Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Атмосфера ауасының сапа стандарты
1. «Биосфера» термині ғылыми әдебиеттерге 1875 ж. австрия геологы-ғалымы Эдуард Зюсс енгізген. В. И. Вернадский (1863-1945) бұл терминді пайдаланды және биосфера туралы ілімді жасады. Егер «биосфера» түсінігімен, Зюсс бойынша, жер қабығының 3 сферасындағы (қатты, сұйық, газ тәрізді) тірі ағзалары байланыстырылса, ал В. И. Вернадский бойынша ең басты роль тірі ағзаларды геохимиялық күштерге бөлінеді. Сонымен, биосфера түсінігіне ағзаның өзгертуші іс-әрекеті кіреді, қазіргі уақытта ғана емес, сонымен бірге, өткендегі де іс-әрекет кіреді. Тірі ағзалары бар қазіргі уақыттағы биосфераның бөлімін қазіргі заманға биосфера немесе необиосфера деп атайды, ал көне биосфераға палеобиосфера немесе өткен биосфера жатады. Қазіргі заманғы көзқарас бойынша неосфера шекарасы атмосферадағы, шамамен азон экранына дейін (полюстерде 8-10 км., экваторда 17-18 км., басқа жер беттерінде 20-25 км.). Гидросфераны түгелдей, сонын ішінде Әлемдік мұхиттың (11022 м.) ең терең тұңғиығын да тіршілік алып жатыр. Литосферадағы тіршілік бірнеше метрге дейін топырақ қабатын алып жатыр. Палеосфера шекаралары атмосферадағы необиосферамен сәйкес келеді, ал су астындағы палеобиосфераға тау шөгінді жыныстары да жатады, В. И. Вернадский бойынша барлығы тірі ағзалардың үндеуінен өткен. «Тірі зат» терминін әдебиеттерге В. И. Вернадский енгізген. Ол бұл терминді масса, энергия және химиялық құрам арқылы көрінетін барлық тірі ағзалардың жиынтығы деп түсіндіреді. «Косты» заттарға өлі табиғаттың заттары жатады. (Мысалы: минералдар жатады). Табиғатта сонымен бірге, «Биокосный» заттар кең таралған. «Тірі заттар»-биосфераның негізі, бірақ аз ғана бөлімін құрайды. Тірі заттардың ең жоғарғы орта өзгерткіш іс әрекетіне байланысты, негізгі ерекшеліктеріне келесілер жатады: Барлық еркін кеңістікті тез меңгеру қабілеттілігі. Берілген қасиет бойынша В. И. Вернадский келесідей қортындыға келді, яғни белгілі геологиялық кезеңдер үшін тірі заттардың саны тұрақты болды. Қозғалыстың белсенділігі. Тіршілік кезіндегі тұрақтылық және өлгеннен кейін тез арада ыдырау. Әртүрлі жағдайларға жоғарғы бейімделушілік қабілеттілігі (адаптация). Реакция жүруінің ең жоғарғы жылдамдығы. Тірі заттардың жаңаруының жоғарғы жылдамдығы. Орташа жанару биосфера үшін-8 жыл. Құрлық үшін-14 жыл. Мұхит үшін-33 күн. Тірі заттардың орта өзгерткіш қызметтері: 1) Энергетикалық: екі биогеохимиялық принциптен тұрады. 1-принцип: биосферада геохимиялық биогендік энергияны көп мөлшерде жұмсау. 2-принцип: өз тіршілігінде геохимиялық энергияны көбейте алатын ағзалар эволюция процесінде тіршілігін сақтап қалады. 2) Газдық: белгілі мекен ету ортаның ауа құрамын атмосферасын өзгерту мен тұрақы ұстау қабілеттілігі. 3) Тотығу-тотықсыздану функциясы: тірі заттардың ықпалынан ортаны О2 байытуға байланысты тотығу процесі, сондай-ақ, О2 жетіспеген кезде органикалық заттардың ыдырауына байланысты жүретін тотықсыздану процесі. 4) Концентрациялық- шашыранды химиялық элементтерді өз денесінде ағзаның шоғырландыру қабілеттілігі. 5) Деструктивтік-органикалық заттар қалдығы мен «косный» заттардың ағзалармен және олардың тіршілік әрекетінің өнімдерімен құлдырату немесе бұзылуы (деструкторларға-саңырауқұлақтар мен бактериялар жатады). 6) Транспорттық –ағзаның белсенді қозғалыс формасы нәтижесінде заттар мен энергияның тасымалдануы. 7) Ортаөзгерткіштік- бұл функция шамалы мөлшерде интрегративтік функция болып табылады. 8) Информациялық. 2. Эралар мен кезеңдер. Хронологиялық кесте.ошрлотмт(
3 Атмосфера құрамын ластаушы жүйелер-табиғи (естественный) жэне жасанды (антропогенный) деп екіге бөлінеді.Атмосфералык ауаны ластаушылар ішінде ең кең тараған түрі - отын жакқанда бөлініп шығатын түтін. Қазіргі уақыттаі отын ретінде көмірдің<зр түрлі сорттары, мазут, сланец, шымтезек, газ жэңе т. б. қолданылады. Электр станңиялары, эр түрлі қазандықтар, іштен жану қозғағыштары, пештер жүмыс істеуі үшін сұйык және катты отын түрлері қолданылып, атмосфераға кұрамында көміртегі тотығы, күйе, қарамайы заттар, күкіртті газ, жеңіл күл және т. б. заттар бар түтін бөлінеді. Күйе өз алдына улы емес, бірак ол канцерогенді касиеті бар қара майлы затітарды тасымалдаушы болып табылады (бенз(а)пирен). Адамның денсаулығына эсер етумен катар, ауадағы түтін қала микроклиматын нашарлатады. Күкіртті газдың түтін құрамындағы мөлшері де отын түріне байланысты. Мұнай жанғанда күкіртті газ өте көп бөлінеді, бірақ, күкіртті газдың ласты көзі - көмір, шымтезек, сланец жағу. Күкіртті газ - өте улы зат, оның әсері тыныс алу мүшелерін' зақымдаудан басталып, асқазан-ішек жолдарың зақымдап, тотығу-тотықсыздану процесін бүзады, ферментативтік әрекетті тоқыратып, организмнің иммунобиологиялық реактивтілігін төмендетеді және орталык жүйке жүйесінің бүзылуына зкеледі. Түтін күрамында көмірсутекті. заттардың шала жануы нэтижесінде пайда болатын кеміртегі тотығының ', (иісті газ) біраз мөлшері болуы мүмкін. Бір тонна отын жанғанда 20 кг к#міртегі тотығы түзіледі. Әсіресе домнадан, кокстан және газды генераторлардан шығатын газдар қүрамында CO көп болады.Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына (Жер шарында бірнеше мың жанартау бар, олардың 500-ден астамы белсенді), тау жыныстарының үгітілуіне, шаңды дауылдардын тұруына, орман өрттеріне (найзағай түскенде) теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерігінді тамшыларының құрғауына, өлген организмдердің іріп-шіруі процестеріне байланысты. Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, яғни, әртүрлі ауру қоздыратын бактериялар, саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары, сонымен қатар космос шаң-тозаңдары жатады. Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энергетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы және т.б. жатады. Тек өндірістік кәсіпорындардың ғана қоршаған ортаға әсер етіп ластауын мынадай негізгі түрлерге белуге болады: шикізат, материалдар, құрал-жабдықтар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар. Атмосфераға таралатындар: газ, бу, ауа тозаңы, энертетикалық: шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өpic, жарық, ультракүлгін және лазерлі сәулелендірулер және т.б. Ауаны ластайтын компоненттердің химиялық құрамы отын-энергетика ресурстарының және өндірісте қолданылатын шикізаттың түріне, оларды өңдейтін технологияға байланысты болады. Атмосфераға бөлінетін 52 Гт әлемдік антропогендік шығарындының 90%-ын көмір қышқыл газы мен су буы құрайды (бұлар әдетте ластағыштар қатарына кіргізілмейді). Техногенді шығарындылардың құрамында бірнеше мыңдаған қосылыстар кездеседі. Бірақ олардың ішінде ең көп мөлшерде, яғни, тонналап атмосфераға шығарылатындыларға қатты бөлшектер (шаң, түтін, күйе), көміртегі оксиді, күкірт диоксиді, азот оксидтері, фосфор қосылыстары, күкіртті сутек, аммиак, хлор, фторлы сутек жатады. Билет Date: 2016-06-09; view: 1109; Нарушение авторских прав |