Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Физиология кафедрасы. №4 сабаққа таратылатын материал





№4 сабаққа таратылатын материал

Сабақ тақырыбы: «Орталық жүйке жүйесінде қозудың таралу ерекшеліктері».

ЖҰМЫС №1

Тюрк әдісі бойынша жұлын-милық рефлексінің уақытын анықтау

Жұмысқа қажетті құралдар: бақаға арналаған фиксаторлы штатив, секундомер, препарат дайындауға арналған құралдар, 0,1;0,3;0,5% күкірт қышқылының ерітіндісіне батырылған мақта, су. Зерттеуді бақаға жүргізеді.

Жұмыстың орындалуы: Арнайы бақаға дайындап және оны штативке бекітеді. Артқы аяқтарының біреуін тізе буынына дейін 0,1% күкірт қышқылының ерітіндісіне саламыз және бір мезгілде секундомерді іске қосады. Аяқтың қышқылға салынған уақыттан бүгілу рефлексіне дейінгі уақытты өлшейді. Өлшенгеннен кейін, салқын сумен бақаның аяғын жуады. Бұл тәжірибені 2-3 рет 2-3 минут сайын қайталайды. Сосын осы тітіркендіру күші мен рефлекстің орташа уақытын есептейді. Содан кейін тәжірибені 0,3% және 0,5% қышқылмен ерітінді жасайды.

Жұмыстың қорытындысы және олардың безендірілуі. Тә жірибені салып, рефлекстің уақытын әртүрлі күштермен өлшеу:

Қорытынды:

№2 ЖҰМЫС Орталық жүйке жүйесінде қозудың кеңістік және мерзімдік жиынтығы

Жұмысқа қажетті құралдар: стимулятор, 2 желі, операция жасайтын үстел, лоток, салфетка, мақта, бақа.

Жұмыстың орындалуы. Тәжірибені таламикалық бақаға жасайды. Ол үшін көзінің артынан бақаның басын кеседі, кейін операциялық үстелге жатқызады. Артқы бір аяғына стимуляторлы қосылған электродты бекітеді оларды бір-бірімен 0,5 қашықтықта тізе буынынан жоғары табалдырық күшін табады. Кейін 1 Гц және 20-50 Гц жиілікпен тітіркендірудегі реакцияны бақылайды.

Жұмысты безендіруге беретін ұсыныстар. Қорытынды жазарда қозғалу реакциясының тітіркену кезінде өте жоғары жиілікпен өзгеретіндігіне көңіл бөл. Зерттеген құбылыстың себебін айтып бер.

Қозудың кеңістік жиынтығы.

Жұмысқа қажетті құралдар:препарат жасайтын саймандар, лоток, мақта; метроном немесе секундомер, тығыны бар штатив, 0,1%; 0,3%; 0,5% күкірт қышқылды ерітінді, құбыр суы, стакан, бақа.

Жұмыстың орындалуы: Толамикалық бақаны төменгі жақсүйегімен штативтің ілмегіне іліп, тығынды ілмекке кигізеді. (себебі, бақа жұмыс кезінде түсіп қалмас үшін)

Кеңістік жиынтығын бүгілу рефлексінде бақылауға болады. Қаны тоқтағанға дейін іліп қояды.

Кеңістіктік жинақталуды бүгілу рефлексінде бақылауға болады. Бұл үшін көлбақаның артқы аяқтарының ұшын табалдырықты концентрациялы қышқылға салады және метроном соққысының (немесе аяқтың ұшын қышқылға салып, аяқтарды тартып қалғанға дейінгі уақыт секундомер арқылы рефлекс уақыты анықталынады) санын санай отырып, рефлекс уақытын анықтайды. Содан соң, аяқтардың ұшын ыдыстағы ағынды сумен жуғаннан кейін, қышқылға аяқты табанмен қоса салып, рефлекс уақытын анықтайды.

Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар. Екі жағдайдағы рефлекс уақытын белгілеңіз. Неліктен, қышқылға аяқты табанмен қоса салғанда, рефлекс уақыты өзгеретіндігін түсіндіріңіз. Қозудың кеңістіктік және уақыттық жинақталуын түсіндіретін жобаны келтіріңіз.

Қорытынды:

№3 ЖҰМЫС Электроэнцефалограмманы талдау.

Жұмыстың мақсаты: электроэнцефолограмманың құрылысымен танысу. Мидың әртүрлі биотоктарын жазу үшін өте кең тараған арнайы специкалық құрал электроэнцефолограмма. Бұл тәсілмен өлшеуде адам миының биотоктары мидың бетіндегі тіркелген электродтарменен өлшейді. Биоэлектрлік құбылыс ЭКГ-да периодты және апериодты толқындармен әртүрлі валтабен және жиіліктермен байланысты.

Қазіргі кезде ЭКГ-дағы электрлік тербелістер жиілігі мен амплитудасына және әрекеттік маңызына байланысты төрт типке бөлінеді: альфа, ветта, тета, дельта

Жұмыс орындалуы: Сыртқы электрлік және магниттік өріс әсерінен саналатын арнайы экрандық камерада тіркелуді жүргізеді. Шлемм түріндегі электрографты бекітетін және шығарушы электродтардан тұратын арнайы электродты құрылым көмегімен электродтық толқын шығады. Электр терімен ұласуын қамтамасыз етіп, үлкен кедергілер болмау керек. Зерттеушіге түрлі әсері әрекет етілгенде ЭКГ жауап бере бастайды.

1)Көзін жұмдырып бұлшықеттің босаңсып ұстап тұруын сұрайды. Бірнеше минуттан соң ЭКГ-да α-ырғақ пайда болғандығын байқайды.

Көзін ашқыздырып қойғаннан кейін α-ырғақ бұзылуы көрінеді.

2) 20Гц жарық сигнал берілу жиілігін фотофоностимуляторда тұрғызып, жарық әсерінен берілу кезеңін жазу үшін ЭКГ-ден байқайды.

Сұрақтарға жауап беру:

1. α-ырғақ қандай функциональды жағдайда сипатталады?

2. ауырсыну кезіндегі қандай өлшеу ЭКГ-де өлшенеді?

№4 ЖҰМЫС Реоэнцефалограмманы талдау.

Реография тәсілі- гемодирамиканың зерттеу тәсілдерінен салыстырмалы қарапайымдылығымен;

қолдануға қарсы көрсеткіштің болмауымен; жеткілікті түрде сенімді әрі алынған нәтижелердің нақты екенділігімен ерекшелінеді. Жүрек, қан-тамырлар жүйесінің әртүрлі жағдайларында яғни атеросклероз кезінде, васкулиттің гипер және гипотониялық синдромдарында және т.б.гемодинамиканы зерттеуге; сонымен бірге қан айналымының жағдайы туралы сызықтық ақпарат алуға реография әдісі мүмкіндік етеді.

Жұмыстың барысы: Реограф РПГ -2-02 және жермен

ұштастыруды тоқ жүйесіне қосады. Құралдың алдыңғы бетіндегі басқару жүйелерін келесі деңгецде тұрғызады:

0,1 Ом-іске қосу 1К -қосу 100 Ом- қосу

0, 5 Ом-істен шығару 2К-сөндіру 200 Ом-сөндіру Құралды электр жүйесіне қосады. Алдымен алғашқы кали-бровкалық белгілер жазылады. Электродтарды жобада көрсетілгендей етіп орналастырады. Т және Т аралығында орналасқан дене бөлімінде жоғарғы жиіліктегі тоқ анықталады. Ал Р және Р аралығында кедергінің өзгеруі қанның ағуы мен қайта оралуында байқалады. Сол сәтте жеке кедергі электрлік сигналға айналып ЭКГ-4-02 құралында тіркеледі. Өкпенің жоғарғы дәрежеде желдетілде бастапқыда тіркелген реограмманы жазуға болады.

Реограмманы контурлық әдіспен талдау

Дұрыс тіркелген реограмма өз түрімен толқындар қисығының, тамырдың соғуы және жүрек қызметінің әрбір кезеңдеріне сәйкес келеді. Сондықтан реограммалық бірге ЭКГ-ны тіркеу қажет.

Көрсеткіштер:

1.Ас-систолалық толқын амплитудасы.

Ас (Ом)=Ac (мм) / K(мм)×0,1

Мұнда

1.Ac (мм) – изолиниядан реограмманың ең жоғарғы дейінгі аралық;

K (мм) – колибровканың жоғарылығы 0,1-колибровканың тұрақты белгісі;

2. Ад (Oм)-диастолалық тоқынның амплитудасын өлшеу Сонымен қатар, бұл көрсеткіштер артериялық жәнетвеналық қан ағыстарының көрсеткіштері туралы ақпарат береді.

3. T-қан айдау кезеңі (сек) немесе реограмманың басынан ең жоғарғы нүктеге дейінгі аралық.

4.V- қан ағысының жылдамдығы (Oм / сек) V=Ac (Ом) / Т (сек);

 

№5 ЖҰМЫС Жұлын-милық рефлекстің орталықтан тежелуі (Сеченов тежелуі)

ОЖЖ- жүретін, үрдіс ретіндегі тежелу, 1862ж. И.М. Сеченовпен ашылды. Аралық миды тітіркендіру, жұлынмен іске асырылатын, рефлекстің тежелуін тудыруы мүмкін. Әрі қарай ОЖЖ-жоғарғы бөлімдері, жұлынның рефлекторлық әрекетін тежеуі немесе жеңілдетуі мүмкін.

Жұмысқа қажеттілер: препаровкалық құралдар, штатив, секундомер, 100 мл 3 химиялық ыдыстар, біреуі- 200 мл, NaCl тұздары, 0,5% -HCl ерітіндісі, Рингер ерітіндісі. Зерттеу объектісі – көлбақа.

Жұмыс барысы:

Көлбақаны препоравкалық тақтаға ішімен жатқызып, тіркейді. Қайшының көмегімен басында кескін жасайды, кескін орнындағы бас қаңқасының терісін алады. Кішкене қайшының үшкір ұшын бас қаңқасының қақпағының астына ендіреді. Миды жарақаттамас үшін, ми қақпағына көлденең кескін жасайды. Қақпақты екі бүйірі бойынша сүйекті кесе отырып, ми қақпағын алып тастайды. Өткір пышақпен (скальпельмен) көру төмпегінің үстінен кескін жүргізеді және кескіннен жоғары ми ұлпасын алып тастайды.

Көлбақаның жоғарғы жағымен штативке іледі және Тюрк әдісі арқылы (99 сурет, А), (№3-жұмысты қараңыз) рефлекс уақытын анықтайды. Фильтрленген қағаз арқылы ми беткейін кептіреді және көру төмпегіне NaCl (99 сурет, Б) тұздарын салады. Содан соң тікелей рефлекс уақытын анықтайды, тұзды алып тастап, миды физиологиялық ерітіндімен жуады. 5 минут уақыттан соң қайтадан рефлекс уақытын анықтайды.

Жұмыс нәтижелері және оны бейнелеу. Тәжірибе жобасын сызыңыз. Тәжірибенің әр түрлі жағдайларындағы рефлекс уақытын жазыңыз. Көру төмпегіне салынған ас тұзының әсерімен, рефлекс уақытының өзгеру себептерін талқылаңыз. Бақыланған құбылыстың сипаты туралы қорытынды жасаңыз.

Қорытынды:

№ 6-жұмыс Гольц тәжірибесі

Жұмыс барысы: жүрек әрекетінің рефлекторлық баяулауын немесе оның тоқтауын іштік қуыста (оның эпигастральді аймағында) орналасқан кезеген жүйкенің сезгіш талшығын және рецепторларды механикалық тітіркендіру арқылы тудыруға болады.Кәдімгі тәсілмен студентте жүректің жиырылу жиілігін санап, содан соң іштік қабырға бойын басыңқырап, қайтадан ЖЖЖ санайды. Осы кезде жүрек жиі жиырылады. Тәжірибені 2 рет қайталайды.

Қорытынды:

Кесте мен жобаны салу

 

ЖҰМЫС № 7. Кестемен жобаны салу

Сурет 3.5. МТП- мембрана тыныштық потенциалы. Сурет 3.6. Синапсалды тежелу.

Синапстардағы бағыттар тоқтың бағытын көрсетеді. А-1 – тежеуші нейрон; А-2 – қоздырғыш нейрон;

А-3 – эффекторлы нейрон.

Сурет 3.9. Орталықтың жү»келік торларындағы тежеуші процесстер. 1 – аяқтардың қозғалысын басқаратын жұлын орталықтарындағы реципрокты тежелу; 2 – жұлындағы қайтарма тежелу (Реншоу); 3 – латеральді тежелу; 4 – қоршаған тежегіш аймақ; П – оң, Л – сол аяқ, С – бүккіштерді басқаратын нейрондар, Р – жазғыштарды басқаратын нейрондар.

Сурет 31. Соматикалық (сол жақ) және вегетативтік (оң жақ) рефлекстер доғасы сызбанұсқасы.

1 – қабылдағыш; 2 – афферентті бөлік; 3 – орталық бөлік; 4 – қозғаушы бөлік; 5 – эффектор; К – байланыстырушы нейрон.

 

 

 

Кесте. Электроэнцефалограмма көрсеткішетрінің сипаттамасы және әркелкі ритмдерді түсіру жағдайлары.

Сурет. Электроэнцефалография. А – ЭЭГ түсіру сызбанұсқасы; Б – ЭЭГ-нің негізгі ритмдері.

Э1 – белсенді электрод, Э2 – индифферентті электрод, ПУ және ЛУ – оң және сол құлақ.

Date: 2015-12-13; view: 1448; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию