Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Шетел (ағылшын) тілі





Шетел тілі кіші жастағы оқушыларды қазіргі әлемдегі көпмәденилік және көптілділікке дайындау жүйесінде маңызды пәндердің бірі болып табылады.

Бастауыш сыныптарда шетел тілінің оқыту мақсаты – оқушыларға қарапайым коммуникативтік құзыреттілігін тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдылары арқылы оқыту және қалыптастыру.

Қарапайым қоммуникативтік құзыреттілік деп төменгі сынып оқушысының күнделікті жағдайдағы шектеулі ортада және қарым-қатынас саласында сол меңгерілетін шетел тілін иеленушілермен ауызша және жазбаша түрде тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынасын іске асырудағы төменгі сынып оқушысына тән қабілеті мен дайындығы ретінде түсіндіріледі.

Бастауыш мектептерде шетел тілін меңгеру: ағылшын тілін қарым-қатынас тілі ретінде меңгерудің маңыздылығын танытуға, басқа халықтар мәдениетімен салыстырғанда ана тілі мен мәдениетінің рөлін сезінуге, қарапайым деңгейде сөйлесу мүмкіндіктерін ескеріп, шетел тілінде сөйлесу дағдысы мен төменгі сынып оқушыларының ауызша (тыңдалым және айтылым) және жазбаша (оқу және жазу) тілін қалыптастыруға; ағылшын тілін әрі қарай игеру уәждемесін дамытуға; игеретін тіл елінің мәдениеті, тарихы мен дәстүрлері, қолжетімді үлгіде көркем әдебиеті туралы танымын қалыптастыруға; алға қарай психологиялық тосқауылдарды жеңу үшін шетел тілін қарым-қатынас құралы ретінде қолдануда балаларды жаңа тілдік әлемге психологиялық жақтан бейімделуін қамтамасыз етуге; оқу-әдістемелік кешендердің әртүрлі компоненттерімен (оқулықпен, жұмыс дәптерімен, аудиодискілермен, мультимедиялық қосымшалармен, т.б.) жұпта және топта жұмыс істей білу дағдысын игеруге бағытталуы тиіс.

Шетел (ағылшын) тілі пәні оқушы бойында өз халқының мәдениеті мен рухани құндылықтары, азаматтылық, моральдік нормалар мен сөйлесу әдебі туралы ой қалыптастыруға ықпал етеді.

Бастауыш сыныптарға арналған шетел тілін оқыту курсы қарапайым деңгейін меңгеруге бағытталған және А1 - (ауызекі қолданыс деңгейі - Breakthrough) тілді меңгерудің жалпыеуропалық деңгейіне сәйкес келеді.

Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқыту кезінде оқытудың мақсатын, тақырыбын, мазмұны мен түрін анықтауды баланың өмірлік әлемімен, іс-әрекетімен байланыстыру қажет.

Шетел тілін оқыту үдерісінде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын іске асыру шеңберінде оқушыны өз отбасының дәстүріне, туыстық сүйіспеншілік сезімге, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор болуға ұмтылуға,сондай-ақ басқа да халықтар өкілдеріне достық қарым-қатынаста төзімділік танытуға, рухани-адамгершілікке тәрбиелеуді қалыптастыруға назар аудару қажет.

Ағылшын тілін меңгеру үдерісін шынайы қарым-қатынас жағдайына жақындату мақсатында шынайы тілдік орта болмаған кезде оқу материалын азайту, коммуникативтік және функционалдық, кешендік, тәрбиелік, белсенділік, көрнекілік, оқиғалық-тақырыптық ұсынылуы, жүйелілік және дәйектілік, игеру беріктігі, қолжетімділік және даралану принциптері сияқты дидактикалық оқу принциптерін жетекшілікке алған маңызды.

Коммуникативтік принцип арнайы мақсат етілген тілдік құралдар – белсенді лексика және белсенді грамматикалық материал арқылы коммуникативтік міндеттерді шешуге бағытталған, күнделікті жағдайдағы рөлдік ойындарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Басқаша айтқанда, төменгі сынып оқушыларының жаңа әлеуметтік тәжірибеге араласуы шетел тілінде әртүрлі ойын жағдайында, отбасыға тән, тұрмыстық, оқу іс-әрекеті есебінен жүргізіледі.

Бастауыш мектеп оқушыларына ағылшын тілін оқытуда функционалдық принципке ерекше назар аудару қажет. Тілдік жүйе ағылшын тілінің әртүрлі деңгейлік құралдары – лексикалық және синтаксистік (фонетикалық, сөзжасаушы, морфологиялық шеңберде де) құралдары жиынтығының нақты тақырыбына қызмет ететін жүйе ретінде көрініс табады.

Кешендік принципі ағылшын тілі бойынша тілдік емес (экстралингвистикалық) және тілдік (лингвистикалық) оқу материалдарының өзара байланысқан ұсынылымында, сонымен бірге сөйлеу қызметінің түрлерін өзара байланысқан аспектіде оқытуда: 1-сыныпта – тыңдалым және айтылым (ауызша алға озу принципі бойынша; ағылшын әліпбиімен танысу 2-жартыжылдықтан басталады), тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу 2-сыныптан бастап жүзеге асырылады.

Саралаушылық принципі оқушының бастапқы кезеңдегі сөздік қорын байыту үшін шағын мәтіндер бойынша бөлінген бір мәтіндегі жаңа сөздердің функционалдық-семантикалық берілу тәсілдерін, көрнекілік құралдарына арналған тіректерді, оқушылардың сөйлеуіндегі жаңа сөздерді белсендіруді (белгілі бір тақырыптық кеңістік аясындағы олардың белсенді түрі) ұсынады. Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу және коммуникативтік қабілеттерін қалыптастыру кезінде ағылшын грамматикасы баланың әр ойын қамтамасыз ететін жүйе ретінде бекітілуі тиіс. Сөйлеудің грамматикалық қатарын дамыту қарапайым ой айтудың белсенді түрлерін оқиғаны пайдалану тәсілдерімен, сөйлемдер негізін нақтыландырғыш құрамдас бөліктермен тарату (екінші деңгейлі мүшелермен), екі қарапайым сөйлемді бір күрделіге біріктіру тәсілдерімен сипатталады.

Бастапқы кезеңде бала дамуының деңгейіне сәйкес басты назарда үйрену пәні ретінде ауызша сөйлеу (дауыстап айтылатын және естіліп қабылданатын) орын алады. Оқу және жазуды 2-сыныптан бастап оқыту қажет, себебі тіл дыбыс арқылы қабылданады, сөйлеу арқылы түсініледі, сөйлеу арқылы жазылады.

Тілдік білімді спираль түріндегі алға жылжу түрінде, яғни біртіндеп күрделендіре отырып беру қажет.

Тыңдалымға үйретуде төменгі сынып оқушыларының білім деңгейі, қызығушылықтары мен қажеттіліктері ескерілуі (мысалы, қысқа ертегілер, шағын әңгімелер, жануарлардың сипаттамасы, атаулы оқиғалар қысқа туралы мәтіндер және т.с.с. тыңдату) тиіс. Мәтіннің дыбысталу ұзақтығы 1 минутқа дейін, қайталау саны – 2-3 рет.

Өз ойын айтуға үйрету диалогтық және монологтық сөйлеу қабілетін дамытуды көздейді: этикеттік сипатта диалог, сұрақ-диалог, оқиғаға араласу диалогы, пікір алмасу диалогтарын жүргізу арқылы оқушыларды сөйлеуге, өз ойын айтуға үйретуге болады.

Білім берудің осы деңгейінде монологтық сөйлеуді дамыту нақты тақырыптық жағдайлар шеңберінде (мысалы: өзі туралы, отбасы мүшелері, достары туралы, өз елінің жануарлары мен өсімдіктер әлемі туралы, жұмыс күні, жұмыс түрі, мектептегі сабақ және т.с.с.) ақпарат беру, қарапайым ой айту қабілетін қалыптастыруға бағытталады.

Оқуға үйрету кезінде балалардың қалауына иек арту арқылы таныс сөздерді, өз атын, ағылшын досына хат жазғызуға; өз киіміндегі, шоколад және кәмпит сыртындағы т.с.с. ағылшынша жазуларды оқытудан бастауға болады.

Оқуға және жазуға үйрету бір уақытта қатар жүреді, алайда жазу түсінігіне карточкадан сөздер құрастыру, магниттік тақтада немесе жинау жолағында сөз құрастыруды қосатын болсақ, жазу негізгі қызмет болып табылады.

Бастауыш мектепте шетел тілін оқытуда оқытудың түрлі әдістері мен тәсілдерін қолдану керек, сабақта оқу әрекеттерінің алуан түрлерін: сыныптық, жұптық, топтық және жекелей жұмыс түрлерін, кіші жастағы оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып ойындар, әндер, санамақтар белсенді түрде қолданылуы керек; оқу тапсырмаларын орындау кезінде оқушыларды ынталандырудың әртүрлі тәсілдері: ым, ишара, эмоция және тартымды көрнекі құралдарды қолдануы қажет; бұл оқушылардың зейінін аударуға ықпал етеді.

«Шетел тілі» пәні қызметтік сипатқа ие, сондықтан ол әлемді тұтастай, эмоционалды және белсенді қабылдайтын төменгі сынып оқушысының табиғатына сәйкес келеді. Бұл осы жастағы балаларға тән басқа да қызмет түрлеріне (ойындық, танымдық, көркем, эстетикалық және т.с.с.) өзге тілдік сөйлеу қызметін қосуға және бастауыш мектепте оқытылатын пәндермен әртүрлі байланыс орнатуға және жалпы оқу қабілеті мен дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ағылшын тілі оқу пәні ретінде басқа пәндермен пәндік байланыста жүзеге асады, яғни ағылшын тілі сабағында тақырып мазмұнына сәйкес басқа пәндерден (мысалы, әдебиеттік оқу, музыка, еңбекке баулу, бейнелеу өнері, математика, дүниетану) алған білімдерімен байланыстырып отыру оқушылардың білімін берік ете түседі.

Бірінші сынып оқушыларына үй тапсырмасы берілмейді.

Үлгілік оқу жоспарына сәйкес бастауыш мектепте «Шетел тілі» пәнінің оқу жүктемесінің көлемі:

1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат;

2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

3-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат.

 

 

Date: 2015-12-13; view: 1628; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию