Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Операциялық жүйелер және олардың атқаратын қызметі





Операциялық жүйе компьютердің программалық құралдарының ажырамас бөлігі болып саналады. Әрбір адамға компьютердің барлық құрылғыларын басқару мүмкіншілігін беретін, сол себепті басқа программаларды аппаратурамен байланыс жасаудан босататын, компьютерде жұмыс істегісі келетін әрбір адамға өте қажет операциялық жүйенің, яғни системаның (ОС) алатын орны ерекше болып есептеледі. ОС екі негізгі қызметті орындайды:

1) барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмыстарын қолдап, олардың бір-бірімен және аппараттық жабдықтарымен байланыстарын қамтамасыз ету;

2) әрбір адамға компьютерді жалпы басқару мүмкіншілігін беру.

ОС-тің негізгі мақсаты –программалардың бір-бірімен және сыртқы құрылғылары мен әрекеттестігін қамтамасыз ету, компьютердің жадын бөлу, жұмыс кезінде туындайтын әр түрлі оқиғаларды анықтау, жұмыс нәтижелерін қағазға, экранға шығару жолдарын ұйымдастыру, мәліметтерді сыртқы ортадан алу және беру т.б. ОС-тің негізгі ядросы машина іске қосылған сәттен бастап компьютердің жадында болады. Машинаны жалпы басқару үшін ОС-тің командалары пайдаланылады, оның көмегімен адам дискіні белгілеу, мәліметтерді көшіру, кез-келген программаны іске қосу, керекті жұмыс режимін орнату сияқты әр түрлі әрекеттерді орындайды.

Сонымен ОС-адам мен компьютер аппараттық құралдарының арасындағы байланысты ұйымдастыратын программа немесе байланысқан программалар тобы. Оның құрамына өз командалары және драйверлер–сыртқы құрылғыларды басқару программалары, утилиттер–жұмысты жеңілдететін программалар және тағы басқалар кіреді.

ОС-тің атқаратын қызметін мынадай үш топқа жіктеуге болады:

1) мәліметтерді енгізу–шығарудың барлық түрлерін ұйымдастыру;

2) компьютердің сыртқы орта мен қатынасын ұйымдастыру;

3) мәліметтерді сақтау мен өңдеу жұмыстарын атқару.

Компьютердің әр-түрлі модельдерінде қарай ОС-тің архитектурасы мен мүмкіндіктері де әрқалай бола береді. Ең көп тараған ОС түрлеріне MS-DOS (PS-DOS), UNIX және де соңғы кезде кеңінен қолданыла бастаған көп терезелі операциялық жүиелер - Windows программалары жатады.

Жалпы ОС басқаруымен, оның ішіндегі MS DOC, Windows жүйелерінің басқаруымен атқарылатын әрекеттерге келесі операциялар жатады:

· каталогтарды(бумаларды), файлдарды құру және оларға ат қою;

· бумалар (каталогтар)ашу және оларға ат қою;

· файлдардың және бумалардың атын өзгерту;

· компьютер дискілері арасында немесе бір дискідегі каталогтар арасында файлдарды жылжыту және көшіру;

· каталогтар мен файлдарды өшіріп тастау;

· берілген файлға, катологқа (бумаға) жету мақсатында файлдық құрылым бойынша жылжу (навигациялау) т.с.с.

MS-DOS операциялық жүйесі 1981 жылы IBM дербес компьютерлерімен бір мезгілде пайда болып,әрбір компьютерге орналастырылған болатын.

Қазіргі кездерде стандартты операциялық жүйе ретінде Windows есептеледі, бірақ MSDOS жүйесінің негізгі қағидалары операциялық жүйелердің барлығында толық пайдаланылады.

Date: 2015-12-13; view: 1902; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию