Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Гидросфера құрамы. Гидросфераны ластаушылыр көздері
1. Экотоксикант – тірі организмнің денелерінде жинақталатын тамақтану кезінде, тамақтану звеносының төменгі сатысынан жоғары берілген қоршаған ортаның қалыпты жағдайда тұрақты болатын токсикалық заттар. Токсикалық – химиялық заттардың потенциалды қауіптілігі, оның зиян келтірі қабілеті. Полютант – латын тілінен аударғанда «былғау, былғану» деген мағынаны білдіреді. Ауаны ластайтын экополютанттар: газдар, күкірт, азот, көмір оксидтері, хлор көмірсутектері, фреондар, т.б. Суды және топырақты ластайтын экополютанттар: металдар, хлорорганикалық пестицидтер. Қоршаған ортаға түскен экотоксиканттардың уыттылығы қоршаған ортаның экологиялық факторына байланысты. Қоршаған ортадағы токсиканттар бір заттан екінші затқа айналып, жаңа зат түзеді. Әр уақытта түзілген заттың токсикалық қасиеті бастапқы затқа қарағанда артық болады. Топырақтағы, әсіресе, қышқыл ортадағы пестицидтердің көбі ондағы нитраттармен әректтесіп, екінші бір қосылыс түзеді. Ондай қосылыстарға: 1. Диалкил тиокарбонаттар. 2. Тиокарбонил дисульфиді. 3. Фенилсірке қышқылының тұздары. Қазіргі кезде көптеген пестицидтер мен гербицидтері канцерогенді заттар деп атайды. Қоршаған ортаға түскен токсиканттардың бұзылу, бүліну қабілеті өте аз жылдамдықта жүреді. Көпшілігінің жүру жылдамдығы блотаның микроорганизмдердің қоректенуі ретінде немесе қоршаған ортаға жауы – шашын қатысында жүру жыламдығын тездетеді. Организмге түскен экотоксиканттар, организмдегі барлық ағзадағы заттармен алмасып, организмнің қалыпты жағдайда дамуна кедергі келтіреді. Биологиялық айналым тотығудың, гидролиздің, дигалогендеудің, циклдың құрылымды молекуласының ыдырауының, алкил радикалдарының бөліну процестерімен жүретін процесс. Көпшілік қосылыстардың гидратацияға ұшырауы, минералдануы жүреді. Кейде заттардың биотрансформациясы кезінде аралық өнім болып токсикалық заттар болуы мүмкін. Ол заттың уыттылығы бастапқы заттан артық болуы мүмкін. Мысалы, сынап токсиканттардың әсерінен сынаптың органикалық қосылысы мети сынап түзеді. Оның уыттылығы сынаптан қарағанда артық болады. 2.Биосфера эволюциясы' — Жер бетіндегі тірі организмдердің пайда болуынан бастап, қазіргі биосфера қабығының толық қалыптасу аралығындағы ұзақ уақытты қамтитын биологиялық процесс. Биосфера эволюциясы — тірі организмдердің тіршілік әрекетінің нәтижесі. Эволюциялық ілімі бойынша, Жер бетіндегі ең алғашқы тірі организмдер химиялық эволюцияның биологиялық эволюцияға ауысуынан пайда болған. Осы кезге дейін бұл процесс ұзақ уақытты қамтыған деген пікірлер айтылып келсе, соңғы жылдардағы микропалеонтологиялық, палеогеохимиялық, ғарыштық химия, изотоптық, т.б. зерттеулердің қорытындысы химиялық эволюцияның биологиялық эволюцияға қысқа геологиялық мерзім аралығында ауысқандығын дәлелдеп отыр. Жер планетасының геохронологиялық шежіресінде ең ежелгі заман —криптозойда (4550 — 570 млн. жыл бұрын) тіршілік еткен тірі организмдердің қазба қалдықтары сақталмаған. Ол кезде өте ұсақ алғашқы прокариотты организмдер (цианобактериялар, бактериялар, көкжасылбалдырлар) тіршілік еткен. Олардың қатты қаңқасы болмаған, денесіне сіңген суда еріген әр түрлі минералдық заттар ұсақ түйіршіктерге айналып, ежелгі тау жыныстарының арасында сақталғандығы соңғы кезде анықталды. Оны ғылымда строматолиттер деп атайды. Қазіргі кезде олар Батыс Германия мен Батыс Австралияда, Оңтүстік Африкада, Украинада бұдан 3,4 — 3,8 млрд. жыл бұрын түзілген тау жыныстарынан табылған. Сол замандағы өте ұсақ организмдер теңіздерде тіршілік етіп, гетеротрофты жолмен қоректенген. Қазіргі ғылыми деректер бойынша, Жер бетіндегі ең алғашқы тірі организмдер бұдан 4 — 3,5 млрд. жыл бұрын пайда болған деп есептеледі. Олар кейін күрделі эволюциялық өзгерістерге ұшыраған. 2 — 1,5 млрд. жыл бұрын бір клеткалы эукариотты организмдер шыққан, олардан кейін (1,4 млрд. жыл бұрын) көп клеткалы организмдер пайда болып Жер бетіне кеңінен таралған. Ал 700 — 600 млн. жыл бұрын тіршілік еткен моллюскілердің қатты қаңқа қалдықтары толық сақталған. Ғылыми деректер бойынша, биосфера эволюциясында мынадай негізгі кезеңдер болған: өздігінен қалпына келе алатын гетеротрофты организмдердің тіршілік кезеңі; әлсіз тотығу процестеріне негізделген алғашқы автотрофты организмдердің тіршілік кезеңі; толық тотығу процестері жүретін автотрофты организмдердің Жер бетінде кеңінен таралу кезеңі. Биосфера эволюциясының палеонтологиялық шежіресіне сүйене отырып: биосфера эволюциясы ешқашан кері жүрмейді; геологиялық замандарда биологиялық эволюцияның жылдамдығы арта түседі; жалпы эволюцияның қарқынды жүруінен жаңа түрлер пайда болады; жануарлардың эволюциялық дамуының нәтижесінде олардың жүйке жүйесі күрделене түседі деген тұжырымдар жасауға болады. 3. Су айдындарының ластануын былайша топтайды: · биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар; · химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер; · физикалық ластану: жылу-қызу, электр-магнитті өріс, радиоактивті заттар. Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал Қазақстанда ауыз су сапасы МемСТ 287482 бойынша 30 міндетті көрсеткішпен анықталады. Су бассейнінің ластануының негізгі себептері — тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері: · тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар; · өнеркәсіп орындары; · ауыл шаруашылығын химияландыру: · халық шаруашылығының басқа да салалары. Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді. Лас сулардың ішінде тұрмыстық сарқынды суларда органикалық заттар 58%, минералдық заттар 42 тей болады. Өнеркәсіпте пайдаланылатын сулар мен синтетикалық жуатын заттармен сулардың ластануы өте қауіпті. Бұлар –химиялық ластану көздері. Соның ішінде сулы экожүйелердің пестицид, гербицид және басқа да химиялық улы препараттармен ластануы Қазақстанда кең етек алған. Мәселен, мақта мен күріш, жеміс- жидек, бау-бақша, теплица (жылы жай) зиянкестеріне қарсы бұрынғы Кеңес үкіметі кезеңінде өте көп химиялық заттар пайдаланылған Нәтижесінде, су ластанып, оның сапасы мен микрфлорасы және микрофаунасы, ірі хайуанаттар, құстар зардап шеккен. өз кезегінде химиялық заттардың зиянды қосылыстары азық –түлікпен адам организмін кері әсерін тигізді. Билет Date: 2016-06-09; view: 1362; Нарушение авторских прав |