Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Зертханалық жұмыс № 9





Жұмыстың тақырыбы. Топырақтың жабысқақтығын анықтау әдісі

Жұмыстың мақсаты. Топырақтың жабысқақтығын анықтап, топырақ өңдеу құралдарының, машиналардың жұмысшы бөліктері және доңғалақтары топырақтың жабысу қабілетін зерттеу әдістерімен танысу.

Қысқаша түсінік. Жабыскақтық дегеніміз — топырақтың оған жанасатын заттарға: топырақ өңдейтін құралдар мен машиналардың жұмысшы бөліктері және доңғалақтарына жабысу қабілеті. Ол топырақ бөлшектерінің арасындағы ілінісу күші, топырақ пен оған жанасатын заттардың арасындағы ілінісу күшінен аз болғанда байқалады. Топырақтың ауылшаруашылық құралдарының жұмысшы бөліктеріне жабысуы көбіне айтарлықтай кедергі туғызатыны сондай, бұл кезде жұмыс істеуге көп энергия жұмсалады.

Жабысқақтық топыраққа жабысқан дискінің немесе пластинаның одан ажырауы үшін 1 см2 - ге жұмсайтын грамм күшімен өлшенеді.

Мұндағы:

г - жабысқақтық, кПа;

Р - топырақтан ажырауға жұмсалған күш;

S - дискінің ауданы, см2.

Топырақтың жабысқақтығы оның гранулометрлік, химиялық және минералогиялық құрамына, құрылымы мен ылғалдылығына байланысты. Гранулометрлік құрамы мен жеңіл немесе құрылымды сазды топыраққа қарағанда, сазды және құрылымсыз топырақ күштірек жабысады. Ылғалдылық белгілі шекке дейін артқан сайын жабысқақтық күшейе береді, одан кейін — кемиді, өйткені, топырақ бөлшектері арасындағы ілінісу күші бұзылады. Құрылымды топырақта, мысалы, қара топырақта жабысқақтық жалпы ылғалдылықтың 60 - 80 %-ы шегінде байқала бастайды. Құрылымсыз топырақ едәуір темен ылғалдылықта жабысады.

Н.А. Качинский топырақтық капиллярлық ылғалдау жағдайында, аса жабысқақ (> 1,5), күшті жабысқақ (1,5 - 0,5), орташа жабысқақ (0,5 - 0,2), әлсіз жабысқақ (0,2 - 0,05), үгілгіш (< 0,05) топырақ деп жіктеді (кестеде).

Егіншілік және топырақ зерттеулерінде көбіне Н.А.Качинский құрастырған аспап пайдаланылады.

Н.А.Качинский бойынша топырақ жабысқақтығының жіктелуі

 

Топырақ жабысқақтығы, г/см2 (топырақ массасының дискі ауданына қатынасы) Топырақ жабысқақтығының түрі
> 1,5 Аса жабысқақ
1,5-0,5 Күшті жабысқақ
0,5 - 0,2 Орташа жабысқақ
0,2 - 0,05 Әлсіз жабыскақ
<0,05 Үгілгіш топырақ

Топырақ үлгісін торлы түбіне сүзгі қағаз тілімі салынған қалыпқа қояды. Дала жағдайында ол үшін құрылысы бұзылмаған топырақ үлгісін алады. Монолит алу кезінде қалыпты топырақтың үстіне қойып, қолмен басу арқылы немесе арнайы сүмбімен ішіне топырақ толғанша батырады. Осыдан кейін оны пышақпен айналдыра кесіп, біраз топырақ қорымен қоса шығарып алады. Топырақтың артық молшерін өткір пышақпен қалыптың жиегін бойлай қырып тастайды.

Жұмыс барысы.

Құрылысы бұзылған топырақтың жабысқақтығын анықтауда қалыпты тесіктерінің диаметрі 1-3 мм елекпен иленген үлгіні салады.

Топырақ үлгісі бар қалыпты жалпы ылғал сыйымдылыққа жеткенше қанығуы үшін су ваннасына қояды да, одан соң аспаптың плитасының дискі жағына ауыстырады. Дискіні таразы иініне іліп, оны табақшамен теңестіреді. Аспалы стерженьді ұзарта немесе қысқарта отырып, дискіні топырақпен толық жанастырады. Дискінің үстіне гир салады. Арретир салып, салмақты 30 сек. ұстап тұрады. Дискі топыраққа жабысады.


Стерженьді қолмен ұстап тұрып, салмақты алып тастайды. Таразының сол жақ басындағы стаканға құмсалғыштағы құмнан дискі топырақтан ажырағанша жіңішке ағынмен таза кварц құмын төгеді, құмды өлшейді.

Қалыпты жылжытып, дискіні сүрткен соң жаңа орынды анықтайды. Бір орында бес анықтау жүргізіледі. Оның ортаңғы шамасы түпкілікті нәтиже болып есептеледі. Құм массасын диск ауданына қатынасы бойынша топырақтың г/см2 -мен көрсетілген

жабысқақтығын есептеп шығарады. Жабысқақтықты анықтағаң соң топырақ үлгісін бетінен ылғалдылықты анықтауға үлгі алады.

Біраз уақыт өткен соң осы үлгімен топырақ дискіге жабысуың тоқтағанға дейін негізінде ылғалдылығына қарай топырақтың жабысу динамикасының кестесі мен графигін жасайды. Ординатор осі бойына г/см2-мен (кПа) көрсетілген жабысқақтықты, абцисса осі бойына - салыстырмалы ылғалдылықты түсіреді.

 

 







Date: 2016-06-09; view: 860; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию