Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Топарақ жамылғысы жағдайын болжау және бағалау, картографиялау





Топырақ жамылғысы – бұл аймақтарда дамитын топырақтардың бірлігі. Бұл горизонталды жағдай топырақтың созылуыменен, ал вертикальды жағдайы, оның қалындығыменен анықталатын үш өлшемді дене. Топырақ картасы жер ресурстарын есептеу, топырақ жамылғысындағы заңдылықты анаықтау және топырақтың географиялық таралуын көрсету үшін құрастырылады. Олар агротехникалық және мелиоративті шаралар көмегімен жерді тиімді қолдану және оның құнарлығын көтеру үшін топырақ сапасына баға беру мүмкіндік береді. Қазіргі топырақ карталарында топырақ жамылғысының құрамы және оның құрлымы көрсетіледі. Топырақ жамылғысының құрамы және оның құрлымы деген - бұл топырақ жамылғысы құрлымының белгілі типі, оған кіретін топырақтардың құрамы, сондай ақ, кеңістіктіктегі комбинациясы (горизонтальды құрлымы). Ірі масштабты топырақ карталарын құрастыру үшін негізгі мәліметтерге топырақтың генетикалық қима сипаттамасымен далалық зерттеулер және топографиялық карталарға немесе әуесуретке еңгізілген әрбір топырақтың таралған ареалдары жатады. Ұсақ масштабты топырақ карталары ірі масштабты карталарды жалпылау негізінде құрастырылады, ал аз зерттелген аймақтардың карталары далалық және маршруттық зерттеулер мәліметтері бойынша. Соңғы жылдары топырақ картасын құрастыру кезінде ара қашықтықтан зерттеу мәліметтері кеңінен пайдаланады. Сонымен бірге, табиғи ортада топырақ және басқа да компоненттер арасындағы байланыстарды қалыптастыратын, топырақ түзілудегі жергілікті физикалық-географиялық жағдайы туралы мәліметтер қолданылады. Топырақтың жіктелуі – маңызды қасиеттері, пайда болуы және құнарлығы ерекшеліктері бойынша топырақтарды топарға бірігуі - - генетикалық принциптер негізінде қалыптасады. Топырақ түзуші жағдай мен үрдістер, адамның шаруашылық әрекетінің нәтижесінде қалыптасқан топырақтың негізгі қасиеті мен құрамы есепке алынады. Қазіргі кездегі жіктелуінде топырақ жамылғысының морфологиясын есептеледі. Дүние жүзінің топырақ жіктелуінің схемасында топырақтың тұқымдастық, генерациясы және геохимиялық ассоциациясы бөлінеді. Тұқымдастық - топырақ кескінінің біртекті құрылымы бар, әртүрлі биоклиматтық зоналар мен белдеулердегі топырақ тобы. Мысалы, жартылай гидроморфты суббореальды, субтропиктік және тропиктік белдеулеріндегі сортаң топырақтары сортаң тұқымдасына бірігеді, ал күлгін және қоңыр күлгін топырақтар – элювийлі-күлгін сиаллитті топырақтарда бірігеді с.т.б. Топырақ түзуші минералдық өнімдердің әртүрлі құрамы кезінде53 қалыптасуын сақтап қалатын топырақ тұқымдастығы бір топырақ генерациясында бірігеді. Дүниежүзінің топырақ жіктелуінде шамамен топырақтың 29 генерациясына біріккен 40 басты тұқымдастығы бар. Топырақ генерациясы ассоциацияда бірігеді. Бір асссоцияға бірігетін топырақтар: а) барлық топырақ қабаттарында белгілі бір типтегі минералды заттардың балансы және б) қайта түзілу үрдісімен байланысты гравитациялық ылғал горизонтының болуы немесе болмауы. Топырақ ассоциациясы – бұл топырақ түзілудің негізгі бағыты. Дүние жүзінің барлық топырақтары 12 ассоциацияда бірігеді. Топырақтың бір ассоциациясы қышқылды-сілтілі және қышқылды-қалпына келу жағдайларымен ұқсас сонымен қатар, топырақтың органикалық бөлігі құрамының (қарашіріктің топтық құрамы, торф) ұқсастығына ие. Осы деңгейден төмен негізгі картографияланатын категориялар бөлінеді: типтер, типшелер, тегі мен түрі. Төменгі таксономиялық категорияларға разрядтар және топырақтың түрлері және пішіндері жатады. Топырақ типі қосымша қабаттарға байланысты типшелерге бөлінеді. Олар топырақтың берілген типінің басқалармен байланысатын көрсетеді Мысалы, күлгін типі келесі типшелерге бөлінеді: нағыз күлгін, күлгін- күлгенше, шымды-күлгін, шымды топырақтар. Осылайша, қара топырақтарда бөлінеді: күлгін, сілтілі, жай қара топырақ және оңтүстік қара топырақтар. Типшелер текке (род) бөлінеді – топырақ түзуші жыныстармен байланысты кескіннің сапалық ерекшеліктері бойынша, грунт суларының химиясы немесе тағы басқа көрсеткіштері пайдалынады. Топырақ түрлері қабаттың қалындылығында, қарқындылығында пайда болатын негізгі процестің дамуы бойынша бөлінеді. Карбонаттар, тез еритін тұздардың кеңістіктік орналасуы мен құрылымымен анықталады. Мысалы, топырақтың келесі түрлері бөлінеді: гумусы аз қара топырақтар, орта гумусты қара топырақтар т.б. немесе әлсіз, орташа және қатты күлгін топырақтар.


Билет №47

1.ҚО-ға түсетін экотоксиканттардың негізгі процесстері.

2.Антропогендік пресса жағдайындағы биосфера эволюциясы. Озондық қабаттың жұқаруы. Қышқыл жаңбырлар, олардың өсімдіктер мен жануарлар әлеміне әсері.

3.Экологиялық картографиялау.

Жауабы:







Date: 2016-06-09; view: 1453; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию