Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тірі организмге жіті әсер етудің 3 фазасы. Адаптация және бейімделу





Кез келегн тірі организм өзін айнала қоршаған табиғи ортамен тығыз байланыста ғана өмір сүре алады. Олар –топырақ, су, минералды заттар, жер бедері және атмосфералық әр түрлі құбылыстар. Табиғи ортаның компоненттері тірі организмдерге оң немесе теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан әрбір организмнің өзіне ғана қолайлы ортасы немесе мекені болуы тиіс. Мәселен,көлбақа үшін қалыпты өсіп көбеюіне қолайлы орта-ылғалы мол жер. Ал қуаң дала немесе шөлейтті жерлер ол үшін қолайсыз, өмір сүре алмайтын орта болып табылады. Бірақ та, организм үшін табиғаттың барлық элементтері белгілі мөлшерде қажет және жиынтық күйінде әсер етеді. Олардың біреуі өте қажет, екіншісі орташа, ал үшіншісі мүлдем қажет емес зиянды болуы мүмкін. Сонымен орта дегеніміз-организмнің өсіп көбеюіне, тіршілігіне, дамуы мен таралуына тікелей жанама әсер ететін айнала қоршаған орта компонеттерінің жиынтығы. Ал организмге қажетті жағдайлар деп-тек сол организм үшін қажет немесе теріс әсерін тигізетін ортаның элементтерін айтамыз. Экологиялық фактор дегеніміз- организм үшін қажет немесе теріс әсерін тигізетін ортаның элементтерін айтамыз.табиғатта экологиялық фактор жиынтық күйінде әсер етеді. Организмде болса факторлардың әсеріне әр түрлі реакция жауап береді.

Сонымен, қоршаған орта факторлары 3 топқа бөлінеді:

1.) Абиотикалық факторлар- өлі табиғаттың әсері (климат, t0-ра, ылғалдылық, жарық және т.б.

2.) Биотикалық факторлар – тірі организмдердің әсері.

3.)Антропогенді факторлар – адамның әртүрлі іс-әрекетінің әсерлері.

1.Абиотикалық факторларға айналадағы ортаны, яғни өлі табиғатты құрайтын жеке құрамды бөліктері жатады. Мысалы: климаттық факторлар (ауаның ылғалдылығы, жауын-шашын мөлшері, ауаның t0 –сы, жарық мөлшері, күн мен түннің ұзақтығы, желдің әсері, ауа қысымы, ауа құрамы);

Топырақтың әсері (химилялық құрамы, физикалық және химиялық ерекшеліктері); гидрологиялық факторлар(судың тұнықтылығы, күн сәулесінің түсуі, құрамы, қысымы, ластануы т.б.); жер бедерінің әсері.

2.Биотикалық факторлар ағзалардың тіршілік әрекетіне байланысты бір-біріне тигізетін сан алуан әсерлері жатады.

3.Антропогенді факторлар биотикалық факторлар қатарына жатқызып келген болатын. Бірақ соңғы кездегі адамның іс-әрекетінің табиғатқа қарқынды, әрі жан-жақты ықпал ететіне байланысты ол жеке қарастырылады.

Адаптация (лат. adaptatio — бейімделу) — жануарлар организмдерінің, олардың мүшелер жүйелерінің құрылысы мен қызметі жағынан белгілі бір тіршілік ортасына бейімделу процесі; бір биологиялық түрдің морфофизиологиялық мінез-құлық - популяциялық т.б. оған ыңғайлы табиғи ортада өзіне тән өмір сүруіне мүмкіндік беретін ерекшіліктері. Бейімделу әрбір түрдің барлық даму сатысында даму арқасында қалыптасады. Бейімделу жиынтығы ағзалардың құрлысы мен тіршілігінің табиғи қажеттілігін қалыптастырады.Адаптация теориясы (лат. adaptatioбейімделу, икемделу) — үндіеуропалыкфлективті формалардын шығу тегі туралы 19 ғасырдың ортасында ұсынылған ғылыми болжамдардын бірі. Ол бойынша сөз түрлендіруші-қосымшалар мен есімдіктер бір-біріне тәуелсіз дербес дамыған, тек кейін грамматикалық мағыналарды білдіру үшін өзара бейімделген. Адаптация теориясысын Бопптың агглютинация теориясына қарама-қарсы ұсынған — санскрит тілін зерттеуші Людвиг. Оның түсіндіруінше, үнді-еуропалы кесім мен етістіктің жалғаулары алғашында жинақты сілтеу мағынасындағы негіздерді жасайтын суффикстер болган. Бірақ әртүрлі мағыналар мен катынастарды білдіру қажеттілігіне байланысты бұл көне негіздер флективті мағына беретін болған да, ал олардын бұрынғы суффикстері жана грамматикалык категорияларды білдіруге бейімделген. Адаптация теориясы Боппка қарсы бағытта эволюция теориясымен сабақтасып жатыр (Ф. фон Шлегель). Агглютинациятеориясынан бұрын шыккан, бірак жақтаушылары аз болған бұл теория бойынша, жалғаулар — алғашқы, ал есімдік — жалғаулардан шыққан кейінгі элементтер деп түсіндіріледі.


 

2.Жердегі өсімдіктер мен жануарлар әлемінің көптүрлілігі. Биосфералық резерваттар. Биосфералық резерваттар дамуының Севильдік стратегиясы. Өсімдіктер (лат. Plantae)[2] — тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (біріншісі - жануарлар). Құрлықтың барлық жерінде өседі, суда кездесетін түрлері де бар. Өсімдіктердің 375 000-ға жуық түрі бар. Өсімдіктер тұқымтобының ең үлкені - гүлдейтін немесе жабық тұқымды өсімдіктер. Олардың 250 000-нан астам түрі бар. Өсімдіктер күн сәулесінің көмегімен (фотосинтез) өз қорегін табады. Саңырауқұлақтар бұрын өсімдіктер қатарына жатқызылатын, алайда өз қорегін өндірмейтін болғандықтан, қазір олар жеке класқа жіктелген. Олардың 100 000-ға жуық түрі бар. 20 ғасырдың ортасына дейін өсімдіктерді төмен сатыдағы (бактериялар, балдырлар, кілегейлілер, саңырауқұлақтар, қыналар) және жоғары сатыдағы өсімдіктер (ринийлер, мүктәрізділер, псилофиттер, плаунтәрізділер, қырықбуындар,қырыққұлақтәрізділер, ашықтұқымдылар және гүлді өсімдіктер не жабықтұқымдылар) деп бөлді. 20 ғасырдың аяғында бактериялар мен саңырауқұлақтар өз алдына жеке патшалық болып бөлінді. Соңғы жүйеленім бойынша өсімдіктер 3 патшалық тармағына жіктеледі:

· қызыл балдырлар

· нағыз балдырлар

· ұрықты не жоғары сатыдағы өсімдіктер.

Өсімдіктерді топтарға біріктіргенде олардың біріне-бірінің ұқсастықтары немесе айырмашылықтарын көрсететін белгілер пайдаланылады. Солар арқылы өсімдіктердің біріне-бірінің туыстық жақындықтарының деңгейі анықталады.
Құрылымы, тіршілік етуі жағынан бірдей және өз ата-енелеріне ұқсас, жеміс беретін, ұрпақ түзе алатын дарақтар бір түрге жатқызылады.Құрылысы жағынан ұқсас түрлер туысқа біріктіріледі. Жақын туыстар бір тұқымдасқа олардың әрқайсысын қандай да бір класқа жатқызады.


Жануарлар (лат. Animalia) — тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі – өсімдіктер); жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты организм дер. Жануарлар құрылысына қарай бір жасушалы организмдер және көп жасушалылар болып екі топқа бөлінеді. Жер бетінде жануарлар прокариоттар (ядросыз организмдер), балдырлар, саңырауқұлақтар дан кейін пайда болған.Палеонтологиялық зерттеулерге қарағанда олардың жасы – 0,8 млрд. жылдан аспайды (1998). Жануарлардың дамуы да қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасқан. Эволюциялық өзгерістер сыртқы ортаның өзгерісіне организмдердің бейімделуімен ұштасады. Мысалы, құрлық жануарларының арғы тегі су жануарлары болып саналады. Ал қоршаған ортаға бейімделе алмаған құрлық жануарлары бұрынғы тіршілік ортасында қалып қойған. Жануарлардың қазба қалдықтарын зерттеу нәтижесі қарапайым организмдердің архей эрасында мұхиттарда бұдан 1 – 1,5 млрд. жыл бұрынжасуша формасында хлорофилсіз амеба тәрізді талшықтылар түрінде пайда болған деп жорамалдауға мүмкіндік береді.Протерозой эрасында тіршілік еткен жануарлар қалдықтарынан радиоляриялар, фораминифералардың іздері, губкалардың қаңқалары, буылтық құрттардың түтікшелері, моллюскілердің бақалшақтары, тіпті буынаяқтылардың да қалдықтары табылған. Жануарларда ас қорыту, қан айналу, жүйке жүйесі, сезім және жыныс]органдары, тыныс алу, зәршығару жүйесі жақсы жетілген. Дүние жүзінде жануарлардың 1,6 млн-дай түрі, 17 типі бар. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы өте зор: көпшілігі пайдалы болып табылады. Азық-түлік, әртүрлі өнеркәсіп шикізатын: ет, май, сүт, тері, жүн, бал, жібек, мүйіз, бақалшақ, т.б. береді. Сондай-ақ, олар – ауыл шаруашылық дақылдарының тозаңдатушылары, топырақ түзушілері, басқа жануарларға азық қорлары, органикалық заттардың ыдыратушылары болып табылады. Жануарлардың өнімділігін арттыруды, тиімді пайдалануды және табиғаттағы қорын сақтауды зоология ғылымы мен оның салалары зерттейді.


Биосфералық резерваттарды кейде «Биосфералық қорықтар» деп те атайды. Мұндай мәртебені иеленген биосфералық қорықтар ЕҚТА-дың ғаламдық деңгейіндегі жеке тобы болып саналады және олар Әлемдік биологиялық резерваттар жүйесінің (ағылшынша: World Network of Biosphere Recerves) тізіміне тіркеледі.Биосфералық резерваттар мәртебесін иеленген ЕҚТА-тар аумағының табиғаты адамның іс-әрекеттерінен бастапқы табиғи қалпынан онша өзгере қоймаған ауқымды аумақтарды қамтиды әрі белгілі бір географиялық табиғи белдемдерге тән ерекшеліктері бар аумақтар тіркеледі.

Биосфералық резерваттар негізінен табиғат пен қоғам арасындағы тепе-теңдікті сақтау және қоршаған табиғи ортаның тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылады. Сонымен қатар, әлемдік биосфералық резерваттар жүйесіне тіркеліп, халықаралық деңгейде бірлесе отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді, өзара тәжірибе алмасады және табиғатта болып жатқан түрлі өзгерістерге алдын ала болжам жасап, қоғам мен табиғат арасындағы келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін тиімді шаралар қабылдап отырады.

Биосфералық резерваттарды ұйымдастыру жұмыстары алғаш рет ХХ ғасырдың 70-жылдарының екінші жартысынан басталды. 1976 жылы АҚШ-та тұңғыш рет биосфералық резерват ұйымдастырылып, онда ұзақ уақытқа арналған ғылыми-зерттеу жұмыстары белгіленді. Сонымен қатар, осы жылы биосфералық резерваттар ұғымына нақты анықтама берілді.

1983 жылы Белоруссияның астанасы Минск қаласында биосфералық резерваттарға арналған алғашқы Конгресс болып, онда биосфералық резерваттар жүйесін алдағы уақыттарда дамытудың жоспары белгіленді.

1992 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында Жер ғаламшарындағы табиғи қоршаған орта туралы Саммит ұйымдастырылып, онда биологиялық алуантүрлілік Конвенциясы қабылданды. Бұл Конвенцияда ғаламдық деңгейдегі әлеуметтік және экономикалық мәселелерді табиғи қоршаған орта мәселелерімен байланыстыра отырып шешу қажеттігі айрықша атап өтілді.

Қазіргі кезде (2011 жылы) дүниежүзінің 564 мемлекетінде 109 биосфералық резерваттар тіркелді. Оған биылғы жылы (2012 жылы) тағы да 15 биосфералық резерват қосылып отыр.

Биосфералық резерваттарда биологиялық алуан-түрлілікті сақтап қалу туралы ғылыми-зерттеу жұмыстары ғаламдық деңгейде жүргізіледі. Соңғы жылдары дүниежүзінің түрлі аймақтарында адамның шаруашылық іс-әрекеттерінің табиғатқа және оның түрлі байлықтарына әсер етуі жылдан-жылға қарқынды түрде жүріп жатқандығы байқалады. Мысалы, 1600 жылдан бастап Жер бетінде ресми деректер бойынша құстардың 74 түрі, сүтқоректілердің 63 түрі мүлде жойылғандығы анықталды. Дәйекті деректер бойынша қазіргі кезде Жер бетінен маржан полиптерінің – 27%, акулалардың – 17 %, қосмекенділердің - 21 %, құстардың – 12 % және сүтқоректілердің 21 %-на жойылып кету қаупі төнгендігі анықталып отыр.

Биосфералық қорықтар туралы Халықаралық конференция XXIғасырдағы биосфералық қорықтардың рөлі мен дамуының Севилья стратегиясын жасады.

 







Date: 2016-06-09; view: 1308; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию