасыз ету не жабдықтау программалары деп аталады.

ОЖ-ң мынадай түрлері бар: MS DOS, CDOS, UNIX және де соңғы кезде кеңінен қолданыла бастаған көп терезелі операциялық жүйе – WINDOWS программасы. Операциялық жүйе компьютерде орналасқан барлық жүйелерді және программаларды басқару үшін керек. Ол компьютер мен адам арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.Компьютермен жұмыс істеуде MS DOS ОЖ-ң көптеген кемшіліктері болды:

- әр жолы жүйемен тек бір есепті шешу ғана мүмкін;


- күрделі программалармен жұмыс істеу мүмкін емес;

командалар тек пернетақтадан енгізіліп отырады және т.б.

Microsoft Windows-тың нұсқаларын, мүмкіндіктерін, кемшіліктерін, компьютерге қойылатын талаптарын түсіндіріңіз.1985 жылы Micrososft фирмасы алғашқы рет MS DOS қуатынан жүздеген есе артық Windows 1.0 жүйелік программаны, ал одан кейінгі жылдары оның кеңейтілген түрлі нұсқаларын дайындап шықты: 3.0, 3.1 және т.б. Windows операциялық жүйесі мынадай мәселелердің орындалуын қамтамасыз етеді:

- компьютердің барлық ақпараттық құрал-жабдықтарын басқару;

- файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;

- қолданбалы программаларды іске қосу;

- бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін;

- әртүрлі программалар арасында мәліметтер алмасуды;

- мультимедия мүмкіндіктерін пайдалануды және т.б.

Windows операциялық жүйесі автоматты түрде жүктеледі.

 

Windows-та жанама мәзірмен жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз. Microsoft Windows-та бума және жарлықтармен жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз. Microsoft Windows-тың негізгі ұғымдарын түсіндіріңіз: файлдық жүйе, бума, белгі, құжат, шебер, файлдың толық атауы. Windowsобъектілері:

Терезе

Терезе – Windows жүйесіндегі ең негізгі ұғым болып табылады. Терезе – экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы, онда әртүрлі программалар орындалады, кез келген мәліметтер түзетіліп, өңделеді және басқару әрекеттері жүргізіледі. Терезелер негізгі, сұхбаттық және мәліметтік болып үш түрге бөлінеді. Windows терезесі экранды жартылай, толығымен алуы немесе белгілі бір бөлігін ғана қамтуы мүмкін. Экран бетінде бір мезетте бірнеше терезе орналаса береді.

Жұмыс столы

Жұмыс столы – екінші негізгі түсінік болып табылады. Windows ортасында жұмыс столының рөлін дисплей экраны орындайды. Онда жұмыс істейтін программалардың терезелері, құжаттардың жеке файлдары шартбелгілер түрінде орналасқан. Іске қосу (Пуск) батырмасы жұмыс столының төменгі қатарындағы панельге орналастырылып қойылады. Бұл қатарды Есептер панелі (Панель задач) деп атайды. Есептер тақтасының негізгі қызметі – программалар арасында мәлімет алмасу. Іске қосу (Пуск) – Windows-ң бас мәзірін экранға шығару батырмасы. ол үшін батырманы бір рет шерту жеткілікіті немесе пернетақтадан Ctrl+Esc пернелерен басу қажет. Оның құрамындағы жеке мәзірлер: Программалар (Программы) - Windows-ң негізгі мәзірі, мұнда қосымша программаларды жүктеуге арналған мәзірлер тізімі экранға шағарылады; Құжаттар (Документы) – пайдаланушы жұмыс істеген соңғы 15 файлдың тізімі шығады; Бапқа келтіру (Настройка) – компьютердің аппараттық құрамын және программалық жабдықталуын өзгертуге арналған командалара тізімі орналасқан; Іздеу (Поиск) – дискіден қажетті мәліметті табуға мүмкіндік береді; Анықтамалық (Справка) – Windows жайлы мәлімет; Орындау... (Выполнить...) – компьютердегі программаны не құжатты іске қосу үшін сұралатын терезені ашады; Жұмысты аяқтау... (Завершение работы...) – компьютерді сөндіруге даярлайтын терезені ашады.

Шартбелгілер, жарлықтар, бумалар

Шартбелгі – бұл экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияны, файлды т.б. бейнелеп тұруы мүмкін. Экранда мынадай шартбелгілер кездеседі:

- қосымша программалар шартбелгісі

- белгілі бір топтар шартбелгісі

- функциялар шартбелгісі.

Жарлық – бұл белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл. Мысалы, жарлық арқылы каталогтың, желідегі дискінің ішіндегісін көрсетуге болады, тез арада басқа каталогта орналасқан программаларды іске қосуға, файлды да жылдам ашуға болады және т.б.

Бума – экранда каталогтарды және программалық топтарды белгілеу үшін қолданылады. Мұның мағынасы мынада: каталог пен программалар тобы белгілі бір объектілерді орналастыруда қолданылатын контейнер болып табылады.

Мәлімет алмастыру буфері

Өзінің жұмыс істеуі кезінде Windows жүйесі программалр мен құжаттар арасында мәлімет алмастыру үшін компьютер жедел жадтың арнаулы бөлігін алмасу буфері ретінде пайдаланады. Буфер әртүрлі программалар мен құжаттар арасында мәліметтерді тасымалдап, олардың фрагменттерін бір-біріне ауыстырып отыру үшін қолданылады. Тасымалданатын мәлімет ретінде текст үлгілері, сурет, кесте және т.б. объектілер алынуы мүмкін.

 

My computer және Explorer сілтеуішпен (Проводник) жұмыс істеу принциптерін түсіндіріңіз.

 

 

Microsoft Windows-тың стандартты қосымшаларымен жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз: WordPad, Paint, Блокнот, Калькулятор.







Date: 2016-05-14; view: 1303; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.014 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию