Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері





 

Білім берудің негізгі бағыттарының бірі тәрбие жұмысы болып табылады. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев: «Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек», − деп көрсеткен болатын.

Қазақстандықтардың алдында тұрған аса маңызды міндет − «Mәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру. Оның іргетасы мектепте қалануы тиіс. Бұл идеяны жүзеге асыру үшін мектептерде мақсатты түрде тәрбие жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар оқыту процесінің тәрбиелік мәнін күшейту қажет. Оқытылатын пәндер оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттері мен патриоттық сезімдерін және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға, ұлттық сана-сезім мен толеранттылықты дамытуға, зайырлы құндылықтарды нығайтуға және жастардың терроризм мен экстремизм идеологияларын саналы түрде қабылдамауын қалыптастыруға, Қазақстанның көпэтникалық жағдайында қарым-қатынас жасай білуіне бағытталуы тиіс.

Академияда Елбасының «Тәуелсіздік толғауы» еңбегін білім беру ұйымдарында оқушылардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескере отырып оқып білуге арналған әдістемелік ұсыныстар дайындалды, оларда оқытудың тиімді формалары мен әдістерікөрсетілген және оқушылардың азаматтығы мен отаншылдығын қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударылған. Осыған орай Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік толғауы» шығармасын кеңінен оқытуды ұйымдастыру ұсынылады.

«Қазақстан-2050» – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясының негізгі бағыттарын, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» атты 2014 жылдың
11 қарашадағы Жолдауын іске асыру және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ұлттық тарихты дамыту мен тарихи сананы жаңғыртудағы рөлін анықтау және «Қазақстан тарихы» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік материалдарды жетілдіру туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы
30 желтоқсандағы № 554 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылдың 26 қаңтардағы №32 бұйрығын орындау мақсатында 9-11-сыныптардың «Қазақ тілі», «Орыс тілі»,
11-сыныптың «Қазақ әдебиеті», «Орыс әдебиеті» және 5-11-сыныптардың «Қазақстан тарихы» пәндерінің үлгілік оқу бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Оқу бағдарламаларының базалық мазмұнына Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік толғауы» атты 2014 жылғы 15 желтоқсандағы сөйлеген сөзі енгізілді. Мәтіннің мазмұны оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерінғ қазақстандық патриотизмді және «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын өмірде жүзеге асыру ұмтылысын қалыптастыруға, этносаралық және мәдениетаралық байланыс жағдайында толеранттылықты және қарым-қатынас жасау білігін дамытуға бағытталған.

Мектеп-интернаттардың тәрбиелік жұмыстары тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуына қарай жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде баланың рухани дүниесі мен өзін қоршаған ортаның өзара үйлесімді байланысын қамтамасыз етуге бағытталуы керек, балалардың өмірлік өз жолдарын тануға, олардың азаматтық көзқарастары қалыптасуына, гуманитарлық құндылықтардың негізінде жетілуіне; әрбір жасөспірімнің тұлғалық өсуін психологиялық-педагогикалық қамтамасыз етуге; өзіндік жолын табу еркіндігі болуына, табысқа жету жағдаяттарын тани алуына, өзіндік тәрбиеге ықпал етуге; жеке басының дамуына құрметпен қарауға бағытталады.

Рухани-адамгершілік және көшбасшылық қасиеттері бар азамат және патриот қалыптастыру мақсатында білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мейрамдарын: Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығын өткізу іс-шараларын кең ауқымда ұйымдастыру қажет.

Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығын орындау мақсатында 1-4 сыныптарға арналған «Өзін өзі тану» және 9-11 сыныптарға арналған «Адам. Қоғам. Құқық» пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына өзгерістер пен толықтырулар енгізілді. Осыған байланысты пәндерді оқытуда тұлғаны қазақстандық патриотизм мен сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға ерекше мән берілуі қажет.

Мектептегі балалардың қауіпсіздігі және зорлық-зомбылықтың алдын алу

Қазақстанда жалпы орта білім беру ұйымдарындағы зорлық-зомбылық маңызды проблема болып табылады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мектепте зорлық-зомбылыққа және кемсітушілікке жиі ұшырайтыны байқалуда (яғни, психологиялық зорлық-зомбылық, күш көрсету, бопсалау, жыныстық сипаттағы зәбірлеу мен қысым, кибербуллинг және кемсітушілік).

Қазіргі кезде республикада оқыту мен тәрбиелеуде кемсітушілік пен зорлық-зомбылықтан еркін қауіпсіз ортасын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдануда.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму және Ішкі істер министрліктері «Білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 2015-2016 жылдарға арналған ведомствоаралық бірлескен іс-қимыл жоспарын» бекітті.

Шығыс Қазақстан облысы мектептерінде «Юнисеф» БҰҰ балалар қорымен бірге балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және ескеру бағдарламасы жүзеге асырылады. Жобаны елдегі білім беру ұйымдарына отандық және шетелдік инновациялық тәжірибені ескере отырып енгізу жоспарлануда.

Жалпы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларға қатысты балалардың қауіпсіздігі мен зорлық-зомбылықтың алдын алуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыста мектеп директорлары, мұғалімдері мен мамандары күш көрсетпеу, кемсітпеушілік, гендерлік теңдік, толеранттылық және өзара сыйластық құндылықтарын басшылыққа алуы маңызды. Мектептегі зорлық-зомбылық құрбаны және жазықты болу қаупі жоғары жай-күйі осал балалардың (жағдайы төмен, толық емес, кедей отбасылардың балалары, девиантты мінез-құлықты, шалғайдағы ауыл балалары, дамуында мүмкіндігі шектеулі балалар (оның ішінде мүгедек балалар), тілдік және этникалық топтардың балалары, мигранттар/оралмандар отбасының балалары, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар), интернаттық мекемелер тәрбиеленушілерінің, сондай-ақ мектептердегі қыздарға қатысты жыныстық және гендерлік зорлық-зомбылық проблемасына зор көңіл бөлу қажет.

Мектептердегі зорлық-зомбылыққа фактілеріне мониторинг жүргізу керек. Мектептегі зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларды қолдау және әрекет ету механизмдерін қамтамасыз ету. Білім беру ұйымдарында педагогикалық ұжым, балалар мен ата-аналардың қатысуымен мектептегі зорлық-зомбылықтың барлық формаларының алдын алу және жою бойынша түсіндіру жұмыстарын (конференциялар, акциялар, дөңгелек үстелдер, пікірталастар, диспуттар және т.б.) жандандыру. Мектеп қызметкерлері, балалар мен ата-аналар үшін зорлық-зомбылықтың алдын алу және күресу бойынша ақпараттық-насихаттық кампаниялар ұйымдастыру қажет.

Оқу жылының басында (қыркүйек-қазан айлары) оқушылардың моральдық-адамгершілік құндылықтарын арттыру үшін отбасы мен мектеп тарапынан оларды қоршаған ортаның теріс ықпалынан, жыныстық және өзге де зорлық-зомбылық түрлерінен қорғауда қажет алдын алу шаралары түсіндірілетін тақырыптық ата-аналар жиналыстарын өткізу қажет.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жалпы білім беретін мектептерде оқушылармен жүйелі негізде өзін өзі сақтау ережелері, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау біліктіліктері, моральдық құндылықтар, адамгершілік бастаулары және жыныстық мәдениетті дамыту (жоғары сыныптарда) туралы профилактикалық әңгімелер өткізу керек.

Мұнан басқа, психологиялық қызметтер іс-әрекетінің нәтижелілігіне мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету және олардың қызметін отбасы мен жасөспірімдер ортасының проблемаларын шешуге бағдарлау қажет. Білім беру ұйымдарында жыныстық сипаттағы зорлық құрбаны болған оқушыларды анонимді сауалнама жүргізу арқылы анықтауда мектеп психологтары, әлеуметтік педагогтер мен медициналық қызметкерлердің жұмысын жандандыру қажет.

Тәрбие жұмысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі №227 бұйрығымен бекітілген Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін басшылыққа алу қажет.

Білім беру ұйымдарында тәрбие үдерісін әдіснамалық қолдау бойынша мұғалімдерге, сынып жетекшілеріне, тәрбиешілер мен ата-аналарға көмек ретінде дайындалған әдістемелік ұсыныстар Академия сайтына (www.nao.kz). орналастырылған.

«Жалпы білім беретін оқу орындарында 2015-2016 оқу жылының басталуы туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы
8 маусымдағы № 364 бұйрығына сәйкес 2015 жылғы 1 қыркүйекте барлық жалпы білім беру ұйымдарында Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған салтанатты жиын өткізілуі тиіс.

Осы іс-шараны ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының Білім күні 2015 жылғы 1 қыркүйекке арналған «Менің Отаным – Қазақстан» мерекесін өткізу тұжырымдамасы әзірленді.

Білім күні – оқушылардың, ата-аналардың, мұғалімдердің және өзі оқыған мектебін ыстық көретін және есінде сақтап жүрген барлық адамдардың дәстүрлі мерекесі.

1 қыркүйек күні барлығынан бұрын бірініш сыныпқа келген оқушылар қуанады. Өйткені бұл күн олар үшін әсерлі және есте қаларлықтай болып саналады.

Білім күнін өткізуге негіздеме:

- Мемлекет басшысының бес институтционалдық реформасын іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспары;

- «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясы;

- Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспар (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873 қаулысы);

- Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері (ҚР БҒМ 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығы).

Білім күнінің мақсаты – «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде білім беру процесіне Мәңгілік Ел құндылықтарын енгізу.

Білім күнінің идеологиялық және тәрбиелік мақсаты – қоғамда қазақстандық патриотизм идеясын дамыту, Тәуелсіздік алғаннан бергі Қазақстанның жетістіктерін насихаттау, басты құндылықтарды – тәуелсіздік, бейбітшілік пен келісімді нығайту.

Еліміздің мемлекеттік нышандарына, дәстүрлеріне, тарихына, Қазақстан Республикасының Конституциясына деген мақтаныш сезімді ояту және оларға құрметпен қарау.

Білім күнінің оқытушылық және дамытушылық мақсаты – балалардың Отанға деген азаматтық жауапкершілікті сезінуіне ықпал ету.

Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы туралы түсінік беру, Қазақстан халқы бірлігін нығайтудағы олардың маңызын ашу.

Білім күнінің тақырыбы: «Менің Отаным – Қазақстан».

Білім күнінің уақыты: 2015 жылғы 1 қыркүйек.

Білім күніне арналған іс-шараларды өткізу мерзімі: 2015 жылғы 25 тамыздан 5 қыркүйек аралығы.

Білім күнінің мақсатты топтары: оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар, педагогикалық еңбек ардагерлері, үкіметтік емес ұйымдар, жергілікті атқарушы органдар, құқық қорғау органдары, мектептердің басшылары, меценаттар

Білім беру ұйымдарында өткізілетін іс-шаралар:

1. Әрбір бірінші сынып оқушысына Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атынан сыйлық – «Менің отаным – Қазақстан» кітабы тапсырылатын «Менің Отаным – Қазақстан» Бірыңғай білім сабағы.

2. Білім күніне арналған «Менің Отаным – Қазақстан» атты салтанатты сап түзеулер, бірінші сынып оқушыларын Алғашқы қоңырау мерекесімен құттықтау.

3. Бастауыш сынып оқушыларына арналған «Армысың, мектебім!» атты мәдени-танымдық бағдарламалар, мультипликациялық фильмдер немесе мектеп өмірі туралы фильмдер көрсету.

4. Орта мектеп оқушыларына арналған театр, цирктарға қайырымдылық экскурсиялары, «Мұражайдағы Білім күні» акциялары, «Ғажайып ғылымдар мектебі» атты мәдени-ойын-сауық бағдарламалары.

5. Жоғары сынып оқушыларына арналған «Болашаққа» жол ашатын мектеп» зияткерлік және танымдық кештері.

6. Ана-аналарға арналған «Мектеп өмірі», «Кітап қала», «Мектеп қиыншылықтары» және т.б. кітап-көрнекілік көрмелері.

Бірінші сынып оқушыларына арналған «Менің Отаным – Қазақстан» атты бірінші білім сабағы

Білім сабағының тақырыбы: «Менің Отаным – Қазақстан».

2015 жылы әрбір бірінші сынып оқушысына Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атынан сыйлық – «Менің Отаным – Қазақстан» кітабы дайындалды.

Кітап – білім беру саласындағы бес институтционалды реформаны жүзеге асырудың алғашқы жобасы, Қазақстан халқының тұтастығын жете түсінуге көмектеседі, азаматтық ұстанымды қалыптастырады.

Сабақтың тақырыбы дәстүрлі түрде Еліміздің идеологиясымен байланысты. Өміріндегі алғашқы сабағында Президент атынан сыйлық алған баланың еліне деген мақтаныш сезімі мен ризашылығы оянады.

Осыған байланысты бірінші білім сабағы мен Кітап тапсыру рәсімі салтанатты жағдайда өтуі тиіс және бастауыш сынып оқушылары үшін есте қаларлық оқиға болуы тиіс.

Марапаттау рәсімін аймақтағы танымал мәдениет, өнер, спорт қайраткерлері, еңбек, соғыс ардагері, ғалымдар, жастар қозғалысының көшбасшылары, түрлі дәрежедегі әкімдер жүргізеді.

Білім күнінің мақсатты топтары: бірінші сынып оқушылары, ата-аналар, бастауыш сынып мұғалімдері, педагогикалық еңбек ардагерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілері, ҮЕҰ және БАҚ.

Сабақтың өткізілетін кезеңдері (тақырыптық бөлімдері) Кітаптың 12 бөлімімен сәйкес келуі тиіс:

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың алғы сөзі.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары.

3. Еңбексүйгіштік, адалдық пен білімділік – «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары.

4. Қазақстан Республикасы картасындағы менің туған жерім.

5. Елімнің астанасы – Астана.

6. Туған жерімнің табиғаты.

7. Қазақтардың тұрмысы мен мәдениеті.

8. Ғарышты игеру.

9. Салт-дәстүрлер.

10. Қазақ хандығына – 550 жыл.

11. Қазақ халқының ағартушылары.

12. Қазақстан Республикасының мейрамдары.

Аталған оқу құралы сынып сағаттарына негізгі материал және сауаттылыққа үйрету мен әлемді тану сабақтарында қосымша материал ретінде ұсынылады.

Барлық іс-шаралар БАҚ-та баяндалуы тиіс, Білім күнінің мерекелік іс-шараларын өткізу туралы материалдар білім беру ұйымдары, білім беру басқармасы органдарының, мектеп сайттарында орналастырылуы тиіс.

Бірінші сынып оқушыларын құттықтауға арналған парақшалар мен бірінші сынып оқушыларының ата-аналар интернет қауымдастығын ашу ұсынылады.


Date: 2015-12-13; view: 4242; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию