Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Экологиялық мониторинг аумағындағы Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығы
1 сурак: «Биосфера» термині ғылыми әдебиеттерге 1875 ж. австрия геологы-ғалымы Эдуард Зюсс енгізген. В. И. Вернадский (1863-1945) бұл терминді пайдаланды және биосфера туралы ілімді жасады. Егер «биосфера» түсінігімен, Зюсс бойынша, жер қабығының 3 сферасындағы (қатты, сұйық, газ тәрізді) тірі ағзалары байланыстырылса, ал В. И. Вернадский бойынша ең басты роль тірі ағзаларды геохимиялық күштерге бөлінеді. Сонымен, биосфера түсінігіне ағзаның өзгертуші іс-әрекеті кіреді, қазіргі уақытта ғана емес, сонымен бірге, өткендегі де іс-әрекет кіреді. Тірі ағзалары бар қазіргі уақыттағы биосфераның бөлімін қазіргі заманға биосфера немесе необиосфера деп атайды, ал көне биосфераға палеобиосфера немесе өткен биосфера жатады. Қазіргі заманғы көзқарас бойынша неосфера шекарасы атмосферадағы, шамамен азон экранына дейін (полюстерде 8-10 км., экваторда 17-18 км., басқа жер беттерінде 20-25 км.). Гидросфераны түгелдей, сонын ішінде Әлемдік мұхиттың (11022 м.) ең терең тұңғиығын да тіршілік алып жатыр. Литосферадағы тіршілік бірнеше метрге дейін топырақ қабатын алып жатыр. Палеосфера шекаралары атмосферадағы необиосферамен сәйкес келеді, ал су астындағы палеобиосфераға тау шөгінді жыныстары да жатады, В. И. Вернадский бойынша барлығы тірі ағзалардың үндеуінен өткен. «Тірі заттар» терминін әдебиеттерге В. И. Вернадский енгізген. Ол бұл терминді масса, энергия және химиялық құрам арқылы көрінетін барлық тірі ағзалардың жиынтығы деп түсіндіреді. «Косный» заттарға өлі табиғаттың заттары жатады. (Мысалы: минералдар жатады). Табиғатта сонымен бірге, «Биокосный» заттар кең таралған. «Тірі заттар»-биосфераның негізі, бірақ аз ғана бөлімін құрайды. Тірі заттардың ең жоғарғы орта өзгерткіш іс әрекетіне байланысты, негізгі ерекшеліктеріне келесілер жатады: 1.Барлық еркін кеңістікті тез меңгеру қабілеттілігі. Берілген қасиет бойынша В. И. Вернадский келесідей қортындыға келді, яғни белгілі геологиялық кезеңдер үшін тірі заттардың саны тұрақты болды. 2.Қозғалыстың белсенділігі. 3.Тіршілік кезіндегі тұрақтылық және өлгеннен кейін тез арада ыдырау. 4.Әртүрлі жағдайларға жоғарғы бейімделушілік қабілеттілігі (адаптация). 5.Реакция жүруінің ең жоғарғы жылдамдығы. 6.Тірі заттардың жаңаруының жоғарғы жылдамдығы. Орташа жанару биосфера үшін-8 жыл. Құрлық үшін-14 жыл. Мұхит үшін-33 күн. 2 сурак: Палеозой эрасы. Жер дамуының фанерозой эонына қарасты, яғни протерозой эоны (кембрыйге дейінгі эон) аяқталғаннан кейінгі алғашқы эра; 540 — 250 млн жылдар аралығын қамтыған, жалпы ұзақтығы шамамен 290 млн жыл шамасында деп есептеледі; алты кезеңге жіктеледі, олар: · кембрий кезеңі, · ордовик кезеңі, · силур кезеңі, · девон кезеңі, · таскөмір (карбон) кезеңі · пермъ кезеңі. Палеозой (көне грекше: παλαιο — «көне» және көне грекше: ζοιον — «жәндік», бірге «көне тіршілік» мағынасында) — фанерозой эоны замандарының алғашқысы (542—251 млн жыл). Кембрий, ордовик және силур кезеңдері астыңғы палеозой субзаманын, ал девон, карбон және перм кезеңі үстіңгі палеозой субзаманын құрайды. Палеозой кезінде екі үлкен орогенез орын алған: астыңғы палеозой кезіндегі Каледон және соңғы палеозой кезіндегі Варискан. Палеозой фауналары көптеген омыртқасыз ағзалардың болғанымен белгіленеді, оның ішінде трилобиттер (Trilobita), грабтолиттер(Grabtolithina), иінаяқтылар (Brachiopoda), сефалоподтар (Cephalopoda) және маржандар. Заманның соңында амфибия мен рептилиялар әр-түрлі биологиялық топтаныстардың зор компоненті болды, ал алып талды циатея (Cyathea arborea), атқұйрық (Equisetum) және цикадалар ормандардың кең таралуына себепші болды. Палеозой терминін алғаш 1838 ж. ағылшын геологы А.Седжвик (1785 – 1873) ұсынған. Палеозой осыдан 540 – 250 млн. жыл бұрын басталып, ұзақтығы 290 млн. жылға созылған эра. Құрамына кембрий, ордовик, силур, девон, таскөмір (карбон), пермь дәуірлері енеді. Бұл дәуірлер геологиялық картада төменгі Палеозой (кембрий, ордовик), ортаңғы Палеозой (силур, девон), жоғарғы Палеозой (таскөмір, пермь) деп бөлінеді. Палеозойдың басында Гондвана мен солтүстік құрлықтардың (Солтүстік Америка, Шығыс Еуропа, Сібір,Қытай, Корея) және оларды бөлетін мұхиттардың (Палеоатлант, Палеотетис, Палеоазия) нобайы айқындалған. Бұл мұхиттардың ені мыңдаған км-ге, ал тереңдігі мыңдаған м-ге жеткен. Олардың өмір сүру ұзақтығы да әр түрлі. Ең бірінші Палеоатлант (Япетус) девонның басында жабылып, карбонның ортасына дейін Палеотетис өмір сүрген, ал Палеоазия палеозойдың соңында Лавразия алып құрлығын жасап барып жабылған. Мұндағы айқын өзгеріс венд пен кембрий шебінде болды, қаңқалы организмдер – трилобиттер, моллюскілер, т.б. өмірге келген. Бұл өзгеріс протерозой менфанерозойды жіктеуге негіз болды. Алғаш кең таралған бақалшақтылар карбонатты емес, фосфатты болған. Ордовик-силурда алғашқы омыртқалылар –балықтар, карбонда қосмекенділер (амфибиялар), яғни құрлыққа шыққан жануарлар пайда болды. Силур-девонда алғашқы құрлық өсімдіктері өсіп, соңғы девон-карбонда қалың өсімдік жабыны пайда болған, нәтижесінде көміржаралу кеңінен таралған. 3 сурак: «Экологиялық мониторинг» атауын қолдану 1972 ж. басталды деуге болады. Сол жылы Стокгольм қаласында өткен І Халықаралық экологиялық конференцияда қоршаған ортаны қорғау саласында жаңа бағыт-бағдар белгіленді. Ағылшын тілінен аударылғанда «monitoring» - бақылау, ал «monitor» сөзінің мағынасы латын тілінде – «кім еске салады», алдыныалады жəне бақылайды. «Мониторинг» деген атау БҰҰ- 5 ның 1972 ж. Стокгольмда өткізген қоршаған ортаны қорғау туралы конференциясы алдында ғана пайда болды. Мониторингті талқылаудың бастапқы кезінен-ақ екі түрлі көзқарас қалыптасты. Көптеген шетелдік ғалымдар қоршаған ортаның бір немесе бірнеше компоненттерін үзіліссіз бақылау жүйесін алдын ала арнайы дайындалған жоспар бойынша жəне түпкілікті мақсатты көздеген жүйе ретінде ұсынуды жөн көрді. Басқа көзқарасты ұстанған зерттеушілер (Израэль, 1977) тек антропогендік қызметтердің арқасында былғаған биосфераның жағдайының өзгеруін байқау жүйесін мониторинг деп атауға болатынын айтқан. Қоршаған ортаны қорғау дүниежүзі қауымдастығының басты міндеті, өйткені қоршаған ортаның ластануы барлық елдердің проблемасына айналды. 1969 ж. Париждегі Өкіметаралық конференциясында биосфера проблемасы бойынша ЮНЕСКО-ның «Биосфера жəне адам» деген бағдарламасы қабылданды. 1972 жылы Стокгольм қаласында БҰҰ Бүкіл дүниежүзілік конференциясында қоршаған ортаны жəне адам қорғаудың жұмыс бағдарламасын қабылданды. 1973 ж. қоршаған ортаны қорғау жөнінде БҰҰ UNEP бағдарламасы қабылданды қоршаған ортаның проблемалары бойынша арнайы ұйымдармен, агенттіктер шұғылданып жатыр ЮНЕСКО, ВМО, ВОЗ, 8 МАГАТЭ жəне т.б. қоршаған ортаның мəселелері бойынша ғылыми комитет белсенді жұмыс істеуде. СКОПЕ (SKOPE) қосжақтық жəне аймақтық қауымдастығы ғылыми техникалық жағынан қызмет жасауда. 1972 ж. Стокгольм конференциясының шешімімен қоршаған ортаның мониторингін өткізудің қаумақты жүйесі қабылданған ҚОАМЖ (Global Enrironmental Monitoring System - GEMS немесе Қоршаған ортаның ауқымды мониторинг жүйесі). Осы жүйені ойластыруды алғашқы рет ғылыми комитет ұсынған (SKOPE). Бірінші үкімет аралық кеңесте қоршаған ортаны қорғау жүйесінің негізгі бағыт бағдары жəне бағдарлама мақсаты толық талқыдан өтті (ҚОАМЖ). Ал 1975 ж. қаумақты жүйе құрылды. Осы жүйенің негізгі мақсаты - қоршаған ортаның ластануының жəне оған себепші факторлардың мониторингін ұйымдастыру болып табылады, сонымен қатар қоршаған ортада табиғи жəне антропогенттік өзгерістерді алдынала болжау арқылы адамның денсаулығына тікелей жəне қосалқы күйде əсер ететін өзгерістердің алдыналу болып табылады. Билет Date: 2016-06-09; view: 1077; Нарушение авторских прав |