Главная Случайная страница



Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Дүниетану





Пәннің мақсаты – қоршаған әлем тұтастығы туралы білім мен адамзаттың табиғатпен қарым-қатынас жүйесі негізінде жалпыадами құндылықтарды қалыптастыру.

Негізгі міндеттері:

- туған жерінің табиғатына деген сүйіспеншілігін қалыптастыру;

- оқушыға қоршаған ортаның әр алуандығын, тұтастығын, құндылығын, ондағы өзінің орнын сезінуге мүмкіндік беру;

- күнделікті өмірде, зертханалық жұмыстарды орындау мен табиғатқа саяхат кезінде қауіпсіздік ережелерді сақтауға дағдыландыру;

- «адам – табиғат» жүйесіндегі өзара қарым-қатынас жағдайын ұғындыру;

- танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

- қоршаған ортаны сақтау мен қорғауға тәрбиелеу;

- картадан өз Отаны мен туған жерінің өзен-көлдерін, тауы мен пайдалы қазбаларды тауып көрсетуге үйрету;

- тірі және өлі табиғат нысандарын ажырату білігін дамыту;

- танымдық қызығушылығын қанағаттандыру үшін алған білімдерін қолдана білу, туған жердің табиғи байлықтары, өсімдіктері мен жануарлары туралы қосымша ақпараттар іздестіре білу дағдыларын қалыптастыру;

- бақылау, өлшеу, салыстыру дағдыларын қалыптастыру, өмірлік тәжірибелерін жетілдіру;

- адам мен табиғаттағы тіршілік әрекетінің өзара байланысын, қоршаған орта заңдылығын, құбылысын, нысандарын меңгерту және оқушылардың адамның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасы туралы түсініктерін кеңейту;



- жаратылыстану ғылымы пәндерін одан әрі меңгеруге мүмкіндік беретін білім, білік, дағдыларын жетілдіру.

Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейін қалыптастыру мен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген 1-4-сыныптарға арналған «Дүниетану» пәнінің типтік оқу бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

1-сыныптың бағдарламасындағы «Адам» бөліміне «Еңбек ету арқылы нәтижеге қол жеткізудің маңыздылығы»;

2-сыныптың бағдарламасындағы«Адамның айналадағы дүниемен қарым-қатынасы» бөліміне «Еңбек өмірді жақсартудың негізгі құралы ретінде»;

3-сыныптың бағдарламасындағы«Табиғат және адам» бөліміне «Бар байлықты бүкіл қоғамның игілігі үшін пайдалану»;

4-сыныптың бағдарламасындағы«Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары бөліміне «Бар байлықты бүкіл қоғамның игілігі үшін пайдалану» тақырыптары енгізілді.

Осыған сәйкес 1-сынып оқушылары өз еңбегінің құндылығы туралы, 2-сынып оқушылары еңбек арқылы өмірді жақсарту туралы, 3-сынып оқушылары пайдалы қазбалар, олардың адам өміріндегі маңызы және оларды қоғамның игілігі үшін пайдалану туралы, 4-сынып оқушылары туған жердің егіншілігі мен мал шаруашылығы, даму жағдайлары, оларды қоғамның игілігі үшін пайдалану туралы білім, білік, дағдыларды меңгеруі тиіс.

«Дүниетану» пәнінің апталық оқу жүктемесі: 1-3 сыныптарда аптасына 1 сағатпен, 4-сыныпта аптасына 2 сағатпен оқытылады.

 

 








Date: 2015-12-13; view: 1675; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2021 year. (0.009 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию