Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Аурулар туғызатын заттар мен факторлар





Ағзаларға қолайсыз әсер ететін және ауруларға әкеліп соқтыратын заттарды төмендегідей топтарға бөліп көрсетүге болады: 1) канцерогендер – қатерлі ісіктер туғызады. Қазіргі уақытта шамамен 500 осындай заттар белгілі.Олардың ішіндегі ең күштілеріне бензопирен және басқа да полициклді ароматты көмірсулар, ультракүлгінсәулелер, радиоактивті изотоптар, эпоксидті смолалар, нитриттер, нитрозаминдер, асбест және т.б. жатады.

2) мутагендер – хромосомалар саны мен құрылымының өзгерүіне әкеліп соқтырады. Оларға: рентген сәулелері, гамма-сәулелер, нейтрондар, бензопирен, колхицин, кейбір вирустар т.б. жатады.

3) Тератогендер – жеке дамуда кемістіктерге әкелетін, кемтарлықтардың пайда болуына әкелетін заттар. Тератогендерге әсер ететін мөлшерінен артып кететін кез келген фактор жатады. Көбінесе тератогендерге мутагендер, цестицидтер, тыңайтқыштар, шу және т.б. ластаушылар жатады. Сонымен қатар, эмбриогендерді де бөліп көрсетүге болады. Эмбриогендер – эмбрионалдық даму кезңнде зақымдануға әкелетін заттар. Адам қызметінің нәтижесінде жаңа,бұрын болмаған аурулар пайда болады. Мұндай ауруларды ерекше техногенді аурулар тобына жатқызады. Денсаулық үшін зиянды органикалық және бейорганикалық заттар. Көптеген органикалық заттар улы және жоғары дәрежеде тұрақты болып табылады.

Олар көбінесе канцероген, мутаген, тератоген немесе басқа аурулардың пайда болуын күшейтеді. Органикалық қосылыстардың ішінде, әсіресе, галогенді көмірсулар мен полициклді ароматтық көмірсулар қауіпті. Галогенді көмірсулар. Бұл топқа бір немесе бірнеше көміртегі атомдары хлор, бром, йод немесе фтормен алмасқан органикалық қосылыстар жатады. Хлорлы көмірсулар кең тараған. Олардың көпшілігі тұрақты, ағзалар оларды жеңіл сіңіреді және жекелеген мүшелер мен ұлпаларда жиналуға қабілетті. ПВХ мен винилхлорид бауырдың қатерлі ісігін, тері, сүйек иен аяқ- қолдың зақымдануынан көрінетін винилхлоридтік ауруды туғызады. Узақ уақыт бойы винилхлорид қауіпсіз деп есептеліп келді. Оны аэрозоль балондарында газ тасымалдаушы және медициналықнаркоз ретінде қолданып келген. Тек 70-жылдары ғана оның улы қасиеттері анықталды. Белгілі ДДТ (дихлордифенилдихлроэтан) да хлорлы көмірсуларға жатады. 1939 жылы Моллер бұл заттың инсектицидтік қасиеттерін анықтады. Бұл препарадтың 15 млн. тоннасы жер шарының барлық дерлік аймақтарында қолданған. Кейіннен ДДТ май ұлпалары мен ана сүтінде жиналатыны белгілі болды. 70-жылдардан бастап бұл инсектицилді қолдануға тыйым салынды. Бірақ жоғары дәрежеде тұрақтылығына байланысты ло қоректік тізбектерде әлі де интенсивті түрде айналымда болып келеді. Деоксиндер қазіргі белгілі улы заттардың ішіндегі ең күштілерінің бірі. Деоксиннің канцерогенді, мутагенді, тератогенді әсері анықталған. Ол әйелдің бала туу қабілетіне әсер етеді. Деоксиннің көп бөлігі қоршаған ортаға американдықтардың Вьетнамда қолданған дефолианттары түрінде шығарылды. Фенолмен улану бауырды, бүйректі, қанды зақымдайды. Ағзаның тұқым қуалау қасиетіне де әсері анықталған. Сонымен қатар канцерогенді және тератогенді әсер етеді. Халықтың денсаулығына метанол немесе метил спирті өте қауіпті. Түсі мен иісі бойынша оны этил спиртінен айыру өте қиын улы зат. 30-100 мл мөлшері адамның өліміне әкеліп соқтырады. Нитраттар мен азықтық қоспалар туғызатын аурулар. Нитраттардың негізгі көзі - NО3 ионы бар минералдық тыңайтқыштар. Нитраттар әсіресе теплицаларда өсірілген дақылдарда көп болады. Нитраттардың улылығы жоғары емес, бірақ адам ағзасында бактериалардың әсерінен жеңіл нитриттерге өтеді. Нитриттер асқазан сөліндегі аминдермен әрекеттесіп, нитрозаминдер түзеді. Нитрозаминдер қазіргі кездегі белгілі канцерогендердің ең күштілерінің бірі. Нитриттер сонымен қатар қанның гемоглобинімен әрекеттесіп, екі валентті темірден, үш валентті темір түзеді.

Мұндай гемоглобинді метгемоглобин депатайды. Ол оттегін тасымалдауға қабілетсіз, ұлпалар тұншығып, циноз ауруын туғызады. Азықтық қоспалар мал шаруашылық өнімдерін консервілеу кезінде кеңінен қолданады. Оларға дәрілік заттар, әр түрлі консерванттар, бояулар, өнімдердің сыртқы түрін жақсартатын органикалық және минералдық заттар жатады. Ет пен балықты тұздағанда Нитриттер қолданылады. Олар еттің табиғи тусін сақтайды және бактериалды улардың енуіне кедергі келтіреді. Қазіргі кезде жүздеген азықтың қоспалары қолданылады. Олардың көпшілігі адам денсаулығы үшін зиянды. Мысалы, азоттық бояулар тәттілерге, кремдерге қосылады. Олар адамда астма ауруын туғызады. Қала және адамның денсаулығы. Қазіргі кездегіадамның экологиялық ортасы – қала. Ол ең ірі және табиғи ортадан өзгеше, көптеген параметрлері бойынша экстремалды деуге болатын орта. Қалада техногенді қуаттың орасан зор концентрациясы жиналады. Дүние жүзінің қалаларында қазір ғаламшарымызды мекендейтін халықтың шамамен жартысы шоғырланған. Урбанизация процесі тек қала халқының немесе қалалардың мөлшері мен санының артуымен ғана шектелмейді. Сонымен қатар, бұл процесс қоғам өміріндегі қалалардың ролінің артуынан, көптеген адамдардың өмір сүру салтының өзгеруінен де көрінеді. Қалалардағы адам экологиясына тән нәрсе – бұл табиғи экологиялық факторлардан оқшаулану болып табылады. Қажетті мөлшерде өсімдіктер, тірі топырақпен, сумен қамтамасыз етілген. Адамның биологиялық табиғаты мен оның табиғатқа қарсы іс-әрекеттілігінің нәтижелері арасындағы қайшылық, әсіресе қала жағдайында шиеленісе түседі. Қазіргі кездегі қала – күрделі әлеуметтік – экономикалық ағза. Ол демографиялық, экономико-географиялық, инженерлік-құрылыс, сәулеттік факторлардың әсерінен, қоршаған экономикалық кеңістік пен табиғи ортаның алуан түрлі өзара әсерлері нәтижесінде қалыптасады.Көбінесе, қалалармен қоғамдық процестің көптеген белгілерін байланыстырады. Бірақ қала өркениеті – қолайлы жағдайлар, тұрмыстың жеңілдеуіне әкелгенмен, коммуникация тығыздығы, әр түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндіктері – тек барлық жағынан қолайлы орта емес. Қаланың ортасы адамның басты сапасы – оның денсаулығына қолайсыз әсер етеді. Атмосфераның, судың, азық-түлік өнімдерінің, күнделікті қажетті заттардың өнеркәсіп пен транспорттың қалдықтарымен ластануы, электромагниттік өріс, вибрация, шу, ауаның дезионизациялануы, тұрмыстың химиялануы, шектен тыс көп ақпараттардың ағымы, уақыттың жетіспеуі, гиподинамия, эмоциогенді қысым, дұрыс тамақтанбау, зиянды әрекеттердің кеңінен таралуы – осылардың барлығы қосылып адамның денсаулығын нашарлатады. Қала халқының басым бөлігі демалысын қаладан тыс, табиғи жағдайда өткізүге тырысады. Бірақ мұндай жерлерде мүмкін болатын рекреациялық қысым артады да, олар қаланың жалғасына айналады.

Date: 2016-02-19; view: 2211; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию