Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Оршаған орта нысандарын талдаудың спектральды әдістері





1. «Химиялық элементтердің миграциясы» терминін 1923 жылы геохимияға А.Е.Ферсман енгізген. Жер жағдайындағы химиялық элементтердің миграциясы атомдық (инертті газдар, булар, сынап булары және т.б.), иондық (ерітінділер, балқымалар және коллоидты жүйелер), молекулярлық (ерітінділер, силикатты балқымалар) немесе коллоидтық, сонымен қатар дисперсті (таужыныстардың және минералдардың сынықтары) формада жүзеге асады. Химиялық элементтер миграциялық қабілеттілігіне байланысты, яғни геохимиялық процестерде орын ауыстыруының интенсивтігімен өзара бөлінеді. Сонымен қатар, элементтердің миграциялық қабілеттілігі миграция ортасының термодинамикалық жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Белсенді мигранттардың қатарына жер қыртысының ауқымында орын алатын термодинамикалық жағдайлардың кең диапазонында оңай миграцияланатын химиялық элементтерді жатқызуға болады. Осы элементтердің атомдары магмалық балқымаларда да, ерітінділерде де, сонымен қатар гипергенез белдемінің ерітінділерінде де оңай орын ауыстыра алады. Мысалы белсенді миграцияланатын элементтерге галогендер, сілтілі металлдар және т.б. жатады. Жер қыртысының көптеген элементтері белсенді мигранттар болып келеді. Химиялық элементтердің миграциясы көптеген факторлар нәтижесінде туындайды, бірақ оларды екі топқа бөлуге болады: 1) ішкі – химиялық элементтердің және оның қосындыларының атомдарының қасиеттерімен байланысты, 2) сыртқы – миграция жағдайының термодинамикалық шарттары.

2.Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі кездегі көзқарас биопоэз теориясы деп аталады (биохимиялық эволюция теориясы деп те атайды). Бұл теорияны 1947 жылы ағылшын ғалымы Дж. Бернал ұсынды. Дж. Бернал биогенездің үш кезеңін ажыратты. Оның: бірінші кезеңі — биологиялық мономерлердің абиогендік жолмен пайда болуы. Екінші кезеңі — биологиялық полимерлердің түзілуі. Үшінші кезеңі — менбраналы құрылымдар мен алғашқы ағзалардың (протобионттардьщ) пайда болуы.

3. Спектральды әдіс талдауға, жұтылу спектірін зерттеуге негізделген.Спектральды талдауда қозу мен иондалу тез электрондармен зерттелетін заттың атомдарын бомбалау арқылы алынады, сонымен қатар атомдарды сәулелену әсері арқылы алынады. Оптикалық жəне ренгенді спектральді талдауда қоздырғыш электрондар алудың көптеген əдістері қолданылады. Спектрлердің қозуы үшін қолданылатын жылдам электрондар көзі ренгенді түтік болып табылады. Онда электрондар электр өрісі арқылы жылдамырақ қозғалады; жылдамдадатын кернеу мəнін анықталатын элементтің иондалу энергиясына байланысты тағайындайды. Электрондар көзі ретінде b- ыдырау болатын, радиоактивті препараттар қолданылады. Спектральді талдауда оптикалық спектрлерді қоздыру үшін газ разрядты шамдар және анықталатын элементке байланысты қажетті жиілік спектрін беретін арнайы қызу шамдарын қолданады.

Билет







Date: 2016-06-09; view: 1168; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию