Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Экологиялық мониторингтегі компьютерлік технология





1. Экотоксикант – тірі организмнің денелерінде жинақталатын тамақтану кезінде, тамақтану звеносының төменгі сатысынан жоғары берілген қоршаған ортаның қалыпты жағдайда тұрақты болатын токсикалық заттар.

Токсикалық – химиялық заттардың потенциалды қауіптілігі, оның зиян келтірі қабілеті.

Полютант – латын тілінен аударғанда «былғау, былғану» деген мағынаны білдіреді.

Ауаны ластайтын экополютанттар: газдар, күкірт, азот, көмір оксидтері, хлор көмірсутектері, фреондар, т.б.

Суды және топырақты ластайтын экополютанттар: металдар, хлорорганикалық пестицидтер.

Қоршаған ортаға түскен экотоксиканттардың уыттылығы қоршаған ортаның экологиялық факторына байланысты. Қоршаған ортадағы токсиканттар бір заттан екінші затқа айналып, жаңа зат түзеді. Әр уақытта түзілген заттың токсикалық қасиеті бастапқы затқа қарағанда артық болады.

Топырақтағы, әсіресе, қышқыл ортадағы пестицидтердің көбі ондағы нитраттармен әректтесіп, екінші бір қосылыс түзеді. Ондай қосылыстарға:

4. Диалкил тиокарбонаттар.

5. Тиокарбонил дисульфиді.

6. Фенилсірке қышқылының тұздары.

Қазіргі кезде көптеген пестицидтер мен гербицидтері канцерогенді заттар деп атайды. Қоршаған ортаға түскен токсиканттардың бұзылу, бүліну қабілеті өте аз жылдамдықта жүреді. Көпшілігінің жүру жылдамдығы блотаның микроорганизмдердің қоректенуі ретінде немесе қоршаған ортаға жауы – шашын қатысында жүру жыламдығын тездетеді.

Организмге түскен экотоксиканттар, организмдегі барлық ағзадағы заттармен алмасып, организмнің қалыпты жағдайда дамуна кедергі келтіреді. Биологиялық айналым тотығудың, гидролиздің, дигалогендеудің, циклдың құрылымды молекуласының ыдырауының, алкил радикалдарының бөліну процестерімен жүретін процесс.

Көпшілік қосылыстардың гидратацияға ұшырауы, минералдануы жүреді. Кейде заттардың биотрансформациясы кезінде аралық өнім болып токсикалық заттар болуы мүмкін. Ол заттың уыттылығы бастапқы заттан артық болуы мүмкін.

Мысалы, сынап токсиканттардың әсерінен сынаптың органикалық қосылысы мети сынап түзеді. Оның уыттылығы сынаптан қарағанда артық болады.

2. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі кездегі көзқарас биопоэз теориясы деп аталады (биохимиялық эволюция теориясы деп те атайды). Бұл теорияны 1947 жылы ағылшын ғалымы Дж. Бернал ұсынды. Дж. Бернал биогенездің үш кезеңін ажыратты. Оның

· бірінші кезеңі — биологиялық мономерлердің абиогендік жолмен пайда болуы.

· Екінші кезеңі — биологиялық полимерлердің түзілуі.

· Үшінші кезеңі — менбраналы құрылымдар мен алғашқы ағзалардың (протобионттардьщ) пайда болуы.

Қазіргі кездегі биология ғылымының жетістіктеріне сәйкес тіршілік деген ұғымға көптеген анықтамалар беріліп жүр. Солардың ішінде орыс ғалымы М.В.Волькенштейннің берген анықтамасы ғылыми тұрғыдан дұрыс деп есептеледі. Бұл анықтама бойынша: "Жер бетінде тіршілік ететін тірі организмдер — нәруыздар мен нуклеин қышқылдарының биополимерлерінен тұрады және олар өзін-өзі реттеп отырады. Тірі организмдер артына өзі тектес ұрпақ қалдырып, тіршілік үнемі жалғасып отырады". Бұл анықтама әлем кеңістігіндегі басқа да ғаламшарларда жер бетіндегі тіршіліктен өзгеше тіршіліктің болуын жокка шығармайды.

3. Компьютерлік технология – компьютерлік өңдеу базасындағы ақпараттық технология [1].

Қоғамды ақпараттандыру келесі жағдайларды қамтамасыз етеді:

-қоғам мүшелері әрекеттерінің тұрақты кеңейетін баспа түрінде жинақталған ғылыми, өндірістік интеллектуалдық потенциалын белсенді пайдалану;

-қоғамдық өндірістің барлық сфераларының дамуын іске асыратын ғылыми және өндірістік ақпараттық технологияларды интеграциялау;

-пайдаланылатын мәліметтердің нақтылығын, бейнеленетін ақпараттардың визуалдылығын, қоғамның кез-келген мүшесінің сенімді ақпарат көздерін пайдалануын, ақпараттық қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету.

Қазіргі қоғамды ақпараттандыру үдерісінің басым бағыттарының бірі білімді ақпараттандыру – білім беру сферасын әдістемелік және техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету, оқыту мен тәрбие берудің психологиялық-педагогикалық мақсаттарына негізделген заманауи технологияларды оңтайлы пайдалану болып табылады.

Билет №64

Date: 2016-06-09; view: 1147; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию