Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Операциялық жүйелердің ортақ ұғымдары мен белгілеулері





Дербес компьютерлерде программалар мен мәліметтерді сақтаушы рөлін магниттік дискідегі жинақтауыштар (МДЖ) атқарады, сондықтан компьютер жұмысының пәрменділігі оларды дұрыс қолдана білуге бйланысты.Дискілер латын алфавитінің алғашқы бас әріптерімен А:,В:,С:,D: және т.с.с. болып белгіленеді.

Компьютерлердің көбісінде бұрын екіден иілгіш магниттік дискідегі мәлімет жинақтауыштар болған, олар А: және В: болып, ал қатты дискідегі жинақтауыштар бір немесе бірнеше бола береді де С:, В:, Е:, және т.с.с. түрінде белгіленеді. Бұрынғы компьютерлерде мәліметтерді бірінен біріне көшіру үшін екі дискет салатын ұя қолданылған еді, кейін компьютер жедел жадының көлемі улкеиген соң тек бір ғана ұя қалдырылды. Қазіргі кезде В: дискісі қолданылмайды.

Дербес компьютер іске қосылғанда ОС құрамы көбінесе С: қатты дискісінен немесе А: иілгіш дискісінен оқылып, жедел жадқа жүктеледі де, экранға Windows ортасында жұмыс үстелі шығады, ал MSDOS жүиесінде-оның қызмет атқаруға дайындығын білдіретін төмендегідей стандартты түрдегі жұмысқа шақыру белгісі шығады.

А:\.>-бұл А: дискісінің жұмыс істеуге дайыдығын көрсететін шақыру белгісі,егер компьютер іске қосылғанда А: дискі жетегі ұясына дискет салынбаса онда компьютер автоматты түрде С: дискісінен ОС-ті оқуға тырысады;

С:\>-С: дискісінің жұмыс істеп тұрғанын көрсететін шақыру белгісі.

Сонымен, ОС магниттік дискіде (қатты) немесе дискетте (иілгіш) сақталады. Дискілердің негізгі бөлігі болып мәліметтерді немесе программаларды сақтауға арналған. Оның шамалы бөлігінде ғана ОС пен әрбір адамның программаларының мазмұны (каталогта не бумада) сақталады.

Файлдық жүйе. Мәтіндер мен программаларды тұрақты сақтауға арналған дискідегі мәліметтер жиыны файл деп аталады. Файл (file-бума, десте) белгілі бір атпен магниттік дискіде жазылған біртектес информатциялар жиыны. ОС жұмысы үшін керекті мәліметтер рөлін әр түрлі типтегі файлдар атқарады. Файл программадан немесе оларға қажетті берілген сандар тобынан, мәтіннен тұруы мүмкін. Дискіде аттары әр түрлі көптеген файлдар болады. Файлдың толық атауы екі бөліктен қүралады: аты және типі. Файлдың аты - MS DOS жүйесінде 8 таңбаға дейінгі әріптен басталатын сандар мен латын әріптері жиыны (Windows-те ол 255-ке дейін ұзартылған және орыс, қазақ әріптері де қолданыста), ал оның 3 таңбадан аспайтын екінші бөлігі типі болып саналады, типті файл атының кеңейтңлуі деп те аталады. Бір каталогта аттары бірдей файлдар болмауы тиіс. Файлдың типі кейде болмауы да мүмкін. Файлдың аты мен типі нүктемен бөлінеді.

Файлдың толық аты латынның бас немесе кіші әріптерімен беріледі (цифрлар да кіреді). Мысалы:

COMMAND. COM NORTON. EXE TАNIA5. DOC

START CAME.BAS AIGUL TXT MARAT. DOC TEXTI

Файлды дискіге жазғанда немесе өзгерткенде, оның көлемі, жазылған үақыты, мерзімі де тіркеледі. Файлдың аты, типі, байтпен берілген көлемі, операциялық жүйенің календары мен сағатынан алынып жазылған күні, айы, сағаты файлдың атрибуттары (көрсеткіштері) деп аталады. Олар файл жазылғанда, өзгертңлгенде нгемесе көрсетілгенде тіркеліп отырады.

Файлдарды топтап белгілеу. Кейбір командаларды орындау барысынды файлдардың аты толық көрсетпеуге болады, бұл жағдайда ОС файлдар тобын іздейді.

Кейде файлдың біреуін ғана емес, қатар орналасқан бірнешеуін топтауға тура келеді. Мұны файлдың атына шаблондарды немесе нұсқаларды, яғни ’’*’’ және ’’?’’ белгілерін қою арқылы істеуге болады.

*-файлдың атындағы кез келген сөз тіркестерін білдіреді;

?-файлдың атындағы болуы мүмкін кез келген таңбаны немесе оның болмауын да көрсетеді.

Файлдар каталогы. Дискіде сақталатын файлдар өте көп болып,олар бірнеше мыңдаған сандарға жетуі мүмкін. Мұндай инфрмациялармен жұмыс ісейтін адам қандай мәлімет қай жерде орналасқаны және ол файлдардың атарын сақтауы тиіс. Файлдарды дискілерде сақтауды белгілі бір жүйеге келтіру үшін оларды каталогтарға біріктіреді. Каталог немесе бума (папка, folder) - белгілі бір орта қасиеттеріне қарай бір магниттік дискіде орналастырылған файлдар тобына қойылған атау, яғни бума аты. Каталогты компьютердің сыртқы жадының бір бөлігі немесе тарауы деп қарауға болады. Windows жүйесінде каталог бума деп аталады, бұл атау оның мән мағанасын толығырақ ашады. Әрбір каталогтың өзіндік белгілі бір аты бар. Бір каталог басқа каталогқа кіруі мүмкін, онда ол басқа каталогқа бағынышты каталог болады Осы тәрізді тармақталған бұтақ тәріздес файлдар жүйесі құрыла береді. Каталог файл тәрізді өз иесін қойған атпен аталады. Әр адам каталогтарды қалай деп атап, қалай құратынын өзі шешеді.

Дискіде міндетті түрде түпкі немесе 1-деңгейдегі каталог болуы тиіс. Оған файлдар және 2-деңгейдегі каталогтар енеді, ал оның ішіне 3-деңгей каталогы, т.с.с. енуі мүмкін.

Бағынышты каталогтар тізбегі бір-бірінен «\» таңбасымен бөлініп жазылады,мысалы,

C:\DEMO>-DEMO C: дискісіндегі 1-деңгейлі каталог

C:\DEMO\SYSTEM>-SYSTEM C: дискісіндегі 2-деңгейдегі каталог;

Әрбір мезетте бір каталог жұмыс атқарады да, ол екпінді немесе активті (ағымдағы) деп аталады.Компьютер іске қосылғанда мұндай каталог рөлін түпкі каталог атқарады немесе компьютер өшірілер кездегі екпінді болған каталог атқарады, пайдаланушы өз қалауынша командалар көмегімен басқа каталогты екпінді ете алады.

Файлдар маршруты. Файлдар бұтақ тәрізді күрделі түрде құрылса, онда оның тек өз атын ғана емес, сонымен қатар тұрған каталогын, оның басты каталогпен байланысын, дискісін көрсету қажет.Мұндай файлдың нақты тұрағын (адресін) көрсететін каталогтар тізбегін – маршрут немесе жол деп те атайды. Сонымен,файл толық түрде мынадай элементтермен беріледі:

1) дискінің аты,ол бірақ кейде көрсетілмей де кетеді;

2) бірінің ішіне бірі кіретін каталогтар тізбегінің аттарынантұратын маршрут (ол да кейде көрсетілмей кетеді);

3) тізбекті аяқтайтын файлдың өз аты (файл тізімдегі ең соңғы каталогта орналасады).

Уақыттың әрбір мезетінде бір дискіжетек ағымдағы екпіді күйде болады, оның айғағы ОС шақыруы, яғни жұмыс істеп тұрған дискіжетек пен файлдар маршруты атының көрсетілуі.

Мысалы:

A: > немесе C:\>

C:\ DEMO\VICTOR> немесе C:\SYS\AZAT\ALMA>

Сонымен файлдың маршрутын немесе адресін толық көрсету үшін дискінің атын, каталог аттарының тізбегін, ең соңында файлдың атын және типін толық көрсету қажет. Жалпы ереже бойынша файлың толық аты төмендегідей болады. [дискінің аты:\][маршрут\] файлдың аты [.типі]

Тік (квадрат) жақшаның ішідегі сөздер көрсетілмеуі де мүмкін. Компьютер іске қосылып ОС жұмысқа кіріскен соң, экранға жұмысқа шақыру (немесе дайындық) белгісі шығарылып отырады. Ол жұмыс істеп отырған ағымдағы диск аты мен ағымдағы каталог аты тізбегінен тұрады, мысалы,

C:\DOS\>-C: дискісінің DOS каталогы жұмыс істеп тұр;

C:\>-C: дискісінің түпкі, ең жоғарғы деңгейдегі каталогы іске қосылып, жұмыс істеуге дайын тұр;

D:\BAS\TUDENT\>-D: дискісінің BAS каталогындағы бағынышты STUDENT каталогы ағымдағы күйде жұмысқа дайын тұр;

A:\>-A: дискісінің түкі каталогы жұмысқа дайын, т.с.с.

Файлдың аттарының стандартты типтері. Файлдың аты немесе типі (Windows-те суреті, белгішесі) онда сақталынатын информацияның тегіне, мазмұнына, типіне қарап беріледі. Файлдардың толық аттары бойынша айырып тануға мүмкіндік беретін мына төмендегідей стандартты типтері бар:

.ASM -aсссемблер тіліндегі программа;

.BAS-BASIC -тіліндегі программа;

.COM-тікелей атқарылуға арналған командалық файл;

.DAT-мәліметтер файлы;

.DOC-программасында дайындалған құжаттық файл;

.EXE-басқаруымен атқарылатын файл;

.PAS-Паскаль тілінде жазылған программалық файл;

.TXT-Блокнот программасында дайындалған мәтіндік файл.

Date: 2015-12-13; view: 1581; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию