Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Геодезиялық өндірісте серіктік технологияның орны(мүмкіндіктері мен кемшіліктері)





Ғылым ретінде «Ғарыштық геодезия» 50 жыл бұрын пайда болды. Бұл кезде ең бірінші рет жасанды Жер серіктері ғарышқа жіберілді. Соңғы 30 жылдың ішінде серіктік геодезияның әдістері ғылым саласында қарастырылып, тәжірибеде қолданылылды. Ғарыштық геодезияда түбегейлі өзгерістер 1980 жылдары болды. Бұл кезде ІІ түрлі серіктік радионавигациондық жүйелер пайда болды. Серіктік әдісте геодезистер әдеттегідей геодезиялық тораптардың жылжымайтын пункттерін пайдаланбайды, оның орнына жылжымалы серіктердің координаталарын қолданады. Әлбетте, ол координаталарды геодезиялық институттар кез-келген уақытта пайдаланып, тұрған жерінің орнын анықтайды.

Қазіргі кезде координаталарды анықтаудың 2 түрлі серіктік жүйесі қолданылады:

v ГЛОНАСС (Ресейлік жүйе)

v NAVSTAR GPS (Американдық жүйе).

Бұл жағдайда «позициондау» сөзі координаталарды анықтау дегенді білдіреді. Екі жүйе де әскери есептерді шешуге арналған, бірақ соңғы кезде геодезияда кеңінен қолданылады. Координаталар өсімшелерін өте жоғары дәлдікпен, яғни ОКҚ 5 мм+D*10-6 дәлдікпен анықтайды.

Ғаламдық позициондау жүйесінің мүмкіндіктері мен ерекшеліктері:

1. Пункттер арасында тура көрінушілікті қажет етпейді;

2. Өлшеудің автоматтандырылғандығынан бақылаушының қателіктері жоққа тең;

3. Жер шарының кез-келген нүктелерінің координаталарын тәулік бойы анықтайды;

4. GPS анықтамаларының дәлдігіне қар, жауын, жоғарғы және төменгі температуралар және ылғалдылық әсер етпейді;

5. Өлшеу жұмыстарынжүргізудің мерзімі GPS технологиясын пайдаланғанда бұрынғы дәстүрлі әдістермен салыстырғанда қысқарады;

6. GPS нәтижелері цифр түрінде беріледі және де олар картографиялық немесе географиялық ақпараттың жүйеге жеңіл аударылады.

Кемшіліктері:

1. Биіктіктерді және координаталарды жергілікті геодезиялық жүйеге, биіктіктерді қосымша ортометриялық биіктік жүйесіне ауыстыру мәселесі.

2. Жер астында қолдануға болмайды.

3. Радиобөгеттер мен кедергілерге тәуелділігі.

4. Биіктіктерді анықтау дәлдігі пландық координаталарды анықтау дәлдігінен 2-5 есе аз.

5. Құрылғылардың қымбат тұруы және бағдарламалық жабдықталудың күрделігі.







Date: 2015-12-13; view: 1213; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию