Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






WGS – 84 жүйесі





Ғаламдық геодезиялық жүйе WGS–84 (World Geodetic System–84) АҚШ Қорғаныс Министрлігінің Әскери–картографиялық агенттігімен жасалған. WGS–84 жүйесі доплерлік өлшемдер арқылы жасалған NSWC – 9Z–2 координата жүйесін модификациялау жолымен іске асты. Ол үшін NSWC – 9Z–2 жүйесі Z осі бойынша -4,5 метрге жылжытылған, батысқа қарай 0,814"-қа бұрылған және масштабы –ге өзгерген.

WGS – 84 жүйесінің бастапқысы Жер салмақтарының орталығында орналасқан. Z осьі шартты жерлік полюсіне бағытталған, Х осьі WGS-84-тің тірек меридианы жазықтығы мен УЗП экватора жазықтығы қиылысқан жерде орналасқан. Тірек меридианы 1984 жылғы дәуірге анықталған бастапқы меридиан болып табылады. Y осьі жүйені оң жағынан толықтырады, яғни шығысқа қарай 90°-пен бағытталған. WGS-84 координаталар жүйесінің бастапқысы мен оның осьтері геометриялық орталық және референц-эллипсоид осьінің қызыметін атқарады. Бұл эллипсоид айналу эллипсоиды болып табылады. Оның параметрлері GRS-80 халықаралық эллипсоидының параметрлерімен бірдей.

Көптеген мемлекеттерде WGS–84 жүйесіне көшу анықталған, себебі ол GPS жабдықтарын қолдануға жеңілдік жасайды. WGS–84 жалпы жергілікті геоорталық жүйесімен жергілікті параметрлердің арасында және референциалды жүйе СЖ-42 арасында байланысқан. Осы байланыс арқылы екі жүйеде де белгілі бірнеше пункттердің координаталарын анықтауға болады. Өту параметрлері координата остерінің бұрылу бұрыштарының бір жүйеден екінші жүйеге қатынасын және жүйе ортасының екінші жүйе ортасына, масштабтар арасындағы айырмашылықтарды білдіреді. Бірақ бұл көрсетілген параметрлері орташа болғандықтан олар Ресей аумағанда ғана пайдаланылады, шығыс және батыс аудандарда қолданылмайды. Себебі, Ресейдің мемлекеттік-геодезиялық торы үлкен аумақты қамтиды және созыңқы пішінді. Дәстүрлі әдістермен жасағандықтан онда көптеген қателіктер бар және ол қазіргі заманға сай сұрақтарға сәйкес келмейді. Өту параметрлері нақты анықталуы тиіс және оларды белгілі аумақтарда қолдану қажет. Сондықтан GPS аспатары WGS–84 координаталарын геодезиялық пункттерден алады. Оның екі жолы бар: созыңқы орташа өлшем арқылы және координаталарды жақын аумаққа жіберу арқылы, бірақ мемлекеттік геодезиялық тор пункттері WGS–84 жүйесінде анықталмағандықтан кейбіреулерінің координаталары болмайды. Сонымен қатар Ресейде әлі де жақсы дамыған пункттер жоқ.

 







Date: 2015-12-13; view: 1267; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию