Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ксенобиотиктердің енуіндегі тірі организмдердің негізгі реакциялары. Популяция немесе экожүйеге әсер ететін заттың мөлшері





Ғылымда осы бағытты зерттеген ғалымдар В.Н.Немых пен А.Н.Пашков (1997) ксенобиотиктердің адам организміне енуінің үш жолы бар деп есептейді. Олар ингаляцилық,алиментарлық және транскутандық (тері арқылы) ену жолдары.

Ксенобиотиктердің тірі организмге енуінің ең қарапйым жолы-бұл алу жолдары арқылы өту, өйткені клетка мембранасының беті өте үлкен болады. Қарапайым диффузия әдісімен ақуыздың кілегейлі қабықшасы арқылы көптеген заттар сіңіріледі. Осылайшағ көптеген бөгде қосылыстар ішек эпителийі арқылы асқазаннан сіңіріледі. Ксенобиотиктер мен олардың метоболиттері тері өкпе арқылы сіңірілген соң кедергі ұлпалары арқылы өтіп кете алады.

Ксенобиотиктер организм ішінде бірнеше жолдармен-иондалмаған күйде(бейэлектролиттер), иондар түрінде (сілті емес электролиттер), аминқышқылдар мен белоктар кешені (сілті емес электролиттер және органикалық қосылыстар) түрінде-тасымалданады. Олардың организмде бөлініп таралуы өздерінің қасиеттеріне және ұлпалардың ерекшеліктеріне байланысты:

Көптеген ксенобиотиктер, әсіресе пестицидтер суда нашар ериді, ал майларда, керісінше, жақсы ериді. Олар мембраналардың көмірсу қабатында, май клеткаларының вакульдерінде жинақталады және несеппен бірге организмнен шығарылмайды;

Өзге (терациклин)антибиотиктер сүйектенген тәрізді;

Ксенобиотиктер нуклеин қышқылдарымен (кейбір антибиотиктерғ афлатоксиндер)қоысылып, мутация құбылысына әкеп соқтыруы мүмкін.

Популяциялар экологиясы – бір тектес дарақтардың табиғи топтамаларын, яғни популяцияларды зерттейтін экология бөлімі. Әрбір популяцияда оның өзіне ғана тән өзгешеліктері болады. Бұл өзгешеліктерге олардың сол жердегі температураға, дымқылдыққа, топырақ табиғаты мен өсімдігіне, тамақтық ресурстарға сәйкес келетін сандық мөлшері мен сол өмір сүретін ортасындағы тығызыдығы жатады. Популяцияның сандық мөлшері деп осы түрдің сандық көлемін айтады. Популяцияның сандық мөлшері қоршаған өмір сүру ортасындағы әр түрлі факторларға байланысты өзгеріп отырады. Популяция тығыздығы деп өмір сүру ортасының бірлік көлеміндегі түрлер санын айтады. Экожүйелер – энергия мен қоректік заттардың айналымы арқылы бір-бірімен тығыз байланыста өмір сүріп жатқан әр түрлі ағзалар жиынтығы мен олардың өмір сүру ортасы. Экожүйенің тірі құраушысы – қауымдастық (биоценоз). Экожүйелер кеңістіктік масштабы бойынша әр түрлі деңгейдегі мына экожүйелерді қарастырады: микрожүйелер, мезоэкожүйелер, макроэкожүйелер, үлкен экожүйелер. Өмір сүру ортасына байланысты құрлықтық және сулы экожүйелерді қарастырады.

2.Биогенді элементтердің биогеохимиялық циклдері (көміртегі, кальции, азот, фосфор, күкірт, калии,йод және т.б.)

Тірі ағзалар биосферада маңызды биогенді элементтердің зат айналымын жүзеге асырады.Олар кезектесіп тірі заттан бейорганикалық материяға өтіп отырады.Бұл циклдер екі негізгі топқа бөлінеді:газдардың айналымы және шөгінді заттар айналымы.Біріншісінде элементтердің негізгі көзі-атмосфера (көміртегі,оттегі,азот)екіншісінде-таулы шөгінді жыныстар(фосфор,күкірт және т.б)болып табылады

Көміртегінің айналымы. фотосинтез үшін көміртегінің көзі атмосферадағы немесе суда еріген көмірқышқыл газы болып табылады.Өсімдіктер түзген органикалық заттың құрамында көміртегі қоректену тізбегі бойынша тірі не өлі өсімдік ұлпалары арқылы өтіп,тыныс алу,ашу немесе отынның жануы нәтижесінде көмірқышқыл газы түрінде атмосфераға қайтады Көміртегі циклының ұзақтығы үш-төрт жүз-жылдаққа тең.

Азот айналымы. Өсімдіктер азотты ыдыраған өлі органикалық заттан алады.Бактериялар ақуыздардың азотын өсімдіктер сіңіре алатын түрге өткізеді.Атмосферадағы бос азотты өсімдіктер тікелей сіңіре алмайды.Бактериялар мен көк жасыл балдырлар атмосфералық азотты байланыстырып,топыраққа өткізеді.Көптеген өсімдіктер оладың тамырларында түйнектер түзетін азот-фиксациялаушы бактериялармен симбиоз түзеді.Өлген өсімдіктерден немесе жануарлардың өлекселерінен бактериялардың басқа топтарының іс-әрекеті нәтижесінде бос түрге өтеді де қайтадан атмосфераға қайтады.

Фосфор мен күкірттің зат айналымы.Фосфор мен күкірт тау жыныстарында болады.Тау жыныстарының бұзылуы мен эрозиясының әсерінен топыраққа өтеді де,оларды өсімдіктер пайдаланады.Редуцент-ағзалардың тіршілік қызметі нәтижесінде олар қайтадан топыпаққа қайтады.Азот пен фосфор қосылыстарының бі бөлігін жауын сулары өзендерге,одан теңіз бен мұхитқа қарай шайып,оны балдырлар қолданады

Оттегінің циклі Жердегі оттегінің циклі шамамен 2000жылда,судың* шамамен 2млн.жылда жүріп өтеді.Бұл заттардың атомдары Жер шарында әр түрлі тірі зат арқылы өткенАтмосферадағы оттегінің мөлшері біртіндеп артты.Соңғы600млн.жылда зат айналымдардың жылдамдығы мен сипаты қазіргі кездегі деңгейіне жақындады.

3.Су сапасындағы бақылау жүйесін қалыптастыру (ағын су саны мен орналасуын бақылау, көлденең және тігінен)

Қазақстан Республикасының су пайдалану мәселелері 2003 жылы 9 шілдеде қабылданған су кодексі мен реттеледі. Сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құқықтық қатынастарды, сондай-ақ өкілетті мемлекеттік органдардың сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құзыреттерін айқындау мақсатында әзірленген «ҚР Су кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы 2009 жылдың 2 қыркүйекте мақұлданды. Бұл құжаттар бізге қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық негіздерін қалыптастыруға және экология мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік берді.

Жер бетіндегі судың жапы мөшері 14 млн км3 шамасында. Бірақ қолданыста жарамды тұщы сулардың стационарлық қоры гидросфераның 0,3% көлемін ғана алып отыр. (4 млн км3 шамасында).

Біздің жер шарымызда су үнемі айналымда болады. Дүние жүзі мұхиттарыны бетінен жылына шамамен 412 мың м3 су буланады, ал оларға қайта түсетін жауын-шашынның жылдық мөлшері 310 мың км3 шамсында болады /1,8/. Табиғатта су таза күйінде кездеспейді. Бұған мысал ретінде жауын-шашынның құрамында 100 мг/л дейін жететін әр түрлі ластағыштар дәлел бола алады.

Су мониторингі жүйесінің шегінде жер үсті су көздерінің сапасын бақылаудың төмендегі түрлерін келтіруге болады:

· Жер үсті суларының ластану деңгейін физикалық,химиялық,гидрологиялық және гидробиологиялық көрсеткіштері бойынша бақылау;

· Арнайы міндеттерді шешу үшін арналған бақылау.

Осы бақылаудың әрқайсысы келесі қызеттердің нәтижесінде жүзеге асады: су нысандарында немесе олардың бөліктерінде алдын ала бақылау және зерттеу жүргізу; алдын ала таңдалып алынған тіректердегі су нысандарына жүйелі түрде бақылау жүргізу, яғни, су сапасы туралы мәліметтерді жекелеген бөліктерден жүйелі алу жіне белгілі бір мезгіл немесе кеңістікте алынған мәліметтер; шаруашылық ұйымдарды, сонымен қатар, қызушылығы бар мекемелерді жүйелі ақпараттармен және су көздеріндегі немесе суаттардағы су сапасы, гидрохимиялық режимнің өзгеріс болжамымен таныстырып, су ластануының тез өзгерісі туралы төтенше ақпараттармен қамтамасыз ету.

Әрбір нақты жағдайға анықталатын судың сапасы арнайы заңдылықтар мен зерттеулерден тұрады:

· Өзін-өзі тазарту процесінің негізгі заңдылықтарын бекіту;

· Су түбінде жиналған ластаушы заттардың су сапасына тигізетін әсерін анықтау;

· Суаттардағы химиялық заттардың балансын құрастыру;

· Коллекторлы-дренажды сулар арқылы химиялық заттардың шығарылуын бағалау және т.б. Су сапасын бақылау құрал-жабдықты база және бақылаау жүргізу үшін арнайы учаскені таңдаудан басталады. Су сапасын бақылаудң мақсаты-алғашқылық мәліметтердің аса жоғары стандартын қамтамасыз ету.

Билет №45

1.Экотоксиканттардың мутагенді, канцерогенді және тератогенді әсерлері

2.Адамзат үшін биосфера өнімділігін радикальді арттырудың мүмкін болатын жолдары.

3.ҚО жағдайы өзгеруінің мониторингі

Жауабы:

Date: 2016-06-09; view: 1148; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию