Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жұмыс . Тұқым мөлдірлігін анықтау





Тұқымның мөлдірлігі деп дәннің белгілі бір консистенциясын айтады, ол дәннің сынығында жақсы анықталады. Қамырлы дән сынығы күңгірт не кәдімгі бордың беті тәріздес, ал мөлдір дән сынығы жылтыр не мөлдір болып келеді. Қамырлы дән жарық өткізбейді, жарық кезінде қара, ал мөлдір дән жарық өткізгіш.

Консистенциясына қарай дәндер мөлдір, жартылай мөлдір және қамырлы болып келеді.

Мөлдір дәндерге - эндоспермі тығыз, дән сынығы жылтыр, қамырлығы 25 пайыздан артық емес дәндер; қамырлыларға -эндоспермі қамырлы ұн тәріздес, жылтырлығы 25 пайыздан артық емес дәндер, ал жартылай мөлдір дәндерге осы консистенциялы дәндерге жатпайтындар кіреді.

Тұқым мөлдірлігін анықтау 100 данадан тұратын екі үлгіден диафоноскоп не форинотом көмегімен жүргізіледі. Диафоноскопта дәндер жарық көзі өтетін күңгірт әйнек бетінде анықталады, ал форинотомда 50 ұясы бар арнаулы пышақпен бөлінген жарты дәнді тігінен қойып жарық көзін өткізу арқылы анықталады.

Анықталған үлгілерді мөлдірлігіне байланысты 5 топқа бөледі:

1 топ - түгелдей мөлдір 4/4

2 топ – төрттің үш бөлігі мөлдір 3/4

3 топ — жартылай мөлдір 2/4

4 топ – төрттің бір бөлігі мөлдір 1/4

5 топ — түгелдей қамырлы 0/4

Осы топтарға іріктеп бөлгеннен кейін, әр топтағы дәндерді мөлдірлігі толық дән санына келтіріп, үлгінің ортақ мөлдірлігін анықтайды.

Егер ортақ мөлдірлік: 70%-дан артық болса - үлгі жоғары мөлдірлі;

40-70% шамасында болса - орташа мөлдірлі;

40%-дан кем болса – төмен мөлдірлі болып есептеледі.

Мөлдірлік түрлік және сорттық белгі болып табылады. Ол қоршаған ортаның әсерінен өзгеруі мүмкін; ылғалдылык мол болса - дән қамырлы, ал аз болса - мөлдір болып өзгереді.

Зертханалық жұмыс № 15

Жұмыстың тақырыбы. Тұқымның ылғалдылығы

Жұмыстың мақсаты Тұқым ылғалдылығын анықтау

Ысқаша түсінік

Тұкым ылғалдылығы - сақтау мүмкіндігін анықтайтын тұқым сапасының басты көрсеткіштерінің бірі. Жоғары ылғалдылықтағы тұқымның тыныс алуы күшейеді, температурасы жоғарылайды, соның салдарынан тұқым өздігінен қызады да, өнгіштігін жоғалтады.

Ылғалдылық деп тұқымдағы пайызбен көрсетілген су мөлшерін айтады.

Тұқым ылғалдылығын шыны ыдысқа салынған екінші орташа үлгіден лабораторияға түскен мерзімнен екі тәуліктен кешіктірмей анықтау керек.

Негізгі әдіспен тұқым ылғалдылығын анықтағанда кептіргіш шкафтар пайдаланылады, бөлінген өлшеуіштерді белгіленген температура режимінде (МСТ 12041-82) кептіреді. Жалпылама талдауда тұқым ылғалдылығын электрлі ылғал өлшеуіш аппараты көмегімен анықтайды. Даулы жағдайда тұқым ылғалдылығын тек қана негізгі әдіспен анықтау қажет.

Ылғалдылыкты анықтаудың стандартпен бекітілген әдісі құрғату әдісі болып табылады.

Ол үшін салмағы дәнді астық, дәнді бұршақ және ірі дәнді дақылдар үшін 20г болатындай үлгі алады. Бұл үлгіні екінші орташа үлгіні энтомологиялық анализ жасау үшін елеуішке салар кезінде, төгілген дәндерден қалақшамен бас кезінде, ортасында және соңында алады. Астық және дәнді бұршақ дақылдардың тұқымдарын диірменде ұнтақтап барып, ал шөптердің және майлы дақылдардың тұқымдарын бүтіндей құрғатады.


Алынған үлгінің әр жерінен, алдын ала өлшенген бюксқа 5 г өлшем алады, астық және дәнді бұршақ дақылдарын 150°С температурада 20 минут, шөптерді және ұсақ тұқымды дақылдарды 130°С температурада 40 минут, ал майлы және техникалық дақылдарды 105 С температурада 6 сағат арнаулы кептіргіш шкафта ұстайды.

Белгіленген уақыт өткеннен кейін бюкстарды шкафтан алып, салқындату үшін 15-20 минут эксикаторда ұстап, дәлдігін 0,01 г бөлшегіне дейін туралап өлшейді.

Тұқым ылғалдылығы кептіруге дейінгі және одан кейінгі салмақтың айырмасын 100-ге көбейтіп, тұқымның құрғақ ауалы салмағына бөліп барып анықталады.

X=(M1-M2)xl00 М1

Мұндағы X - тұқымның ылғалдылығы, М1 - үлгінің кептіргенге дейінгі салмағы, г; М2 - үлгінің кептіргеннен кейінгі салмағы, г.

Ылғалдылығы жоғары (20%- тен көп) дәнді астық және дәнді бұршақ дақылдары тұқымдарының ылғалдылығын алдын ала кептіріп барып анықтайды.

Ол үшін алғашқы орташа үлгіден 20 г үлгі алып диаметрі 8-10 см таяз ыдысқа салып кептіргіш шкафта 120°С температурада 15 минут кептіріп, суығаннан кейін өлшеп, үлгіні ұнтақтап кәдімгі әдіс бойынша анықтауды жалғастырады.

Ылғалдылықты мына формула бойынша табады:

Х=100-(Бхб),%

Мұнда: Б— 20 грамдық үлгінің кептіргеннен кейінгі салмағы, г; б - 5 грамдық үлгінің кептіргеннен кейінгі салмағы, г.

Егер үлгілердің өзара ауытқуы 2%-ға тең аспаса, анализ орындалған деп есептеледі. Ал одан көп болса анализді қайта жүргізеді.







Date: 2016-06-09; view: 1265; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию