Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мектепалды даярлық топтары мен сыныптарында тәрбиелеу-оқыту үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері





 

Мектепалды даярлық білім беру жүйесінің алғашқы сатысы ретінде мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етеді, 6-7 жастағы балалардың зияткерлік және денесінің дамуы үшін жағдайлар жасайды.

Қазіргі таңда мектепалды даярлық мектепке дейінгі ұйымдарда және жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарында жүзеге асырылады.

Мектепалды даярлықтың негізгі міндеті – балалардың мектепте оқуға уәжін және оған эмоциялы дайындығын қалыптастыру.

Мектепалды даярлықтың негізгі мақсаты мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы, зияткерлік, дене дамуы, олардың білімді игеруге дайындығын қамтамасыз ету, оқу әрекетін меңгеру үшін балада тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.

Міндеттері:

- балаларды мектепте оқуға мақсатты бағытпен және жүйелі дайындау;

- жеке қабілеттері мен дарындылығын дамыту;

- ұлттық, жалпы адами этикалық және мәдени құндылықтарға балаларды баулу, баланың зияткерлік дамуы;

- рухани-адамгершілік құндылықтарды, отан сүйгіштік, төзімділікті қалыптастыру;

- балалардың коммуникативтік және әлеуметтік құзыреттіліктерін қалыптастыру;

- білуге құмарлықты, шығармашылық белсенділік пен бастамашылықты дамыту;

- балалардың денесі мен психикалық саулығын нығайту;

- білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету.

Мектепалды топтары мен сыныптары 5 жастан 6 (7) жасқа дейінгі балаларды қамтиды.

Мектепалды сыныптары мен топтарында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін (бұдан әрі – ҰОӘ) ұйымдастыру мен өткізу Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін типтік бағдарламасы, Мектепалды даярлықтың білім беру бағдарламасы, Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу жоспары негізінде жүзеге асырылады.

Оқуға сапалы дайындықтың мазмұны мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына (бұдан әрі – МЖМС) сәйкес және үлгілік бағдарлама негізінде әзірленген мектепалды даярлықтың білім беру бағдарламасымен (бұдан әрі – Бағдарлама) анықталады.

Бағдарлама бұдан әрі қарай мектепте оқытуға балалардың тұлғалық қасиеттерін, денсаулығын сақтау мен нығайтуға, шығармашылық белсенділігін, коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға, рухани-адамгершілік және эмоциялық-еріктік қасиеттерін дамытуға бағытталған.

Бағдарлама мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етеді, баланың зияткерлік және дене дамуына жағдай жасайды.

Бағдарламаның мазмұны балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оларды жан-жақты дамытуға бағытталған «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» білім беру салалары арқылы іске асады.

Осы жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасының мазмұнын игеру білім беру салаларын заттық-кеңістіктік дамытушы орта жағдайында оларды кіріктіру жолымен жүзеге асырылады.

Білім беру үдерісінде тіл дамыту, жазу, санау, сурет салу, құрастыру, мүсіндеу және басқаларды қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік кешендер қолданылады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты мен Үлгілік оқу жоспарына сәйкес мектепке дейінгі топтар мен сыныптардағы оқу жүктемесі 24 сағатты құрайды, одан 20 сағат ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне, 4 сағат – вариативті компонентке қарастырылған.

Мектепалды топтары мен сыныптарындағы өткізілетін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ең жоғарғы саны төрттен артық емес ұзақтығы 25-30 минут. Үзілістердің арасындағы ұзақтық осы уақытта орташа қарқынды қимылды ойындар ұйымдастырылатын 10-12 минут болуы керек.

Балалардың мектепке әлеуметтік-психологиялық дайындығы келесі дағдылар мен біліктер бойынша анықталады:

- оқу уәждемесі (мектепке барғысы келеді, оқудың маңыздылығы мен қажеттілігін түсінеді, жаңа білімді алуға айтарлықтай қызығушылық танытады);

- құрбыларымен және ересектермен тілдесе білу (бала қарым-қатынасқа оңай түседі, агрессиялы емес, тілдесудің өзекті жағдайларынан шыға біледі, ересектердің беделін таниды);

- оқу тапсырмасын қабылдай алады (зейінмен тыңдайды, қажеттілігіне қарай тапсырманы нақтылайды);

- басқа қоғаммен (балалар) араласа біледі, басқалармен бірге әрекет ете алады, топтың қызығушылықтарына бағынады.

Балалардың мектепке дайындығының психологиялық аспектілері:

- қолдың ұсақ бұлшық еттерін дамыту (қол жақсы дамыған, бала қарындашты, қаламды, қайшыны сеніммен ұстайды);

- кеңістікті бағыттау, қимылдарды үйлестіру («жоғары-төмен», «алға-артқа», «оң-сол» ұғымдарын ажырата білу);

- «көз – қол» жүйесін үйлестіру (бала қарапайым графикалық бейнені, өрнекті, пішінді арақашықтықта көріп қабылдап, дәптерге түсіре алады);

- логикалық ойлауды дамыту (түрлі заттарды салыстыру кезінде ұқсастығы мен айырмашылығын табу қабілеттілігі, жалпы маңызды белгілері бойынша заттарды топтарға дұрыс топтастыра білу);

- тұрақты зейінді дамыту (15-20 минут бойы орындалатын жұмысқа зейінді шоғырландыру қабілеттілігі);

- тұрақты есті дамыту (жанама есте сақтауға қабілеттілік: есте сақтайтын материалды нақты белгімен байланыстыру: сөз-сурет немесе сөз-жағдаят).

Физиологиялық дайындық – физиологиялық және биологиялық даму деңгейі, денсаулық жағдайы.

Тіл дамыту мен сауат ашуға дайындық.

Баланың мектепке дайындығының маңызды өлшемдерінің бірі фонематикалық естуді дамыту болып табылады:

- сөйлеген кезде берілген дыбысты бөле білу;

- сөздегі дыбыстың орнын анықтай білу (басында, ортасында, соңында);

- сөзді дыбыстық талдау дағдыларын игеру: дауысты және дауыссыз, үнді және ұяң, қатаң және жіңішке дыбыстарды ажырату;

- сөзді буындарға бөле білу;

- 3-4 сөзден тұратын сөйлем құрай білу;

- жалпылаушы ұғымдарды қолдана білу, зат есімге анықтама беру;

- суреттер топтамасы бойынша, мазмұнды сурет, берілген тақырыпқа әңгіме құрастыру;

- заттар туралы (ересектің ұсынған жоспары бойынша) әңгіме құрастыра білу;

- шағын әдеби мәтіндердің мазмұнын өз бетінше, мәнерлі, реттілікпен беру.

Қарапайым математикалық ұғымдарды дамыту және математиканы оқуға дайындық:

- заттардың берілген саны бойынша санау және есеп;

- жиырмаға дейін тура және кері санау;

- берілген саннан бұрынғы және кейінгі санды атай білу;

- бірінші ондықтың құрамындағы (бөлек бірліктерден тұратын) және екі кіші сандардан тұратын сандарды білу;

- знание цифрларды білу: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9;

- белгілерді білу: +, -, =, қимылдың арифметикалық белгілерін қолдана білу;

-цифрлар мен заттардың санын салыстыра білу;

- қосу мен азайтуға есептер құруға және шығаруға қабілеттілік;

- геометриялық пішіндер (шеңбер, сопақша, үшбұрыш, шаршы, төртбұрыш) мен денелерді (шар, текше, цилиндр) білуі;

- шеңбер мен шаршыны екі және төрт бөлікке бөлуді білуі;

- торланған қағаз парағына бағдарлана білуі.

Баланың ой-өрісі және білімді игеруге дайындығы:

- үйінің мекен-жайын, телефонын, ата-анасының толық аты жөнін және отбасы құрамын атай білуі;

- ересектер қызметінің әртүрі туралы жалпы түсініктері болуы;

- қоғамдық орындар мен көшедегі мінез-құлық ережелерін білуі;

- жыл мезгілдері мен маусымдық құбылыстар туралы жалпы түсініктерінің болуы;

- ай аттарын, аптаның күндерін және олардың ретін білуі.

Жазуға дайындық кезеңіндегі балаға пайдалы сабақтар:

Қолдың ұсақ бұлшық еттерін дамыту:

- әртүрлі конструкторлармен жұмыс;

- қайшымен, ермексазбен жұмыс;

- альбомға (қарындашпен, жақпа бояулармен) сурет салу.

Танымдық қабілеттерін (есте сақтауын, зейінін, қабылдауын, ойлауын) дамытушы жаттығулар және ойындар арқылы дамыту:

- ойнаймыз, үйренеміз, дамытамыз;

- ойлау қабілеттерін қалыптастыратын ойындар;

- торлар бойынша сурет саламыз;

- штрихтау;

- екінші жартысының суретін салып аяқта;

- графиктік диктанттар;

- кеңістікте бағдарлау;

- бірдей суреттерді боя.

Жоғарыда аталған білім, дағды және біліктер балаларды мектепке даярлауға бағытталған әрқайсысы дербес тараулардан тұратын білім беру салалары арқылы жүзеге асырылады.

Әрбір білім беру саласының мазмұнында мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың базалық білім, білік және дағдыларды игеру деңгейлері бойынша күтілетін нәтижелері айқындалған.

Мектепалды даярлық бойынша оқу материалдары

Мектепалды даярлық бойынша оқу материалдары пәндік кешендері түрінде ұсынылды. Әрбір кешен құрамына әліппе-дәптер, дидактикалық материалдар, оқулық-хрестоматия, мультимедиялық-анимациялық электрондық құралдар және әдістемелік жетекші құрал кіреді.

 

 


Date: 2015-12-13; view: 3365; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию