Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Атмосфера ауасын ластаушылардың классификацииясы





1.Жер қабатындағы басты және шашыранды элементтердің басты айырмашылықтары.

2. Протерезой эрасы және оның негізгі үрдістері

3 Атмосфера ауасын ластаушылардың классификацииясы

1.Жердегі хим. элементтер 4 топқа бөлінеді:

1. Сидерофильдер [темірге жақындар (Fe, Nі, Co, т.б.)], көбінесе, орталық ядрода орналасқан;

2. Халькофильдер [күкіртке жақындар (Cu, Zn, Sb, т.б.)] оксидті және сульфидті қабатта кездеседі;

3. Литофильдер [тас құраушылар (Sі, Mg, Ca, Ba, т.б.)] — силикатты қабатта;

4. Атмофильдер [ауа құраушылар (Не, Ar, Ne, т.б.)] ауа қабатында жиналады.

Ауа қабатында элементтер газ немесе жеке элемент түрінде кездеседі. Атомныңгаз түрінде болуы оның кеңістікте еркін таралуын немесе су мен тас қабаттардағы атомдармен жылдам алмасуын жеңілдетеді. Геохимиялық процестер, көбінесе, тропосфера қабатында өтеді. Су қабатында элементтер ерітінді түрінде, ал Жер қыртысында — минерал, молекула, атом, ерітінді, бу түрінде кездеседі. Геохимия, физика, геология, минерология ғылымдарының әдістеріне сүйенеді. Геохимияның магмалық жыныстар геохимиясы (петрохимия), гидротермальдік процестер геохимиясы, изотоптар геохимиясы, биогеохимия, шөгінді жыныстар геохимиясы, гидрохимия, гидрогеохимиясы, сондай-ақ, метаморфтық процестер геохимиясы, мұхит геохимиясы, мұнай геохимиясы, кен байлықтарын іздеудің геохимиясы әдістері сияқты бөлімдері дамып келеді. Аймақтық геохимиялық зерттеулер Қазақстанның көптеген кендерінің түзілу заңдылықтарын ашуға мүмкіндік берді. Табиғи шикізатты кешенді пайдалану қажеттігіне байланысты кентастағы қоспа элементтердің таралу ерекшеліктерін және қандай күйде кездесетінін зерттеу кеңінен дамыды. Қорғасын-мырыш кендеріндегі талийдің, индийдің, фтордың, т.б. серіктес элементтердің Геохимиясы жөніндегі алғашқы зерттеулер Қазақстанның кен байлықтарын жете білудегі жаңа бағыттың бастамасы болды. Сирек және шашыранды элементтерді зерттеу нәтижесінде көптеген кендердің кешенді екендігі анықталды. Түсті металдарды іздеуге байланысты шашыраудың бастапқы ореолдары бойынша іздеудің геохим. тәсілдері кеңінен дамыды. Түсті металдардың көптеген кендеріндегі бастапқы геохим. ореолдардың түзілу ерекшеліктері айқындалды

2.Протерозой (гр. πρότερος — алғашқы, аға, гр. ζωή — тірлік) — прекембрийді құрайтын үш бөлімшенің (1. хадей немесе приской, 2. архей, 3. протерозой) соңғысы (осыдан шамамен 2500—542 млн жыл бұрын).

Протерозойды 3 геологиялық заман құрайды (ертелеуінен жаңалауына атап өткенде):

Палеопротерозой;

Мезопротерозой;

Неопротерозой.

Ең елеулі оқиғалары бұлар:

Мезопротерозойдаоттегі сіңген атмосферасының құрылуы;

Соңғы НеопротерозойдыңКриоген кезеңінде бірнеше рет мұздықтар құрылуы;

Эдиакарий кезеңі (635—542 Ma) жұмсақденелі көпжасушалы организмдердің өрбуімен сипатталады.

Жер тарихында археозой мен палеозой аралығындағы эра және сол заманда қалыптасқан қабаттар. Бұл терминді ғылымға америкикалық геолог Э.Эммонс енгізген (' 1888). Протерозой бұдан 2000 (кейбір тұжырым бойынша 2500) – 570 млн. жыл бұрын, ұзақт. 1500 млн. жылға созылған эра. Қазақстан мен Орта Азия жеріндегі Протерозойды Р.Борукаев, Ю.Зайцев, В.Королев, т.б. зерттеген.

Протерозойдың бірінші жартысы (2,2 млрд. жылға дейін) геократтық жағдайларда өткен. Қыртыстың салқындау процесі нәтижесінде қатаң және морттық қасиеттерге ие болған литосфера жарылып, суперконтинентте рифт ойпаңдары мен айырылымдар пайда болған.


Бастапқы Протерозойдың екінші жартысында бұл процестер күшейіп, суперконтинент көлденеңі жүздеген және мыңдаған км болатын блоктарға (микротақталарға) жіктелген. Олар жұқарып (рифтинг) және толық айырылып (спрединг), ал айырылған блоктар арасын терең сулы алаптар басқан.

Протерозойдың соңында шөгінді және жанартаулық тау жыныстарымен толған бұл алаптар, деформацияға, метаморфизмге, граниттенуге ұшырап, қайта жабылған. Бастапқы Протерозойда организм қалдықтары өте сирек. Қалдықтарының қалыңдықтары кей жерлерде жүздеген метр болатын көк-жасыл балдырлар түзіліп, олардың қарқынды фотосинтездеуші әрекетінен ауаның құрамы өзгере бастады. Ол таза оттекті көбейтіп, тіршілік әлемінің өркендеп дамуын тездетті. Даму бастапқы-ортаңғы рифейде қарқындады. Бактериялар, балдырлармен қатар қарапайым бір клеткалы организмдер – эукариоттар пайда болды. Темір, мыс, алтын, көптеген бейкентас шикізаттары шоғырларының пайда болуы Протерозоймен тығыз байланысты.

3. Атмосфералық ауа – бұл ғаламшардың (планета)өмірі, жердің азоттан, көмір қышқыл газынан, озоннан, гелиден тұратын газ қабаты.

Биологиялық процесс үшін оттегінің маңызы өте зор, ал көмірқышқыл газы фотосинтез процесіне өте қажет. Адам тамақ ішпеуге бар, бірақ тыныс алмай өмір сүре алмайды, себебі адам организмінде оттегі қоры шектеулі. Ол 2 – 3 минут қана тыныс алуына жетеді, ал бес минут өткен соң, ауа келмегендіктен адам организмінде орнына келмейтін процесс басталады, ми қабаты жұмысын тоқтатады, биологиялық өлім келеді.

Атмосфералық ауаның ластануынан пайда болатын қауіп:

Смог

Ышқыл жаңбыры

Парниктік эффект







Date: 2016-06-09; view: 1033; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию