Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Экологиялық картографиялау





Экологиялық картографиялау міндеті – экология қағидалары мен экожүйе қалыптасуының негізгі заңдылықтары туралы білімді биосфераның кеңістіктегі құрылымына негізделген географиялық ой-өріспен біріктіру.

Жалпы экологиялық картографиялаудың мақсаты экологиялық жай-күйді және оның динамикасын талдау, былайша айтқанда адамның денсаулығы мен экожүйелерге әсер ететін табиғи орта факторларының кеңістік пен мезгілдегі өзгерістерін айқындау. Бұл мақсатқа жету үшін көп мағыналы, кей жағдайда салыстырылуы қиын болатын экологиялық ақпараттардан географиялық тұрғыдан дұрыс түсініктер құрау үшін оларды жию, талдау, бағалау, біріктіру, аумақтық пайымдау қажет етіледі.

Сонымен бірге экологиялық картографиялау көбінесе мемлекеттік, аймақтық және жергілікті бағдарламалар мен табиғатты қорғау жобаларын қамтамасыз етуге бағытталған. Сондықтан табиғатты қорғау іс-әрекеттерін жоспарлау, іске асыру және нәтижелерін бақылау экологиялық жағдай мен оның аумақтың әртүрлі бөлімдеріндегі динамикасы жайында шынды мәліметтерді талап етеді. Осыған орай ақпараттардың картографиялық түрін пайдаланбау мүмкін емес.

Билет №48

1.Химиялық элементтердің технофильдігі. Химиялық элементтердің биофильдігі.

2.А. Вагенер континенттерінің дрейф теориясы мен тектоникалық плиталар теориясы.

3.Экологиялық мониторингтің контактілі әдістері.

Жауабы:

1. Соңғы жылдарда әлемдік жаһандану үрдісінде табиғатта тепе-теңдік жағдайында сақталып тұрған кейбір химиялық элементтердің адам ағзасында бірден көбейе түсуі және ағза үшін маңызы бар элементтер мөлшерінің кеміп кетуі байқалуда. Химиялық элементтердің барлығы да тиісті мөлшерден артық болса немесе азайып кетсе адам ағзасына кері әсер ететіні анықталған. Химиялық элементтердің табиғатта таралу жағдайларына жасалған зерттеулер бойынша жердің массасының шамамен 50%-ын оттек, 25%-дан астамын кремний құрайды. Он сегіз элемент — оттек, кремний, алюминий, темір, кальций, калий, натрий, магний, сутек, титан, көміртек, хлор, фосфор, күкірт, азот, марганец, фтор, барий – жер массасының 99,8%-ын құраса, ал қалған 0,2%-ы барлық басқа элементтердің үлесіне тиеді.

Элементтердің ағза мен қоршаған ортада әркелкі таралуы олардың сіңірілуіне, табиғи қосылыстардың судағы ерігіштігіне байланысты. Суармалы жерлерден жылына 6 млн.т. тұздар шайылып, жер бетіне таралып отырады. Бұл көрсеткіш жылдар өткен сайын 12 млн.тоннаға дейін артатындығы жайлы ғылыми болжамдар бар.

Кремнийдің, алюминийдің табиғи қосылыстары суда ерімейді, сондықтан олар тірі ағзаларға сіңірілмейді. Тірі жүйелер негізін, ағзаның 97,4%-ын құрайтын элементтер — органогендер: көміртек, сутек, оттек, азот, күкірт, фосфор (көміртек негізгі органоген). Оттек пен сутекті көміртектің органикалық қосылыстарының тотығу және тотықсыздындыру қасиеттерін реттеуші ретінде қарастыруға болады. Қалған үш органоген – азот, фосфор, күкірт ферменттердің белсенді ортасын түзушілер. Химиялық элементтердің ағзадағы мөлшерінің өзгеруіне әр түрлі аурулар әсер етеді. Мысалы, рахитпен ауырғанда фосфорлы – кальцийлі алмасу бұзылады да ағзадағы кальцийдің мөлшері төмендейді. Нефритпен ауырғанда электролитті алмасудың бұзылуының әсерінен ағзадағы кальцийдің, натрийдің, хлордың мөлшері азаяды да магний мен калий көбейеді.


2. Гендер дрейфі (шайқалуы) немесе генетикалық автоматты процестер популяциядағы аллельдер жиілігіне әсер етеді. Бұл құбылысты 1931 жылы бір-біріне байланыссыз түрде бұрынғы Кеңес одағында Н.П.Дубинин мен Д.Д.Ромашов және Англияда С.Райт анықтады. Гендер дрейфі дегеніміз кездейсоқ себептерден, мысалы, популяция санының азаюына байланысты болатын, келесі ұрпақтарда қайталанып отыратын аллельдер жиілігінің өзгерісі. Гендер дрейфінің мәні популяция мөлшерінің генотиптік құрылымына әсер ете алатындығында, популяцияның саны күрт өзгерген жағдайда, мысалы қыста қатты суық болғанда, дарабастар жаппай қырылған кезде, кездейсоқ себептермен сирек кездесетін кейбір ауытқуларды алып жүретіндері сақталып қалуы мүмкін. Олар популяция санының одан ары қарай артуы үшін бастама болып табылады және дарабастардың сыртқы ортаға кеңінен таралып бейімделуіне ықпал етеді.Гендер дрейфінің мәні популяция мөлшерінің генотиптік құрылымына әсер ете алатындығында, популяцияның саны күрт өзгерген жағдайда, мысалы қыста қатты суық болғанда, дарабастар жаппай қырылған кезде, кездейсоқ себептермен сирек кездесетін кейбір ауытқуларды алып жүретіндері сақталып қалуы мүмкін. Олар популяция санының одан ары қарай артуы үшін бастама болып табылады және дарабастардың сыртқы ортаға кеңінен таралып бейімделуіне ықпал етеді. Табиғи жағдайда әртүрлі организмдер санының оқтын-оқтын ауытқып отыруы өте кең тараған құбылыс. Популяцияны құрайтын дарабастар санының ауытқуы популяциялық толқын деп аталады. Популяция толқыны гендер дрейфінің басты себептерінің бірі болып есептелінеді. Гендер дрейфінің екі түрін атауға болады: негіздеуші әсері және «бөтелке мойыны». Аллельдер жиілігінің кездейсоқ өзгеруі негіздеуші әсерінен болатындығы сияқты, популяция эволюция процесінде аз сандылыққа айналған жағдайда да пайда бола алады. Мұндай құбылыс «бөтелке мойыны» деп аталады. Популяция тарихындағы кезеңдер: 1.Алғашқыда популяция санының көптігінің, қоршаған ортаның қолайлы факторлары және өмір сүру ареалының кеңдігі арқасында жоғары генетикалық алуантүрлілікке ие.2.Климаттық немесе басқа да өмір сүру жағдайлары қолайсыздана бастағанда популяция саны шұғыл кысқарып оның толық жойылу қаупі туады.3.Кейіннен мұндай популяция өз санын қайта қалпына келтіруі мүмкін, алайда гендердің дрейфі салдарынан аллельдердің жиілігі өзгереді және ол өзгерістер келесі ұрпақтарда сақталады. Бөтелке мойын» эффектісі атауы популяция санын көрсетудің әдістерінің бірі. Егер схема түрінде популяция санын бір мезгілде эллипс түрінде бейнелесе, ал санын келесі уақытта тура солай, бірақ пропорцинальды көлемін бірінші бейнеден жоғары қылса, онда популяция санының кенеттен төмендеуі – бөтелкенің мойны сияқты көрінеді. Тектоникалық плиталар


Жердің тектоникалық плитасы туралы теорияға сүйенсек, жердің сыртқы қабаты бірнеше плитадан тұрады. Бұл плитарлар Жер қыртысы мен мантияның үстіңгі қабатын қамтиды. Тектоникалық плиталар мантияның беткі қабатына жылжып жүреді. Бұл теория Жер туралы қарапайым тұжырымға негізделген.

Плиталардың ажырауы

Екі мұхит асты плитасы бір-бірінен алшақтап кеткенде магмадан жаңа мұхит қыртысы түзіледі, бұл құбылысты "спрединг" деп атаймыз (ағылшын тілінен алғанда "spreading" - "созылу", "кеңею" деген мағына береді.)

Плиталардың жақындасуы

Екі плита соқтығысқан кезде олардың сыртқы қабаттары сыпырылып түсіп қалады, нәтижесінде плиталардың көлемі кішірейе береді. Осылайша, субдукция аймағы (мұхит түбі мантияға қарай тереңдейді) пайда болады. Соқтығыс нәтижесінде пайда болған траншеялар бірігеді. Ол "плитарлардың бөліну шекарасы" деген атпен танымал. Плиталардың бір бүйірлеп жылжуы. Екі плита бір-біріне қарама қарсы жылжып, соқтығысқан кезде жер сілкінеді. Плиталар жылжып келе жатқанда бір-біріне тиіп кетіп, соғылып қалады.







Date: 2016-06-09; view: 1814; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию