Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Зертханалық жұмыс №12
Жұмыстың тақырыбы. Тұқымның өнгіштігін және өну энергиясы Жұмыстың мақсаты. Тұқымның өнгіштігін және өну энергиясын анықтау Жалпы түсінік Өнгіштік және өну энергиясы — талдауға алынған тұқымдар ішіндегі дұрыс өскен тұқымдардың пайыздық мөлшері.Тұқымды өсіру қолайлы жағдайда стандарт талаптарына сәйкес жүргізіледі, негізгі егістік дақылдар өнгіштілігі 7 тәулікте, ал қоңырбас тұқымдас шөптер, күріш, қант қызылшасы -10 тәулікте анықталады. Өну энергиясы тұқымның тез және жаппай өнуін сипаттайды, сондықтан оны өнгіштікпен бірге анықтайды. Бірақ дұрыс өнген тұқым санын 3 тәуліктен кейін есептейді. Жұмыс барысы: 1. Негізгі дақылдар тұқымынан өсіру үшін 100 данадан 4 рет санап алу керек; 2. Өсірілетін орын (керамикалық ыдыс немесе құм) даярлау керек, оған тұқымды сеуіп немесе орналастырып, содан кейін термостатқа қояды. Ыдысқа толтырылған тұқымға этикетка салынады. 3. Өну энергиясын есептеуде, үш тәуліктен кейін дұрыс өнген және шіріген тұқымдарды алып тастап есептеу керек, ал өнбеген тұқымдарды әрі қарай өсуге қалдыру қажет. 4. Өнгіштікті есептегенде (7-10 тәулік) барлық өнген немесе өнбеген тұқымдарды топқа бөліп есептеу керек, яғни дұрыс өнген, дұрыс өнбеген, бөрткен бірақ өнбеген, қатты (бұршақ тұқымдастар) және шірігендер; әрбір топтағы тұқымдар санын жеке есептеу. 5. Әрбір ыдыстағы өнген тұқымдарды есептеу; өнген және өну энергиясының орташа пайызын есептеу, жұмыс дәптерін толтыру. 6. Шөптер қоспасы тұқымдарының өнгіштігін анықтау ерекшелерін түсіндіру. Негізгі дақылдардың тұқымдарын мұқият араластырып, таңдамай қолмен немесе пневматикалық есептегіштер - арқылы 4 рет жүзден (елуден) дана тұқым санау. • Өсіру орны болып 60 % НВ ылғалданған кварцтың құм немесе керамикалық ыдыс үстіне сорғыш қағаз салынған болып есептелінеді. Ыдыс үстіне этикетка қойылады, онда үлгі нөмірі, өнгіштікті және өну энергиясын есептейтін күндер жазылады. • Өсіру мерзімі және температура. Көптеген егістік дақылдарының тұқымдарын тұрақты температура 20°С өсіреді (бидай, қара бидай, арпа), ал жылу сүйгіш дақылдар (жүгері, тары, қонақ жүгері, күріш) ауыспалы 20-30°. Соңғы жағдайда тұқымды 6 сағат бойы 30°С ұстаса, ал содан кейін - 20°С ұстайды. • Дұрыс өнген тұқымды екі рет есептейді: бірінші рет - өну энергиясын анықтайды, ал екінші - өнгіштігін. Әрбір қайталымнан жеке дұрыс дамыған өркендерді және шіріген (оларды алып тастайды); ал өнгіштікті есептегенде — барлық өнген және өнбеген тұқымдар, оларды төмендегідей топтарға бөледі: дұрыс өнген және нашар өнген, бөрткен және шіріген. Бұршақ тұқымдас шөптерден қатты тұқымдарды бөледі. • Дұрыс өнгендерге, тамыршасы, тұкымжарнағының асты және үсті, бүйрекшелері жақсы дамығандар. • Нашар өнгендерге, тамырлары жоқ және т.б. • Өнгіш тұқымдарды есептеу үшін, дұрыс өнген тұқымдарды қайталымдар бойынша қосып, қайталымдар санына бөліп, орташа санын және пайызын шығарады. Тұқымның өнгіштігін және пайызының дұрыстығын кестедегі дәлдік шегі арқылы белгілеуге болады. Егер бір үлгінің тұқым өнгіштігі көрсеткішінің және орташа арифметикалық көрсеткіштің өзара айырмасы дәлдік шегінен артық болса, анықталған тұқым үлгісінің өнгіштігін қалған үш үлгінің ортақ арифметикалық көрсеткіш шығарады. Ал екі және одан да көп үлгінің көрсеткіші ауытқу мөлшерінен артық болса, тұқым өнгіштігін анықтауды қайта жүргізеді.
Кесте Тұқым өнгіштігін анықтаудағы дәлдік шегі
Мысалы: Талданған үлгінің өнгіштігі 92,0, 88,0, 96,0 және 98,0 % болса, орташа арифметикалық көрсеткіші — 94,0 % болады. Бұл көрсеткіштің кестеде көрсетілген дәлдік шегі *7-ге тең. Осы мысалдағы үлгілердің тұқым өнгіштігі көрсеткіштерінің және орташа арифметикалық көрсеткіштің өзара айырмасы дәлдік шегінен артық емес (94-92=+2, 94-88=+6, 94-96=-2, 94-98=-4), демек анықталған тұқым үлгісінің өнгіштігі 94,0%. Date: 2016-06-09; view: 950; Нарушение авторских прав |