Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






CHРС дифференциалдау әдістің принціптері





CHРС-ті позициондаудың дифференциалдау әдісі псевдоалшақтықты (немесе псевдоалшақтықпен тасмалдаушы фаза) өлшейтін кем дегенде екі қабылдағыш қолданылады. Қабылдағыштардың бірі үнемі WGS-84 немесе ПЗ-90 координаталар жүйесінде белгілі жағдайдағы пунктте орналасқан. Оны тірек станциясы немесе ұйымдық базалық станция деп атайды. Ал екінші қабылдағыш координаталарын анықтау қажет нүктеде орналасады. Бұл қабылдағыш ұшін келесі терминдер қолданылады: мобильді станция, қозғалмалы қабылдағыш т.б.

Дифференциалдау әдісінің мәні базалық станция қабылдағышы өз антенасының фазалық ортасының дәл координаталарын қолдана отырып псевдоалшақтық немесе коодината үшін түзетүді серіктерді бақылау арқылы анықтау. Бұл псевдоалшақтықтарды мобильді станция қабылдағышы өзінің параметрлерін түзетуге қолданады және нәтижесінде дәл координаталар алады.

Базалық станциядан далалық қабылдағышқа дейін дифференциалдау түзетуі пост-өңдеу немесе уақыттың нақты масштабында берілуі мүмкін. Бірінші жағдайда бақылау жүргізіліп болғаннан соң өлшеулер нәтижесінің бумасы компьютерге енгізіледі, мұнда олардың арнайы бағдарламалық жабдықтау мен өңдеу жүргізіледі. Екінші жағдайда түзетулер базалық станциядан далалық қабылдағышқа радиомодем немесе басқа сымсыз байланыс тәсілдері арқылы беріледі. Бұл жұмыс учаскесінде кезекті өлшеуден соң бірнеше секунд өткенде мобильді станция координаталарын алу мүмкіндігін береді.

Дифференциалдау әдісінде түзетулерді беру берілетін ақпараттың көлемін кішірейтуге мүмкіндік береді және жорғарғы болмаса да нәтижелердің қарқындылығын арттырады.

Жергілікті дифференциалдау әдісінде бір ғана базалық станция жұмыс істейді. Бұл станция 300-500 км-ге дейінгі қашықтықтағы мобильді қабылдағыштарға қызмет көрсетеді. Қателіктер арасындағы корреляцияның азаюынан дәлдіктің төмендеуі базалық станцияның торларын қолдануға әкеліп соқты. Бұл әдісте түзетудің кеңістіктік-уақыттық моделі құрылады, яғни түзетудегі баяу өзгерістер ескеріледі.

Кең аумақты дифференциалдау әдісінің қызмет көрсету аумағы 5000 км-ге дейін жетуі мүмкін. Тасымалдау фазасын бақылау бойынша дифференциалдау әдісінде жалғыз базалық станциядан арақашықтық 10-30 км аралығында болуы мүмкін.

Дифференциалдау әдісінің негізгі идеясы серік сағаттары, эфемериттер және атмосферадағы сигналдың таралуымен байланысты қателіктерді қолдану болып табылады.

Серік сағатының қателігі. Сағаттың моделдеу қателігі үлкен емес және бір сағат бойында аз өзгереді, базалық және мобильдік қабылдағыштар арақашықтығынан тәуелсіз.

Серік эфемеридінің қателігі – бір минут бойында баяу өзгеретін қателік.







Date: 2015-12-13; view: 779; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию