Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Турбо Паскаль тіліндегі мәліметтер типі





Паскальда мәліметтер типін скалярлық және құрылымдық деп бөлуге болады. Сонымен қатар Паскаль тілінде өз мәліметтер типін де енгізуге болды.

Скалярлық типтегі мәліметтерді келесі топтардан көруімізге болады:

Бүтін санды типіндегі мәліметтер 1-ден 4-ке дейінгі байттан тұрады. Олардың барлығы 2.1. кестеде көрсетілген.

Бүтін санды айнымалылар типін сипаттауға мысал:

Var

a,b: byte;

f: word;

 

2.1. кесте Мәліметтердің бүтін санды типтері

Типі Аралығы Байттық өлшемі
Byte 0..255 1
Integer 0..65535 2
Word -32768..32767 2
Shortint -128..127 1 Longint -2147483648..2147483647 4

 

Нақты сан типті мәлімет 4-тен 10 байтқа дейін тұрады. Нақты мәліметтер ауыспалы немесе нақтыланған нүктеден тұруы мүмкін.

Нақты сандарға мысал:

- нақтыланған нүкте: 4.12, 6.05, -17.5489;

- ауыспалы нүкте: -3.2Е-6(-3.2·10-6), -6.42Е+2(-6.42·102).

Барлық нақты сандар 2.2 кестесінде көрсетілген

2.2 кесте. Мәліметтердің нақты типтері

Типі Аралығы Мантисса Байттық өлшемі
Real 2.9E-39..7E38 11-12 6
Single 1.5E-45..3.4E38 7-8 4
Double 5.0E-324..1.7E308 15-16 8
Extended 3.4E-49321..1E4932 19-20 10

 

Нақты типтегі айнымалыларды сипаттау мысалы:

Var

a, b, c: real;

d, f: double;

k: single;

Мәліметтің символдық типі дисплей экранында көрінетін кез-келген символды білдіреді. Ол 1 байт орын алады және char қызметші сөзі арқылы сипатталады, мысалы:

Var

a, b:char;

Программа мәтінінде символдық типтегі айнымалылар мен константалар мәні апостроф ішіне алынып жазылады: ’a’, ’в’, ’+’.

Мәліметтің логикалық (бульдік) типі. Бұл типтегі мәлімет негізінен екі мән қабылдайды: true (ақиқат) немесе false(жалған).

Мысалы:

var

a, b: boolean;

 

Турбо Паскальда стандартты скалярлық типтен басқа тізбектелген немесе аралық (интервалдық) скалярлық типтерді де енгізуімізге болады.

Тізбектелген тип берліген типтегі айнымалы қабылдай алатын мәндерді міндетті түрде тізбектеп береді, мысалы:

var

a,c: (red, blue, green);

b: (dog, cat);

Басында мәліметтердің тізбектелген типін енгізіп, содан соң осы типтің айнымалыларын сипаттауымызға болады. Жаңа типті құру үшін type қызметші сөзі қолданылады:

type <тип_атауы>=<тип_анықтамасы>;

Мысалы:

type

color=(red, blue, green);

var

a,b: color;

Аралық тип арқылы берілген тип айнымалыларының өзгеру шегін анықтайтын екі тұрақты санды енгізуімізге болады. Бірінші тұрақты сан мәні екіншісінен кіші болуы қажет. Олар бүтін немесе символдық болып табылады:

var

a, b, c: -7.. 4;

x: ‘a’.. ‘c’;

Алдында айтылған типтер сияқты мәліметтер типін type қызметші сөзі арқылы алдын ала енгізіп, содан соң мәліметтер типінің айнымалыларын сипаттауымызға болады.

Мысалы:

type

x=0..9;

var

a, b: x;

Әрбір аралық типтің айнымалысы 1 байт орын алады.

Құрылымдық тип мәліметтеріне келесілер жатады: массивтер, жолдар, жазбалар, файлдар, көпмүшеліктер.

Массивтер - бір тип мәліметтерінің жиынтығы. Типті сипаттау кезінде массив элементтерінің саны нақтыланады және программаны орындау барысында өзгермейді. Массив элементтерімен жұмыс жасау үшін алдымен массив аты, содан соң квадрат жақша ішінде оның номері көрсетіледі. Массивті сипаттау кезінде array қызметші сөзі қолданылады. Бұл мәліметтер типінің айнымалысы келесі түрде сипатталады:

<айнымалы_аты>: array [i.. i1, j.. j1, …] of <элементтер_типі>,

мұнда i, i1 - бірінші массив индексінің шекарасы; j, j1 – екінші массив индексінің шекарасы.

Мысалы:

var

a: array [1.. 10] of integer;

Алдымен масссив мәліметінің типін анықтап, содан соң скалярлық тип жағдайындағы сияқты айнымалылар типін сипаттауымызға болады.

Жолдар – символар тізбегі. Жолдарды өрнектер кезінде қоланғанда апострофқа алынып жазылады. Оның ұзындығы 255 символмен шектеледі. Жолдық айнымалылар типін сипаттау үшін string қызметші сөзі қолданылады, мысалы:

<айнымалы_аты>: string[n],

мұнда n - жол айнымалысының ұзындығы; егер n берілмесе, онда жол ұзындығы 255 символға сәйкес келеді.

Date: 2015-12-13; view: 2017; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию