Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бастауыш білім беру деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері





 

Бастауыш білім берудің мақсаты оқу, жазу, санау, есептеу дағдылары қалыптасқан, ойын, оқу, еңбек, қарым-қатынас сияқты әрекет түрлерін меңгерген, тұлғалық, құндылық қасиеттерді бойына сіңірген, өзін-өзі бақылай және бағалай алатын, салауатты өмір салты мен жеке бас гигиенасы негіздерін, ұлттық менталитетті ескере отырып, отандық және әлемдік мәдениетпен таныстыру, шығармашылық қабілеттері дамыған жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау болып табылады. Бастауыш білім беру оқушыларды оқу, жазу, санау, оқу іс-әрекетінің негізгі біліктері мен дағдыларын, теориялық ойлау элементтерін меңгеруін, сонымен қатар оқу әрекеттерін өзін-өзі бақылаудың қарапайым дағдыларымен, тәрбие және сөйлеу мәдениетімен, салауатты өмір салты мен жеке бас гигиенасы негіздерімен қамтамасыз етеді.

Бастауыш білім беру деңгейінде оқытудың негізгі міндеттері:

– оқу іс-әрекетінің негізгі дағдыларын қалыптастыру;

– оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру;

– оқушылардың жеке басын, олардың шығармашылық қабілеттерін, оқуға деген қызығушылығын дамыту, оқу дағдысы мен икемділігін қалыптастыру;

– адамгершілік қасиет пен эстетикалық талғамға, эмоционалдық құндылыққа, өзіне және қоршаған ортаға деген оң қарым-қатынасқа тәрбиелеу;

– салауатты өмір салтын, денсаулық пен жеке бас гигиенасын және өмір қауіпсіздігін сақтау мәдениетіне баулу болып табылады.

Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ «өмір бойы білім алуына» ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық TIMSS, PIRLS бағдарламаларына сәйкес функционалдық сауаттылық үш сала – оқудағы және жазудағы сауаттылық, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша бағаланады.

Сондықтан бастауыш білім беру деңгейіндегі тіл және әдебиет, математика және жаратылыстану білім саласы пәндерін оқытуда мұғалімдер жаттығулар, тапсырмалар орындатқанда, есептер шығартқанда және түрлі мәтіндер оқытқанда, оларды өмірмен байланыстыра отырып, оқушылардың оқудағы және жазудағы, математика мен жаратылыстану ғылымындағы сауаттылықтарын қалыптастыруға баса көңіл бөлгені жөн.

Елбасының Жолдауындағы «Мәңгілік Ел» идеясына сәйкес оқу-тәрбие үдерісін оқушылардың патриотизмін, мораль және адамгершілік нормаларын, ұлтаралық келісім мен төзімділігін, физикалық және рухани дамуын, заңды құрметтеуін қалыптастыру міндетін алға қояды. «Мәңгілік Ел» идеясында белгіленген бұл құндылықтар жалпы оқу-тәрбие жұмысының негізі, бастауыш мектепте оқытылатын пәндердің арқауы болуы тиіс. Сондықтан ұстаздарымыз күнделікті кез келген пәнді оқыту барысында әрбір сабақта «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқушылардың бойына сіңіруді естен шығармағаны жөн.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012–2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспарында (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 қаулысы) 7 негізгі құзыреттілік белгіленсе, соның бірі – коммуникативтік құзыреттілік. Коммуникативтік құзыреттілік – бұл коммуникативтік, тілдік білім, білік, дағдылардың жиынтығы.

Коммуникативтік дағдылар ең әуелі мектептегі оқыту үдерісінде, негізінен, тіл мен әдебиеттік оқу сабақтары барысында қалыптасады. Олай болса, бастауыш білім беру мазмұны оқушыны тұлға ретінде қалыптастыра отырып, оның, ең алдымен, өз ана тілінде ауызекі және жазба тілде сауатты сөйлеу, ересектермен, сыныптастарымен еркін қарым-қатынас жасай білу, айтылғанды ыждаһатпен тыңдап, түсіну, өз пікірін жеткізе білу, дұрыс оқу және сауатты жазу, т.б. дағдыларын, соның нәтижесінде өздігінен білім алу, алған білімін өмірлік жағдаяттарға сәйкес қолдана білу қабілеттерін, өмірдегі мәселелерді шешуге арналған білік-дағдыларын дамытуға бағытталуы тиіс.

Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейін қалыптастыру мен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығын орындау мақсатында ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі
№115 бұйрығымен бекітілген 1-4 сыныптарға арналған «Дүниетану» пәнінің типтік оқу бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Бастауыш білім беру деңгейіндегі ең қиын да жауапты кезең – бірінші сыныптағы оқыту үдерісін ұйымдастыру. Себебі 1-сыныптағы оқытудың мақсаты – 6-7 жастағы сәбилерге әріптерді танытып, олардың басын қосып оқуға, одан әрі түсінгенін мәнерлеп баяндауға, жатқа айтып беруге, т.б. әрекеттерге баулу, қолына қалам ұстатып, бірте-бірте жазуға машықтандыру, байланыстырып сөйлеуге үйретіп, тілін дамыту. Сондықтан 1-сынып оқушыларының оқуға оң ынта-ықыласын қалыптастырып, қызығушылығын ояту мақсатында оқыту үдерісін қарапайымнан күрделіге, жеңілден ауырға біртіндеп өту тұрғысынан ұйымдастырудың маңызы зор. Ол үшін, біріншіден, оқу жылының бірінші жартыжылдығында баға қоймай, ынталандыру, мадақтау, т.б. тәсілдер қолданылады. Сондай-ақ бірінші жартыжылдықта үй тапсырмасы берілмейді.

Білім беру ұйымдарындағы оқу сабақтары сағат сегізден ерте басталмайды.

1-сыныпта балалардың оқу үдерісіне бейімделуін жеңілдету мақсатында оқу жүктемесін бірте-бірте ұлғайтып отырған жөн, яғни сабақтар ұзақтығының «сатылы» тәртібі қолданылуы тиіс: қыркүйек айында ұзақтығы 35 минут үш сабақ екiншi тоқсаннан бастап әрқайсысы 35 минут төрт сабақ жоспарланады; екiншi жарты жылдықтан бастап сабақтар 45 минут болады (ҚР БҒМ 2013 жылғы 17 қыркүйектегі №375 бұйрығы).

Сонымен қоса, 1-сынып оқушылары үшін ІІІ тоқсанда қосымша 1 апталық демалыс беріледі, осыған байланысты оқу жылы 33 аптаны құрайды.

1-сыныпта сабақ кестесіне қосарланған сабақтар («Еңбекке баулу» пәнін қоспағанда) қойылмауы қажет (ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №179 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары).

Сабақ кестесіндегі үзілістердің ұзақтығы, оқушылардың тамақтануы мен белсенді демалуы үшін жеткілікті болуы қажет.

Үй жұмысы оқушылардың мектепте алған білімін қайта жаңғыртып өздігінен пысықтауына, бекітуіне, сол арқылы оқу материалын тереңірек меңгеруіне көмектеседі.

Үй жұмысының мақсаты – оқушыларды өз бетімен білім алуға дағдыландыру.

Үй жұмысының төмендегідей түрлері бар:

1) жаңа материалды меңгеруге бағыттайтын, даярлайтын тапсырмалар;

2) оқушылардың білім, білік, дағдыларын бекітуге арналған тапсырмалар;

3) оқушылардың алған білімін тәжірибе жүзінде қолдануға бағыттайтын тапсырмалар;

4) қайталауға арналған тапсырмалар;

5) шығармашылық сипаттағы тапсырмалар;

6) зерттеу, іздену қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар.

Кез келген үй тапсырмасы сыныпта орындалған тапсырмамен салыстырғанда оқушыны танымдық әрекеттің жаңа деңгейіне шығара алатындай, оның білімге құмарлығын арттыратындай, ізденуге ынталандыратындай болуы керек.

Сондықтан бастауыш сынып мұғалімдері үй жұмысына байланысты мына мәселелерді ескергені жөн:

- үй жұмысы қоңырауға дейін беріледі және нені орындау керек, қалай орындау керек екені нақты түсіндіріледі;

- үй жұмысының сынып жұмысымен тығыз байланыстылығы, өткен сабақтың жалғасы, жаңа сабаққа дайындық іспеттес болатындығы ескеріледі;

- тапсырмалар оқушыларды өз бетімен ізденуге, алған білім-білік, дағдыларын жаңа жағдайда қолдануға бағытталуы тиіс;

- тапсырмаларды бір жақты және бір типтес болмайтындай, оқушыларды жалықтырмайтындай етіп түрлендіріп отыру қажет;

- тапсырмаларға бағдарламаның негізгі тарауларын қайталауға арналған сұрақтар енгізілуі тиіс;

- әр тапсырманың өзінің қиындығы болады, бірақ ол оқушы орындай алатындай, бұл қиындықты өздерінің қабілеттері мен біліктілігін барынша қолдану арқасында жеңе алатындай болуы тиіс;

- оқушыларға берілген әрбір тапсырманы орындаудың анық әрі нақты жолдары мен әдістері көрсетіліп, қандай ақпарат көздерін, көмекші құралдарды қолдану керектігі түсіндірілуі қажет. Дәл осындай үй тапсырмасы қазіргі заманғы мектеп оқушыларына өте қажетті болып табылады;

- барлық оқушыларға ең аз мөлшердегі тапсырмалар беріледі. Ең көп мөлшердегі тапсырмалар жеке оқу пәндеріне қызығушылық білдірген, тиісті қабілеттері бар балаларға арналған;

- үй жұмысы белгілі бір мөлшерден аспауы тиіс: негізгі тапсырманың көлемі жеткілікті болған жағдайда оқушыларды жеке тапсырмалармен жүктемеу керек. Оларды қажет жағдайда ғана беру керек: тексеру жұмысына дайындық ретінде немесе жаңа тақырыпты меңгеру алдында, өткенді қайталау мақсатында;

- тіл сабақтары, математика пәндерінен жазбаша үй жұмысының көлемі сыныпта орындалған жұмыстың үштен бір бөлігінен аспайды;

- 1-сыныптың 1-жартыжылдығында үйге тапсырма берілмейді;

- үй жұмысы ұсынылып отырған уақыт мөлшеріне сәйкес болу үшін басқа пәндермен келісімді беріледі;

- тіл сабақтарынан (мысалы, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен) үй тапсырмасы тек жазбаша түрде ғана емес, ауызша да беріледі. Жаттығулар әртүрлі тапсырмалармен күрделенеді. Жаттығуды көшіруге 8 минуттан
15 минутқа дейін уақыт кететіні де ескеріледі. Ал кейбір қиын тапсырмаларды, мысалы, бір ережеге мысалдар жинақтау, кесте құрастыру басқа тапсырмамен қатар берілмейді, алдын ала дайындықпен, кейбір жағдайларда оқушылардың жеке мүмкіншіліктерін ескере отырып жеке тапсырма ретінде беріледі;

- әртүрлі жаттығуларды кезектестіріп беру есте сақтау қабілеттерін арттырады: көру арқылы есте сақтау (көшіруге берілген жаттығулар), есту арқылы есте сақтау (ауызша әңгіме құрау), логикалық ойлау (кесте, диаграмма, т.б. құрастыру), елестету (оқиға мен затты ойша бейнелеу);

- оқушылардың математикалық сауаттылығының нәтижесін жақсарту және білім сапасын арттыру мақсатында математика сабағында меңгерген білім, біліктілігін тәжірибеде және күнделiктi өмiрде пайдалана білуге негізделген практикаға бағдарланған тапсырмаларды орындату ұсынылады;

- дүниетану пәндерінен берілетін тапсырмалар оқушының зерттеушілік қабілетін дамытуға бағытталуы тиіс (мысалы, табиғаттағы құбылыстарды бақылау, өсімдіктердің, жануарлардың, жәндіктердің тіршілік ортасын, қоректенуін, т.б. зерттеу).

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы
29 желтоқсандағы №179 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес «Пән оқытушысы сынып журналына деректерді енгізіп, үй тапсырмаларын орындау мүмкіндігін ескере отырып, оқушыларға үй тапсырмаларын береді. Үй тапсырмаларын орындау үшін ұсынылатын уақыт (астрономиялық сағатпен): 2-3 сыныптарда – 1,5 сағаттан асырмау, 4 сыныпта – 2 сағаттан асырмау» керек.

Бастауыш білім мазмұнын жеті білім саласы құрайды: «Тіл және әдебиет», «Математика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Өнер», «Технология», «Дене шынықтыру».

 

Date: 2015-12-13; view: 1723; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию