Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Шетел тілі. Негізгі орта білім деңгейіне арналған шетел тілі курсы жалпы орта білім деңгейінде оқыту дайындығына бағытталған





Негізгі орта білім деңгейіне арналған шетел тілі курсы жалпы орта білім деңгейінде оқыту дайындығына бағытталған, яғни ол шетел тілін меңгерудің жалпы еуропалық А1, А2, А2+ деңгейлеріне сәйкестендірілген:

5-сынып – А1 («Бастапқы игерім 1»);

6-сынып – А1 («Бастапқы игерім 1.1»);

7-сынып – А2 («Қалыптасу қарсаңындағы игерім 1»);

8-сынып – А2 («Қалыптасу қарсаңындағы игерім 1.1»);

9-сынып – А2+ («Қалыптасу қарсаңындағы игерім 2»).

Негізгі орта білім беру деңгейінде шетел тілін оқытудың мақсаты – оқушылардың тілді меңгерудің жалпы еуропалық А1, А2 қалыптасу алдындағы деңгейге сәйкес мәдениетаралық коммуникативтік біліктерін қалыптастыру мен дамыту, оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту.

Оқыту міндеттері:

- жаңа тілдік құралдарды (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, орфографиялық) және шеттілдік қарым-қатынас жасауда оларды қолдануды меңгеру;

- коммуникативтік біліктіліктерді сөйлеу әрекетінің төрт түрінде – тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым шетел тіліндегі қарым-қатынаста жүзеге асыру;

- оқушыларға үйреніп отырған тілі негізінде сол елдің мәдениетіне, салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпына қатыстыру;

- шеттілді мәдениаралық қарым-қатынас жағдайында өз елін және оның мәдениетін таныстыра білу шеберлігін қалыптастыру;

- ақпаратты қабылдау кезінде тілдік құралдардың жетіспеушілігі жағдайында бейімделу шеберлігін қалыптастыру;

- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, оқушыларға түсінікті тәсілдер мен құралдарды қолдана отырып жалпы және арнайы іскерліктерді қалыптастыру мен жетілдіру;

- қазіргі заман жағдайында оқушылар шетел тілінің орнын, болашақ маман иесі ретінде аңғаруы, өзін-өзі бақылау, өзіндік талдау және тілдік коммуникативтік дамуын өзіндік бағалау стратегиясын меңгерту;

- алынған жалпы оқыту іскерліктерін, дағдылар және біліктерін оқу-танымдық құзыреттіліктерді дамытуға кіріктірілетін оқу және іс-тәжірибелік міндеттерді шешу мақсатында қолдану;

- ұлттық өзіндік сана-сезімді, әртүрлі қоғамдастық адамдарының арасындағы өзара түсіністікке ұмтылысты және өзге мәдениет белгілеріне толеранттық қарым-қатынасты дамыту.

Берілген кезеңде әуелгі кезеңнің тақырыптары мен сөйлеу аясы кеңейіп, оларға жаңа сөйлеу тақырыптары қосылады. Қатысымдық-сөйлеу іс-әрекеті бір кезеңнен екінші кезеңге өтіп, репродуктив әрекеттен репродуктив-нәтижелі әрекетке, кейіннен нәтижелі әрекетке қарай дамиды.

5-7-сыныптарда айтылым дағдыларын (диалогтік және монолог сөз) дамыту үшін нәтижелі жаттығуларды, яғни берілген репликалармен диалог құру, үлгі-диалогтарды дыбыстау қолданылады. Жаттығулар шығармашылық сипатта болуы мүмкін. Монолог сөз дағдыларын дамытуда тірек сөздер, жоспар, логикалық сызба, ассоциациядан тұратын нәтижелі, репродуктив жаттығулар, т.б. қолданылады. Оқу материалын жақсы меңгеру үшін жаттығуларды алдымен жазбаша, кейін ауызша түрде орындауға болады.

5-7-сыныптарда «Шетел тілі» оқу пәнін игертуде белгілі бір нәтижеге қол жеткізіледі:

- шетел тілін меңгерудің мотивациясын қалыптастыру және «Шетел тілі» пәнін білім беру бағытында өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу;

- «Шетел тілі» оқу құралдары арқылы өзін көрсету мүмкіндігін сезіну;

- тұтастай жеке сөйлеу мәдениетін жетілдіруге ұмтылу;

- мәдениеаралық және этникааралық қарым-қатынаста коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру.

8-9-сыныптарда (А2 оқу деңгейі бойынша) қатысымдық-мәдениетаралық құзыреттерінің барлық компоненттерін дамыту жалғаса береді: грамматикалық және лексикалық минимум кеңейтіледі, тілдік және сөйлеу дағдылары нығайтылады, дискурсивті және әлеуметтік-мәдени біліктері дамиды. Бұл кезеңде үлгіге қарамай, вербальдық тірексіз байланысқан сөйлем құру қабілетін қалыптастыру қажет.

Көптілді білім беруді енгізу жағдайында ағылшын тіліне ерекше назар аударылады. Көптілді мектептерде ағылшын тілін тереңдете оқыту көзделген.

5-7-сыныптарда лексикалық минимумды қалыптастыру, ағылшын тілінде оқытылатын пәндер бойынша бастапқы терминологиялық сөздікті әзірлеу ұсынылады.

8-9-сыныптарда лексикалық минимум артады, ағылшын тілінде оқытылатын оқу пәні курсының көлемі кеңейеді.

Шетел тілі сабақтарында оқушылардың тұлғалық қасиетін қалыптастырудың маңызды аспектісі «Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру болып табылады:

- оқушылар бойында шетел тілінің қазіргі адам өмірінде және көпмәдениетті әлемдегі рөлі мен маңыздылығы туралы таным қалыптастыру, шет тілін қолдануда мәдениетаралық қарым-қатынаста басқа халықтар әлемі мен мәдениетін тану құралы ретінде жаңа тәжірибе жинақтау;

- азаматтық теңдікті, өз халқы, туған өлкесі, өз елі үшін патриотизм мен мақтаныш сезімін, өз этникалық және ұлтқа қатыстылығын сезіну, тілдерді және мәдениеттерді меңгеру арқылы жалпы қабылданған адамзаттық және базалық ұлттық құндылықтарды дамыту;

- коммуникативтік құзыреттіліктері мен мәдениетін қалыптастыру, яғни өзінің сөйлесу мүмкіндігіндегі деңгейіне қарай ауызша (айтылым және тыңдалым) және жазбаша (оқылым және жазылым) әр-түрлі үлгіде тілді таратушымен қарым-қатынаста қабілеттілігі мен дайындығын, коммуникативтік шешімдер мен әңгімелесу әдебіне сәйкес барынша кең көлемде сөйлесу және сөйлесуден басқа құралдарды тепе-тең пайдалану;

- ағылшын тілді елдердің мәдениетімен танысу арқылы өзге (бөгде) мәдениетке құрметпен қарау қатынасын қалыптастыруды жалғастыру;

- ауызша және жазбаша қатынаста шетел тілінде өзінің төл мәдениетін таныстыру қабілетін одан әрі дамыту.

Ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында шетел тілі пән мұғалімдеріне ұсынылатыны:

- оқыту материалдарының түпнұсқасын пайдалану (аудио-бейнежазбалар, фильмдер, әндер, ғылыми және ойын-сауық журналдарынан мақалалар);

- сипаттау дағдысын қалыптастыру үшін ақпараттармен жұмыс жасау, шетел тілінде сипаттама беру, салыстыру, талдау, диалог жүргізу, пікірталас, қажетті дәлелдемелер келтіру, жинақтау және қорытынды жасау;

- оқушылардың сөздік қорын байыту мақсатында өз бетінше анықтамалармен және энциклопедиялық әдебиеттермен, электронды ресурстармен жұмыс істеуге үйрету.

Үлгілік оқу жоспарына сәйкес «Шетел тілі» пәні бойынша апталық оқу жүктемесінің көлемі:

5, 6, 7, 8, 9-сыныптарда аптасына 2 сағаттан, жылына әрбір сыныпта 68 сағатты құрайды.

Date: 2015-12-13; view: 1136; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию