Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Мұнай және газ өндіру аумағындағы мониторинг
Мұнай-газ өндіретін аймақтардың осы күнгі экологиялық жағдайы саладағыәдебиеттерге, мұнай-газ өнеркәсібінің табиғатқа тигізіп жатқан кері әсерлері және оны азайтудың жолдары жайлы орындаған ғылыми зерттеу жұмыстарына және де қоршаған ортаны қорғаудың нормалық құжаттарына талдау жасалынды. Қазіргі кезде, экологиялық қауіпсіздік жалғыз біздің Республикамыз үшін емес дүние жүзі жұртшылығының назарын аударып отырған ең маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Табиғи ортада экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері белең алған: кейбір аймақтарда топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, ластануы, техногендік шөлейттену, тірі табиғаттың генетикалық қорының бүлінуі, тіршілікке қатер төндіретін қауіпті улы қалдықтардың қордалануы. Еліміздегі осындай экологиялық дағдарысқа химия, мұнай, металлургия, отын өнеркәсіптерінің жедел және мөлшерден тыс дамуы үлкен әсерін тигізуде. Жалпы кен орындарын игеру, оның ішінде мұнай - газ өндіру Қазақстан Республикасы экономикасы дамуының қайнар көзі. Соңғы 40 жыл ішінде адамзаттың энергия пайдалануы 2,5 есе өсіп отыр. 2025 – 2050 жылдары аралығында халық санының өсуі болжамына қарасақ, энергия пайдалану ең кем дегенде екі есе өсуі мүмкін. Мұнай-газ өндірудің 130 жылғы тарихында дүние жүзілік қордың 1/3 бөлігі игерілген, ол оның 1/3 бөлігі тек соңғы 10 жыл ішінде өндірілген. Егер энергия пайдалану жақын арада 2 есе артады десек, онда мұнай өндіру 2010-2020 жж аралығында, ал газ өндіру 2030-2040 жж аралығында биік шыңдарына жетпек. Қазақстан мұнай қоры жағынан әлемдегі ең ірі мемлекеттердің алғашқы ондығына кіріп отыр. Мемлекетіміздің Республикалық балансында 212 көмірсутекті кен орындары бар. Мұнайдың қоры жағынан қарасақ, территориямыздың 62% жерінде мұнай кен орындары орналасқан. Тек қана Каспий теңізі қайраңындағы мұнай қоры 13 млрд.т. Ал, Ақтөбе облысында жылына 4,5 млн.т.мұнай өндіріледі. Қазір Қазақстан Республикасы жылына 60 млн.т. мұнай өндіреді. Қазақстан дамуының стратегиялық жоспарына сәйкес мұнай өндіру дәрежесі 2010 жылы 100 млн.тоннадан аспақ. Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта-Мұнай мен газ улы заттар болғандықтан қоршаған ортаға түскенде табиғатқа және адам денсаулығына орасан зор зиян келтіреді. Топырақ, атмосфера, су қоймалары ластануға ұшырауда. Жер қойнауынан шамадан тыс көмірсутектерін игерудің нәтижесінде жасанды жер сілкінісінің пайда болған кездері де болды. Мұнай газ өнеркәсібінің табиғатқа және адам денсаулығына қолайсыз әсер етуін азайту мақсатында табиғатты сақтау технологиясын қолданып отыруды қажет етеді. Өндіруші компанияларға ілеспе газды жағуға тыйым салынды. Мұнайды бұрғылау орындарын су басып кетпеу үшін арнайы дамбалар тұрғызылуы керек. Мұнай және газды өндіретін және өңдейтін аудандарға жақын орналасқан елді мекендердегі адамдарды басқа жаққа, яғни қолайлы жерлерге кешіреді.Сонымен, Қазақстандағы ірі салааралық кешендердің біріне отын-энергетикасы жатады. Оның ішінде мұнай өнеркәсібі жетекші рөлді атқарады. Газ өнеркәсібі де жылдам дамуда. Бұл салаларды дамытуда табиғи ресурстарды тиімді пайдалана және қоршаған ортаны қорғай отырып игеру қажет. Билет №43 1.Химиялық қосылыстардың гонадотроптық және эмбриотроптық әсері 2.Биогеохимиялық провинциялардың табиғи және антропогендік жолмен пайда болуы. 3.Атмосфера ауа ластануын бақылайтын пост түрлері. Бақылау бағдарламалары. Жауабы: Date: 2016-06-09; view: 1542; Нарушение авторских прав |