Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Оршаған ортаны қорғау принциптері мен әдістері. Негізгі принциптері
Әрбір мемлекет, қоршаған ортаның ұлттық жүйесі-не қатысты оған қажетті саясатты жүргізу құқығын жүзеге асырып, сонымен бірге қазіргі заманғы халықаралық құқықтың жалпыға танылған принциптері мен нормаларын сақтауы тиіс: мемлекеттік егеменділікті құрметтеу, мемлекет-тердің егеменді теңдігі, аумақтық қатысты еместік және тұтастық, ынтымақ-тастық, халықаралық дауларды бейбіт шешу, халықаралық-құқықтық жауапкер-шілік. Олардан қоршаған ортаны қорғау бойынша барлық шарттар шығады. Арнайы принциптер. Қазіргі және болашақ ұрпақтардың игілігіне қоршаған ортаны қорғау – қоршаған ортаның халықаралық құқығының (ҚОХҚ) арнайы принциптері мен нормаларының бүкіл жиынтығына қатысты жалпылап қорытушы принцип. Оның мәні мемлекеттердің осы және болашақ ұрпақтардың игілігіне ынтымақтастық рухында олар үшін теріс салдарларды жоюды қосқанда қоршаған ортаның сапасын сақтау және қолдау бойынша, сондай-ақ табиғи ресурстарды ұтымды және негізделген түрде басқару бойынша барлық қажетті әрекеттерді қолдану міндетіне келтіріледі. Қоршаған ортаны қорғаудың арнайы принциптеріне төменде аталғандар жатады. 1. трансшекаралық зиян келтірудің рұқсат етілмеуі. Берілген принцип қоршаған ортаның шетелдік ұлттық жүйелеріне және жалпы пайдаланылатын аудандарға зиян келтіретіндей бақылау немесе өзінің қарауындағы шекте мемлекеттердің мұндай әрекеттеріне тыйым салады. 2. Қоршаған ортаның радиоактивті ластануының рұқсат етілмеу принципі ядролық энергетиканы пайдаланудың әскери де, бейбіт те облысын қамтиды. Қоршаған ортаның радиоактивті ластануына рұқсат етпеу принципі-нің элементтері (мысалы, атмосфераның, ғарыш кеңістігінің және Әлемдік мұхит түбінің ядролық сынақ жарылыстары нәтижесінде радиоактивті ластануына тыйым салудың қолданылып жүрген нормасы, сондай-ақ әлі қалыптасатын кейбір нормалар) қоршаған ортаны қорғау механизмінің ең маңызды буындарының бірін құрауы тиіс. 3. Әлемдік мұхиттың экологиялық жүйелерін қорғау принципі мемлекет-терді: теңіз ортасының барлық мүмкін көздерден ластануын болдырмау, қысқарту және бақылап сақтау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауға; зиянды немесе ластану қаупін бір ауданнан екіншіге тура немесе жанама тасымалдамауға және бір ластану түрін екіншіге айналдырмауға; мемлекеттерді және қарауында немесе бақылауында болатын тұлғаларды қызметі ластану жолымен басқа мемлекеттерге және олардың теңіздік ортасына зиян келтірмеуге міндеттейді. 4. табиғи ортаға әсер ету құралдарын әскери немесе кез келген басқа қастықпен пайдалануға тыйым салу принципі мемлекеттің шоғырланған түрінде бұзылу, зиян келтіру ретінде кең, ұзақ мерзімді немесе күрделі салдарлары бар табиғи ортаға әсер ету құралдарын пайдалануға тиімді тыйым салу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдау міндетін білдіреді. 5. экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету принцип ретінде соңғы жылдары қалыптаса бастады. Ол, ең алдымен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық проблемалардың жаһандық және өте өткір сипатын көрсетеді. Мемлекеттердің әскери-саяси және экономикалық қызметті жүзеге асыру міндетін қоршаған ортаның теңбе-тең күйін сақтауы мен қолдауын қамтамасыз ететіндей, осы принциптің элементтері деп есептеуге болады. 6. Қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық шарттардың сақталуын бақылау принципі ұлттық жүйеден басқа сондай-ақ қоршаған орта сапасын халықаралық бақылау және мониторингінің тармақталған жүйесін құруды көздейді. Олар жаһандық, өңірлік және ұлттық деңгейлерде халықаралық танылған критерийлер мен параметрлер негізінде жүзеге асырылуы тиіс. 7. Қоршаған ортаға зиян келтірілгені үшін мемлекеттердің халықаралық-құқықтық жауапкершілігі принципі ұлттық қарауындағы немесе бақылау шегінен тыс экологиялық жүйелерге елеулі зиян келтірілгені үшін жауапкершілікті көздейді. ХҚҚО дамуы сондай-ақ кеңес беру, қоршаған ортадағы сапаны және өзгерістерді бақылау, қоршаған орта жағдайындағы болжанатын елеулі өзгеріс-тер туралы ерте хабарлау туралы уағдаластықтарды халықаралық-құқықтық практикаға ендірумен сипатталады. Олар қоршаған ортаға зиянды болдырмауға бағытталған, сақтандыратын әрекеттер жүйесінің қалыптасуына әкеледі. Қоршаған ортаны қорғау әдістері: - тікелей табиғатты қорғау шаралары (әр түрлі тазарту ғимараттарын әзірлеу және пайдалану, қайта өңдеу, қоймалау немесе қалдықтарды жою, бұзылған жерлерді қайта құнарландыру және т.б.); - аз қалдықты және ресурс жинақтайтын технологияларды әзірлеу және ендіру (пайдалы қазбаларды, минералдық және басқа шикізатты кешенді қайта өңдеу, қалдықтардың аз мөлшері пайда алу). Date: 2016-06-09; view: 2312; Нарушение авторских прав |