Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бақылау сұрақтары





1. Топырақ тығыздығы дегеніміз не?

2. Топырақ фазасының тығыздығын қалай атайды?

3. Жұмысты орындау барысындағы қорытындыны дәптерге жаз.

4. Топырақтың су өткізгіштігі дегеніміз не?

5. Қандай топырақтар суды жақсы өткізеді?

6. Топырақтың су өткізгіштігін лабораторияда қалай анықтайды?

7. Сүзілу коэфицентін қандай өрнекпен есептейді?

Зертханалық жұмыс №3

Жұмыстың тақырыбы. Топырақты анализге дайындау.

Жұмыстың мақсаты. Топырақтың механикалық құрамын анықтап, анализге дайындау

Керекті құрал-жабдықтар. Топырақ тын әр түрлі түсті түрлері, әртүрлі механикалық құрамды топырақтар,2-елеуіш 4 комплект, 4- фарфор табақшалары, штапельдер.

Жұмыс барысы. Топырақты анализге дайындау. Лабораторияға әкелінген топырақтың үлгісі тез арада кептіріліп, құрғақ жағдайға келтірілуі керек. Топырақты дымқыл күйде сақтауға болмайды, себебі топырақтағы микробиологиялық процестердің әсерінен топырақтың қасиеттері өзгереді.

Кептірілген топырақтың үлгісін диагональ бойынша төрт бөлікке бөледі. Қарама-қарсы екі бөлігін үгітуге алады, ал қалған екі бөлігін үгітілмеген күйде сақтайды. Топырақты келіге салып үгітіп 1 мм елшеуіштен өткізеді. Үгіту мен елеуді елеуіште 1 мм үлкен қатты тасты бөліктер (топырақ скелеті) қалғанша жүргізіледі.

Егер скелеті көп болса, оны елеуіштің колонкасынан (10,7,5,3,2,1, мм) өткізіп фракцияға бөледі де, әрбір фракцияны өлшеу арқылы құрғақ топырақтағы проценттік мөлшерін есептейді.

Элементарлық бөлшектер группаларға немесе фракцияларға біріктіріледі: 3 мм-ден үлкен бөлшектерді: тастар - 3-1; қиыршық тастар - 1 -9; 5- ірі құмдар; 0,5-0,25 - орташа құмдар; 0,25-0,5 -ұсақ құмдар; 0,05-0,01 - ірі шаң; 0,0001 - 0,0005 - ірі тұнба; 0,0005-0,0001 - ұсақ тұнба; 0,0001-ден кішісі коллоидтар (тозаң).

Топырақтың тастылығы (элементарлық бөлімшесі 3 мм үлкен) шкала бойынша анықталады: 0,55 тастар мен қиыршық тастардан кіші бөлшектер- тасты-тасты емес, 0,5-5 уақ тасты; 5-10% орта тасты; 10%-тен үлкен - тасты.

Бақылау сұрақтары.

1.Топырақ анализге қалай дайындалады?

2. Алынған нәтижелерді қалай есептейді?

3. Топырақтың механикалық құрамын далалық әдіспен анықтау жолдары

4.Алынған механикалық фракциялар қалай есептеледі?

Зертханалық жұмыс №4

Жұмыстың тақырыбы. Топырақтың органикалық заттары.

Жұмытың мақсаты. Топырақтың органикалық заттарын анықтау.

Керекті құрал-жабдықтар. Топырақ кептіруге арналған шкаф, әр түрлі өлшемдігі бар техникалық таразы, алюминді стакандар, эксикатор, қақпақты гигельдер және газды жағушы от немесе спиртовка.

Қысқаша түсінік. Топырақтағы органикалық заттар оның физикалық қасиеттеріне тікелей әсер етеді. Топырақтың қуыстылығын, борпылдақтығын арттырады, ауа алмастырғыш қасиеттерін, су жұтқыштығын жақсартады, жылу қасиеттерін реттейді. Топырақтың органикалық заттары топырақ жәндіктері үшін қоректік зат болып табылады, сондықтан топырақта неғұрлым қарашірік көп болса, соғұрлым жәндіктері көп болады да, микробиологиялық топырақтағы құнарлылықты анықтайтын процестер жақсы және тез жүреді. Топырақта қарашіріктің болуы, оның кұнарлығын көрсететін көрсеткіштердің бірі болып табылады.


Жұмыс барысы. Алдын ала кебу топырақты дайындау: алюминді стаканды өлшеп (0,01 г дәлдікпен) оған 10 г топырақ салады. Тигельді қақпағымен алдын ала қыздырып жандырады, өлшеп оған 5 гр кебу топырақ салады. Содан соң тигельді қақпақпен жауып еңкейтіп қояды. Алдымен отты тигельдің шетіне, содан соң ортасына апарып 8-10 минуттай қыздырады. Топырақ үлгісін осылай қыздырады. 10-12 минуттай уақыт өткеннен кейін тигельді тура қояды да қақпағын сәл ашып (ауа кіру үшін) желдетеді.

Органикалық зат жанып болғаннан кейін топырақтың түсі (біркелкі болып өзгеруі) эксикаторға салып топырақты суыту. Содан кейін тигельді екінші рет отпен қыздырып 20-30 минут суытып, өлшеу. Қыздыруды тұрақты салмақ болғанша кайталайды. Топырақты тигельмен бірге өлшенген бастапқы салмағынан оның отпен әбден қыздырылғаннан кейінгі салмағын алып тастау арқылы топырақтағы органикалық затты анықтауға болады. Мысалы, топырақтың

тигельмен бірге өлшенген бастапқы салмағы 56,2 г тең делік, ал отпен кыздырылғаннан кейінгі салмағы 55,9 г делік, азайған салмақ органикалық заттың салмағы болып табылады.

56,2 - 55,9=0,3 г.

5 г - 100%

0,3 г -х%

Органикалық зат сонымен минералдық зат бөлшектері 100 - 6 = 4% болады.Ал тағы бір топырақтың дәл көрсеткіші ол отпен қыздырғаннан кейінгі топырақ түсі, олар мынандай; кірпішті-қызыл түс топырақта темір тотығының бар екенін көрсетеді Ғе2О3, ал қоюырақ; қара түске боялса, онда марганец тотығының бар екені анықталады, күлді-сұр түс болса, ол топырақта кремнезем 8і бар екеніне дәлел келтіреді, бұл көбінесе күлді топыраққа тән қасиет. Топырақ түсі ақ-сұрлау болып келсе, топырақта алюминий тотығы бар екенін көрсетеді. Топырақтың минерал қалдықтарын отпен әбден қыздырып оның түсінің өзгеруі арқылы біз топырақта қандай химиялық элемент барын анықтай аламыз.

Бақылау сұрақтары.

1. Топырақтың суды көтергішітігі дегеніміз не?

2. Топырақтың су көтергіштік қасиеті өсімдіктер тіршілігіне әсері барма?

3. Лабораториялық жағдайда топырақтың су көтергіштік қасиетін қалай анықтайды?

Зертханалық жұмыс № 5


Жұмыстың тақырыбы. Топырақтағы судын көтерілу қабілеті

Жұмыстың мақсаты. Судың топырақ түтігімен және әйнекті трубкамен көтерілу биіктігін анықтау

Құрал-жабдықтар: фарфорлы түйгіш келі, темірден жасалған қысқышты штатив (ұстатқыш), диаметрі 2-3 см әйнекті түтікше, химиялық стакан, судың биіктігін өлшейтін сызғыш.

Қысқаша түсінік. Сұйықтың түтікшемен көтерілу биіктігі оның қасиеті мен түтіктің диаметріне байланысты. Топырақтағы судың түтікпен көтерілу биіктігі және жылдамдығы бірнеше факторларға байланысты, оның ішінде ең маңыздысы гранулометриялық құрал болып саналады. Ұсақ түйіршікті топырақтың құрылысы саңылау өлшемдерінің аз болуының басты себебі, керісінше топырақтың ірі түйіршіктері саңылау көрсеткіштерінің ірі болуына ықпал жасайды. Неғұрлым саңылау ұсақ болса, соғұрлым түтіктің биікке көтерілу қабілеті жоғары болады. Жылдам көтерілу, керісінше, саңылау ірілеген сайын қарқынды болады. Судың топырақ түтікшелерімен көтерілу барысына көз жеткізу үшін әйнектен жасалған жіңішке түтікшені түрлі топырақ және әр қабаттан алынған материалмен толтырады да, судың әйнек ішімен котерілуіне арнаулы бақылау жүргізіледі.

Жұмыс барысы:

1. Зерттелетін ауа жағдайында кептірілген материалды фарфорлы ыдысқа салып мұқият үгітеді және диаметрі 2-3 см, биіктігі 50 см әйнекті түтікке салып сақтайды. Топырақ түтіктің төменгі шетінен шашырап түсіп қалмауы үшін, алдын ала дәкемен тас қылып байлап тастайды. Түтікті материалмен толтыру барысында топырақ салмағын нығыздау үшін оқтын-оқтын жазық резеңке үстіне төменгі шетінен тоқылдатып тұрады.

2. Түтікті топырағымен штативке (ұстатқыш) төменгі шеті банкідегі судың деңгейінен 1 см-ге батырылып бекітіледі. Тәжірибе уақытының барысында бастапқы су деңгейін сақтап тұру қажет.

3. Түтіктің суға батырылған уақытын есепке ала отырып, судың көтерілу биіктігіне бақылау жүргізу топырақ массасынын ылғалданған бөлігінің қара түске боялуына байланысты іске асады Судың бетінен ылғалдың түтікпен көтерілген деңгейіне дейінгі биіктікті сызғышпен өлшейді. Егер де топырақ массасының бәрі бірдей ылғалданбаған жағдайда максималдық және минималдық есептің орташа маңызы алынады. Су деңгейінің көтерілу биіктігін әр көрсетілген уақыт интервалы бойынша жазып толтырады


Бастапқы уақыттан судың түтікпен көтерілуі Судың көтерілу биіктігі мм
1 5 минут  
2 10 минут  
3 20 минут  
4 30 минут  
5 40 минут  
6 50 минут  
7 1 сағат  
8 2 сағат  
9 24 сағат  
10 48 сағат  

Топырақтың су көтеру қабілетін анықтаудың қорытындысы.

Берілген көрсеткіштер бойынша кесте салынады. Кестенің тік немесе ендік осіне масштаб бойынша судың түтік бойымен көтерілу биіктігін салады, ал бойлық өсіне сәйкес келетін уақытпен белгілейді. Уақыт осіне ыңғайлы болу үшін кесте өрнегін үлкен ара қашықтықпен логарифмдік шкалаға бөледі. Судың көтерілуін керсететін қисық сызық конфигурациясы топырақтың гранулометриялық құрамына байланысты құрамындағы түйіршік неғұрлым үлкен болған сайын, қисық сызық соғұрлым көтеріледі. Бірақ ірі түйіршікті топырақтың қисық сызығы түтік көтерілуінің тоқтап қалу себебінен ары қарай жалғаса алмай қалады.

Бақылау сұрақтары.

1. Топырақтағы судын көтерілу қабілеті қандай?

2. Сұйықтың түтікшемен көтерілу биіктігі неге байланысты

3. Саңылау ұсақ болса, түтіктің қасиеті қандай болады?.

Зертханалық жұмыс № 6

Жұмыстың тақырыбы. Топырақтағы су эрозиясының қатты және сұйық жолдары.

Жұмыстың мақсаты. Топырақтағы су эрозиясының қатты және сұйық жолын анықтау.

Құрал-жабдықтар. техникалық таразы, елеуіш (астау), лабораториялық ыдыс, сыйымдылығы 20 мл пипеткалар, қиыршық дәндерге, яғни қалдықтарға ар-налған кең түтікті фильтр, топырақ үлгілері, су өткізгіш трубалардан келетін су.

Қысқаша түсінік.

Эрозия (лат. "erosio " — жеу немесе мұжу, бүлдіру деген ұғымды білдіреді) - топырақты жел немесе су күшінің әсерімен бұзу, жою немece бүлдіру процесі. Топырақтың су әсерінен бүлінуін су эрозиясы деп атайды. Су эрозиясы жазықтық немесе үстіртін, сызық немесе жыра тәрізді болып бөлінеді. Су эрозиясы ағын судың түріне қарап, эрозия зардабы қардың еріген суынан, жаңбырдан және суғаруға арналған су күшінен болатын процесс деп бөлінеді. Үстіртін эрозиясы - топырақтың үстіңгі қабатының жаңбыр немесе қар суымен жуып-шайылуын айтады. Соңғысы еңістен ағу кезінде кішкентай су жыраларын құрайды, ал келесі жер өңдеу барысында олар топырақ қабатының астын өңдегенде ақырындап қайтадан қалпына келеді.

Жер үсті эрозиясының механизмі жаңбыр тамшысының күшінен, оның жер үсті ағын әсерінен және еріген қар суының зардабынан болады. Жаңбырдың тамшы суы топырақтың үстіңгі қабатына тигенде, оның агрегаттарын бұзып, кішкене түйіршіктерге бөледі де, жан-жаққа шашыратады. Осы құбылыс кезінде топырақ түйіршіктерінің шайылуы арта түседі де, топырақ бетіндегі қылтүтік иленіп бітеледі, осы себептермен су өткізгіштігі төмендейді, ал сіңбеген су үстіртін ағын күшін арттырып, эрозияны күшейтеді.

Жыра тәрізді эрозия — топырақты ағыны күшті сумен терең етіп жыра салып, еңістен төмен тез ағызады. Жыра сияқты эрозияның(бірінші сатысы терең жыра пайда болып, топырақты ыдыратып (20-35 см-ге дейін) жеткізеді. Одан әрі дами берсе, онда үлкен шұңқыр пайда болады. Жыра тәрізді эрозия топырақты толық бүлдіруге әкеліп соғады.

Жұмыс барысы: 50 г салмағы бар топырақ үлесін елеуіштің түбіне салады да аздаған су бүркіп ылғалдандырады, елеуіштің шетін "төбеге" ұқсатып нығыздайды. Содан кейін табиғат жағдайына жақындатып топырақты көлемі V= 50 мл сумен пипетка арқылы суғарады. Суғару ағын су сияқты емес, тамшылатып өткізілуі тиіс. Бұл кезде сұйық және қатты ағын пайда болады.

Алынған балшық суды (ағындыны) стаканға құйып алады да, содан соң сүзеді. Елеуіште қалған қалдықты кептіріп, өлшейді. Осыдан алынған салмақ есепке қолданылады.

Қорытынды өңдеу. Су бүлінушілігі мына пропорциямен анықталады:

m1------------------100 %

m2------------х %

m1 — бастапқы топырақ үлгісінің салмағы (50 г)

m2- сүзгідегі қалдықтың салмағы

х - жуылған топырақтың пайыздық мөлшері.

Егер жуылған топырақтың пайыздық мөлшері төмен болса, онда эрозия баяу өтеді. Ал егер жуылған топырақтың пайыздық мөлшері жоғары болса, онда эрозия жедел өтеді, яғни біріншіге керісінше.

Бақылау сұрақтары.

1. эрозия дегеніміз не?

2. эрозияның қандай түрлері болады?

3. Су эрозиясының түрлері қандай?







Date: 2016-06-09; view: 1067; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.016 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию