Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Енгізу-шығару операторлары





Ақпаратты пернетақтадан енгізу read операторы көмегімен іске асырылады. Ол келесі пішімдердің бірінде берілуі мүмкін:

read (x1, x2,... xn);

немесе

readln (x1, x2,...xn);

мұнда x1, x2,... xn - енгізілген айнымалылар тізімі.

Програмада read операторы кездескен кезде, оның қызметі сол сәттегі берілген мәліметтерді енгізіп біткенше тоқтатылып тұрады. Енгізілген айнымалылар бір-бірінен бос орын пернесі арқылы немесе Enter пенесімен жекеленіп отырады.

Сонымен read және readln- нің айырмашылығы неде? Readln операторы read операторымен пара-пар, олардың айырмашылығы, бір readln операторы үшін мәндер тізімінің соңғысын есептеген соң келесі readln операторының мәліметтері жаңа жолдан бастап есептелінеді. Бірақ Enter пернесі мәліметтерді есептеудің қалай жүргендігіне байланыссыз курсорды жаңа жолға ауыстырады. Сандық мәндерді енгізу кезінде read және readln операторларының арасында аса үлкен айырмашылық болмайды. Жолдық айнымалыларды енгізген кезде readln операторын пайдаланған дұрыс. Жолдық мәндер қатарласып немесе Еnter пернесі арқылы бөлінеді. Жолдық айнымалыларды енгізу туралы 8.1. бөлімде толығырақ қарастырамыз.

program three;

var

a, b, c: real;

begin

read (a, b);

c:=a+b;

end.

 

Дисплей экранына ақпаратты (сан, жол және бульдік мән) шығару үшін write және writeln операторлары қызмет атқарады. Жалпы жағдайда write және writeln опраторлары келесі түрде беріледі:

write(х1, х2, …, хn); writeln(х1, х2, …, хn);

 

мұнда х1, х2,..., хn айнымалылар, константалар, өрнектер тізімін шығару қызметін атқарады.

Write және writeln операторлары барлық айнымалыларды дисплей экранына тізбектеп шығарады. Егер writeln опраторы қолданылған жағдайда, ақпаратты енгізген соң курсор жаңа жолға көшеді.

Нақты мәліметтер ауыспалы нүкте пішімі бойынша шығады. Бұл жағдайда шығарудың өріс көлемі 18 символдан тұрады: #.# # # # # # # # # # #E± # # #, мұнда # – кез-келген 0 ден 9 дейінгі ондық сан, мысалы:

0.344300000000Е-01 0.03443

-5.44317180000Е+02 544.31718

 

Бақылау сұрақтары:

1. Pascal тiлiнде қандай әрiптер мен цифрлар қолданылады?

2.Pascal тiлiнде қандай сандар қолданылады?

3.Паскаль тіліндегі стандартты функцияларды атаңыз.

. 4.Айнымалылардың түрiн (тип) оның атына қарап қалай ажыратуға болады?

5.Енгізу-шығару операторларын ата.

Date: 2015-12-13; view: 1605; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию