Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Екінші дәуірдегі ГЛОНАСС серіктік жүйесі





Глобальды Навигациялық Серіктік Жүйе ГЛОНАСС – ресейлік серіктік навигациялық жүйе. Жүйенің негізі 64,8˚ көлбеулікпен және жер бетінен 19 100 км қашықтықта 3 орбиталық жазықтықта қозғалатын 24 серік болып табылады.

Жер бетінің барлық территорияларын үздіксіз навигациялау үшін 24 серіктен құралатын толық орбиталық топталу керек.

Негізгі сипаттамасы мен құрылымы

СРНЖ ГЛОНАСС (Глобальды Навигациялық Серіктік Жүйе) жоғары жиілікпен жене үзіліссіз кеңістіктегі (үшөлшемді) қозғалыс векторы жылдамдығының орнын анықтау үшін, сонымен қатар ғарыштық, авиациялық, теңіздік және құрлықтық қолданушылар Жердің немесе жердің айналасындағы кеңістіктің кез келген нүктесінде уақытты анықтауға арналған. Қазіргі кезде ол 3 ішкі жүйеден немесе сегменттерден құралады:

Ғарыштық аппараттардың сегменті, оларға орбиталардағы ГЛОНАСС навигациялық серіктері жатады. Серіктерге орнатылған аппаратура жерге сигналдардың берілуін жүзеге асырады. Оның негізінде серік пен жердегі бақылау нүктесінің қашықтығы өлшенеді және серіктер эфемеридтері, сағаттарының көрсеткіштеріне түзетулер және т.б. туралы ақпарат жинайды;

Бақылау және басқару сегменті, оларға жерде орналасқан орталық жетекші станция және бүкіл жер шары бойынша таралған бірнеше басқару және бақылау пункттері жатады. Бұл сегменттің негізгі міндеті серіктердің жұмысқа қабілетін бақылау, параметрлерді жүйелі түрде нақтылау және сағаттық көрсеткіштергн түзетулер енгізу;

Тұтынушылар сегменті, оларға кең таралған пайдаланушы аппаратураларының барлық жиынтығы кіреді. Оның көмегімен радиосигналдарды қабылдап, қажетті мәлімет алынады.

ГЛОНАСС-та навигациялық анықтаулар тұтынушылар аппаратурасындағы сұраныс өлшемдері псевдоалшақтықтар мен псевдожылдамдықтарды 4 (немесе 3 серік, егер қосымша ақпарат бар болса) серіктен қабылдау арқылы, сонымен қатар сол серіктерден алынған навигациялық мәліметтерді ескере отырып жүзеге асырылады. Серіктік радиосигналдар арқылы берілетін навигациялық ақпаратта әр түрлі параметрлер жайлы, соның ішінде сол уақыттаға серіктердің қозғалу мен орналасуы жайлы қпараттар беріледі. Осы мәліметтерді өндеу нәтижесінде ГЛОНАСС пайдаланушылар аппаратурасының 3 (2) координатасын анықтайды, оның жер жылдамдығының шамасы мен векторының бағытын, ағымдағы уақытты анықтайды.

Серіктер бүкіл жүйені энергиямен қамтамасыз етіп тұратын күн батареяларымен жабдықталған.

 

24. Координаталардың жердегі геоорталықтық жүйелері. Координаталардың тікбұрышты және геодезиялық жалпы жердегі жүйелері. ПЗ-90 координаталар жүйесі және WGS-84 жүйесі.

Жер біркелкі сфера болып көрінгенімен, оны космостан қарағанда біркелкі еместігіне көз жеткізуге болады. Жердің кез–келген нүктесінің координатасын анықтау үшін GPS эллипсоид негізінде алынған геодезиялық координаталар жүйесін қолданады.

Геодезиялық координата жүйелерінің бірі жердегі геоорталық координаталар жүйесі болып табылады. Жерлік геоорталық координаталар жүйесі деп – бастапқысы Жер салмағының ортасына бағытталған Жердің айналуымен бірге айналатын координаталар жүйесін атайды. Жерлік геоорталық координаталар жүйесінде Жер салмағының орталығы бастапқы болады, ал осьтердің бағыты Жер полюсі, экваторы мен Гринвич меридианына байланысты. Бұл координаталар жүйесі Жердің кеңістікте қозғалуымен бірге айналады. Бұл жүйеде координаталары белгілі, Жерде бекітілген нүктелер уақыт өте келе аздап геофизикалық әсерлерден өэгеріске ұшырайды.

Жер денесінің тұрақты нүктесі болғандықтан Жер салмақтарының орталығы (геоорталық) көптеген координата жүйелерінде бастапқы ретінде алынады. Бұл нүкте Жердің гравитациялық өрісінде қозғалатын серіктерді бақылау арқылы анықталады.

Жалпы жерлік геоорталық тікбұрышты координаталар жүйесі келесідегідей:

- бастапқысы Жер салмақтарының орталығында болады

- Z осі Жердің шартты полюсі арқылы өтеді

- X осі экватор жазықтығы мен бастапқы меридиан қиылысатын G нүктесі арқылы өтеді

- Y осі экватор жазықтығында орналасқан.

Жүйе төмендегі суретте көрсетілген, оның остері X, Y, Z ретінде белгіленген. Жердегі геоорталық жүйелер космостық геодезия әдісімен салынған геодезиялық торлар түрінде жасалады. Мұндай торлардың пункттері бүкіл Жер шары немесе маңызды бөлігі бойынша таралған. Бұл нүктелердің орналасуының дәлдігі жоғары болған сайын координата жүйелерінің жасалу дәлдігі де жоғары болады.

Сурет 2 – геоорталық жерлік координата жүйесі

Жерлік геоорталық координата жүйесіне жүйені жер бетіне бекітетін пункттердің координаталарынан басқа оны айқындайтын көптеген параметрлер кіреді. Ең алдымен Жердің пішіні мен өлшемін анықтайтын Жер эллипсоидының параметрлері кіріеді. Эллипсоидты құру үшін екі басты параметр қолданылады: экваторлық радиус а және сығылу α. Сығылу экваторлық пен полярлық радиустардың (b) қатынастары ретінде көрінеді:

(1)

Сонымен қатар Жердің гравитациондық өрісін сипттайтын параметрлер, өзге координаталық жүйелермен байланыстырушы (олардың саны мыңдаған болуы мүмкін) параметрлер кіреді. Сондықтан, қазіргі заманға сай Жерлік геоорталық координаталар жүйесі Жердің геодезиялық параметрлері жүйесін білдіреді.

Эллипсойдтың пішіні мен өлшемін анықтайтын басқа да параметрлерді, мысалы, полярлық радиус b және эксцентриситеті e былай анықтауға болар еді:

Тікбұрышты X, Y, Z координаталар B, L, H геодезиялық координаталары арқылы есептеледі:

N – бірінші вертикальдағы эллипсоид қисығының радиусы. Ол былай анықталады:

Тікбұрышты координаталардан геодезиялыққа ауыстырғанда бойлық келесі формуламен анықталады: ,ал ендікті анықтаудың бірнеше әдістері бар. Оларды итеративті және тұйықталған деп бөледі.

Жалпы жерлік координата жүйелерін іске асыру – бұл күрделі ғылыми мәселе. GPS жүйесі үшін жалпыжерлік координата жүйелерін іске асыру АҚШ – ның Қорғаныс Министрлігінің геодезистерімен жасалған халықаралық геодезиялық WGS – 84 жүйесі болып табылады. Ал Ресейлік ГЛОНАСС жүйесінде ПЗ – 90 координата жүйесі қолданылады. Бұлардан да дәлірек жалпыжерлік координата жүйелерін іске асыру – бұл халықаралық ғылыми бірлестікпен анықталған халықаралық жерлік есептеу жүйесі ITRF.

Date: 2015-12-13; view: 1356; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию