Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Аэроғарыштық мониторинг
1. Геохимиялық аумақтарда – бір немесе бірнеше хим. элемент қалыпты мөлшерден көп, ал қайсыбір элементтер аз тараған жер бетінің белгілі бір бөліктері (аймақ, облыс,аудан, т.б.). Геохимиялық аймақтың қалыптасуы осы аймақтардың геол. даму тарихына, құрамы әр түрлі магмалық және шөгінді жыныстардың таралуына және осыған сәйкес келетін петрограф. аймақтарға, хим. элементтердің миграциялық қабілетіне байланысты болады.Геохимиялық аймақтардың пайда болуы Жердің даму тарихындағы планетааралық құбылыстарға да тығыз байланысты. Геохимиялық аймақ жалпы тұрғыдан металлогендік аймақтарға сәйкес, бірақ кен түзілгеннен кейін, әр түрлі палеогеограф., палеоклиматол., т.б. жағдайларда өтетін экзогендік процестер нәтижесінде хим. элементтер қайта топтасады да Геохимиялық аймақтардың өз ерекшеліктерін туғызады. Геохимиялық аймақтардың басты сипаты – шоғырлану коэфф. (К). Ол белгілі бір хим. элементтердің осы аймақтағы орташа салмақ мөлшері (геохим. фон, Сф) сол элементтердің жер қыртысындағы орташа мәнінен (кларкінен, Ск) неше есе артық-кемін көрсетеді: К=Сф:Ск. Оның мәні әр элемент үшін әр аймақта әр түрлі, тіпті 0,01 – 100 арасында ауытқуы да мүмкін. Мыс., К мәні Pb, Zn, Cu, т.б. үшін Кенді Алтайда 20 – 50, Сарыарқада 10 – 30 арасында. Шоғырланукоэффициенті жоғары аудандарда сол элементтердің ірі кендері кездеседі. Аймақтың геохим. ерекшеліктері топырақ түзілуіне, өзен, көл, жер асты суларыныңминералдық құрамының қалыптасуына, өсімдік және жануарлар дүниесіне үлкен әсер етеді, бұларды білу кен іздеу жұмыстарын нәтижелі жүргізуге мүмкіндік береді. Элементтердің шамадан тыс артық не кем болуы жергілікті өсімдіктер мен жануарларда, адамдарда кейбір ауруларды туғызады (мыс., су құрамында йод өте аз және таулы аудандарда бұғақ ауруы жиі кездеседі).. 2. Бір территорияда немесе акваторияда өмір сүретін әр түрлі түрлердің популяциялары табиғатта өз алдына жеке изоляцияда, еш қатынассыз өмір сүре алмайды, олар бір – бірімен үнемі байланыста болады.Бұл қатынас түрлері әртүрлі және күрделі. Бір ағзалар басқа ағзалармен қоректенеді. Біреулері бірінің тіршілік ету ортасында өмір сүреді.Ал өте ұсақ микроағзалар өлген өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарын шірітеді. Соның негізінде табиғатта ағзалардың бірлестігі қалыптасады, олар сол территорияда немесе акваторияда тіршілік етуші барлық түрлердің популяцияларын біріктіреді. Бірлесіп тіршілік етуші және ағзалардың өзара байланысы биоцеоноз деп аталады (лат. Биос-тіршілік,цено – жалпы). Биоценоз алып жатқан абиотикалық орта аймағы биотоп яғни, биоценоз тіршілік ететін орта деген ұғымды береді (лат.биос - өмір,топос – орын). Биоценоздағы бір түрдің өкілдері биотикалық қатынастарының көптеген формалары олардың бірлестіктегі өмірлерінің негізгі жағдайларын, қоректерін табу жолдарын және жаңа кеңістікті иемдену мүмкіншіліктерін (конкуренттілік, комменсализм, жыртқыш – жәбірленуші және т.б.) анықтайды Әрбір бірлестіктегі жеке түрлерге жататын даралардың өзара және олардың басқа түрлер популяцияларымен қарым-қатынасын, дамуы мен алмасуына айналадағы орта жағдайларының тигізетін әсерін зерттеу де – экологиялық міндеттердің бірі 3. Ғарыштық Мониторинг – экоқұбылыстарды ғарыштық құралдардың көмегімен бақылау. Бұл қоршаған ортаның өзгеру өзгешелігі мен ластану ошағын жедел анықтауға; экологиялық өзгерістің амплитудасы мен ондағы қарқынды процестерді бақылауға; техногендік жүйелердің бір-біріне әсер ету әрекетін анықтауға мүмкіндік береді. 2005 жылдан бастап, ҚМГ-нің корпоративтік жауапкершілігінің барлық аумағындағы қоршаған орта жағдайының өзгеруін автоматты режимде бақылау мақсатында, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау бойынша барабар басқарушылық шешімдердің қабылдануын қамтамасыз ету үшін ҚМГ-нің Корпоративтік өндірістік экологиялық мониторингі жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде аэроғарыштық экологиялық мониторинг жүйесі құрылды және жұмыс істеп жатыр. Осы аэроғарыштық экологиялық мониторинг жүргізу жүйесі геоақпараттық технологияларды қолдануға, ғарыштық суреттерді қабылдау және өңдеу жөніндегі қазіргі заманғы арнайы жабдық пен математикалық бағдарламаларды пайдалануға негізделген және барлық экологиялық деректерді ұдайы жинақтауға, талдауға және қорытуға, сондай-ақ экологиялық жағдайды модельдеуге мүмкіндік береді, бұл үздіксіз жаңартылып отыратын электрондық экологиялық картаны құруға мүмкіндік берді. Билет №9 Date: 2016-06-09; view: 1989; Нарушение авторских прав |