Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Химиялық элементтердің техногенді миграциясы





Табиғаттың барлық заттары жəне оларды құрайтын химиялық элементтердің атомдары əртүрлі геохимиялық жəне космохимиялық процестердің нəтижесінде тоқтамайтын жəне заңды қозғалыста, орын ауыстыруда, қайта топталуда жəне қайта бөліну күйінде болады. «Химиялыэлементтерді. миграциясы» терминін 1923 жылы геохимияға А. Е. Ферсман енгізген. Бұл түсінікті ол, Жер қыртысындағы шашырауға жəне концентрацияға алып келетін химиялық элементтердің орын ауыстыруын анықтайтын процестер кешені деп түсінді. Жер қыртысындағы элементтердің бөлінуі жəне орын ауыстыруы көбінесе олардың құрылысының ерекшеліктерімен, анықтаудың түрлерімен, сонымен қатар қарастырылып отырған элементтерді (олардың қосылыстары) құрайтын сыртқы жағдай- лардың кешенімен анықталады. Пайдалы қазба кенорындарын геохимиялық əдіспен іздеу кезінде осы факторларды ескеру арқылы қарастырылып отырған элементтер миграциясының даму тарихы мен жолдарын біршама дəл анықтауға мүмкіндік береді жəне іздеу жұмыстарының тиімділігін арттырады. А. Е. Ферсман элементтердің миграция құбылысын, геохимиялық реакциялардың жəне геохимиялық кешендердің əр түрлілігін жəне көп түрлілігін анықтайтын табиғаттың маңызды құбылысы деп айтқан. Геохимиялық миграция түсінігін нақтылай отырып, ол кларк схемасында нақты бір геохимиялық жүйеде химиялық элементтердің таралуын орташа м0лшер деп қараған, осының нəтижесіндегі кез келген ауытқулар миграция жолымен жүзеге асырылады деп айтқан. Жер қыртысындағы кез келген элементтің миграциялық жағдайының қалпын А. Е. Ферсман бойынша келесідей схемамен көрсетуге болады: Дисперстік жағдай (шашырау жағдайы) – орташа м0лшері (осы жүйенің кларкы) – концентрация (салыстырмалы концентрация) - 0неркəсіптік концентрация (кенорынның жаралуы). Химиялық элементтердің миграциясы біршама қозғалмалы жүйелерде сұйық күйінде (магмалық балқымалар жəне ерітінділер жəне т.б.), газ тəрізді фаза түрінде (атмосфера газдары, жанартаулық газдар, радиоактивті газдар жəне т.б.), сирек қатты минералды массаларда (таужыныстардағы атомдардың диффузиясы құбылысы жəне т.б.) жүзеге асады. Көптеген элементтердің миграциясы организмдердің жəне адамның тіршілігіне септігін тигізеді. Жер жағдайындағы химиялық элементтердің миграциясы атомды(инертті газдар, булар, сынап булары жəне т.б.), ионды (ерітінділер, балқымалар жəне коллоидты жүйелер), молекулярлы(ерітінділер, силикатты балқымалар) немесе коллоидты, сонымен қатар дисперсті (таужыныстардың жəне минералдардың сынықтары) қалыпта жүзеге асады. Химиялық элементтер миграциялық қабілеттілігіне байланысты, яғни геохимиялық процестерде орын ауыстыруының қарқындылығы бойынша өзара бөлінеді. Сонымен қатар, элементтердің миграциялық қабілеттілігі миграция ортасының термодинамикалық жағдайына байланысты өзгеріп отырады.







Date: 2016-06-09; view: 2305; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию