Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жұмыс. Тұқымдардың аурулармен залалдануын анықтау





Ауылшаруашылық дақылдарының ауруларының түр құрамын, залалдану дәрежесін, аурулар пайда болу формаларын білу үшін тұқымның залалдануы МСТ 12044-81 тәсілімен анықталады.

Микроскоптық тәсіл - тұқымдағы қаракүйе түйірлерін және дорбаларын, т.б. саңырауқұлақтарды ажырату үшін көзбен немесе лупаның көмегімен қарайды. Оларды тұқым тазалығын анықтағанда қоспалар қатарына қосады.

Осындай тәсілмен картоп түйнегінің де ауруларын анықтайды.

Егер тұқымның сыртқы саңырауқұлақ жіпшелерімен залалданса, центрифугирование қолданылады.

Талдауға үшінші орташа үлгі пайдаланылады, одан 100-ден екі сынау алынады.

Сынауға алынған тұқым 10 мл суы бар пробиркаға салынып, 1 минут бойы араластырады, одан кейін суды таза пробиркаға қайта құйып минутына 50 және одан жоғары айналыммен 3 минут бойы айналдырады, яғни саңырауқұлақ жіпшелері ыдыстың түбіне тұнғанға інейін. Жуылған суды төгеді де, тұңбадан 5 препарат (5 тамшы) микроскоппен карап саңырауқұлақтыңтүрін анықтауға даярлайды.

Ауру қоздырғыштардың қатары, тазалықты анықтауда қоспа есебіне қосылатындар

Бидай,кара бидай, арпа, сұлы, біржылдык және көгокылдық қоңырбас түқымдас шөптер Қаракүйе дорбашықтары және олардың бөліктері Массасына пайызбен
Беде, жоңышқа Беде ісігінің склероций Байқалды немесе жоқ
Кұнбағыс, майкене Тифули склероций, ақ және сүр шіріктер склероций Байқалды немесе байқалмады

 

 

Биологиялық тәсіл залалданған тұқымдағы саңырауқұлақпен бактериялардың өсіп-дамуын жеделдетуге негізделген. Тәсілдің бірнеше түрлері бар, соның ішінде кең тарағаны ылғалды камера. Оны зығыр мен майбұршақтың залалданған тұқымдарын байқау үшін пайдаланады.

Зығырдың 100 тұқымын (4 қайталым) ылғалды дәкеге немесе сорғыш қағазға салады, оны алдын ала Петри немесе Кох ыдыстарында 130°С кептіргіш шкафта 1 сағат бойы залалсыздандырады. Тұқымды термостатта 8 күн бойы 23-36 С өсіреді. Содан кейін, өнген және өнбеген тұқымдарды қарайды және жіпшенің сыртқы түріне және кондициясына микроскоп арқылы қарап қоздырғыш түрін анықтайды. Егер бір тұқымда бірнеше ауру болса, оның ішіндегі ең зияндысын белгілейді. Жұмыста залалсыздану жағдайын сақтайды. Майбұршақ тұқымдарын фузариоз және бактериоз ауруларын байқау үшін дымқылданған қыздырылған кварц құмында 9 күн 22-28 С температурада ұстайды.

Ішкі инфекцияны анықтау үшін тұқымды өсірер алдында спиртпен және марганец қышқылды, натрий гипохлоридпен және басқа дезинфекция етуші заттармен дәрілейді.

Аурулардың көптеген қоздырғыштары тұқымды қоректік ортаға сепкен кезде байқалады. Мысалы, картоп агары, Чапектің сахароза - нитрат ортасы және тағы басқалар. Агар қоректік ортада микроорганизмдер дамып, залалданған тұқымнан субстратқа айналады да жақсы байқалатын топқа айналады. Топтасқан тұқымдардан, аурулардың пайыз мөлшерін анықтайды. Қоздырғыштар түрлерін микроскоп арқылы бояуы арқылы анықтайды.

Сонымен қатар, анатомиялық, люминесценттік, серологиялық тұқымның залалдануын анықтайтын тәсілдер бар, Тұқымның залалдануын өскіні арқылы өсу үшін талдағанда, кейбір кезде егістікте анықтайды.

Картоп түйнегіндегі ауруды анықтау МСТ 11856-66 бойынша жүргізіледі. 10 тонна картоп партиясынан 200 түйнек алынады, оларды әр жерден кем дегенде 10 орыннан алады. Үлкен массалы партиядан әрбір 10 тоннадан қосымша 50 түйнек алынады. Аурулардын сыртқы белгілері бойынша, әрбір түйнек ауруының сипатына қарай анықтайды. Сырғалы шірікті, темірлі дақты және басқа ауруларды анықтау үшін 100 түйнекті бөліп көреді. Әрбір аурулардың белгілерінің сипаттамалары фитопатология оқулықтарында берілген.








Date: 2016-06-09; view: 716; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию