Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Техногендік әсерлер және олардың экологиялық регламентациясы





Қоршаған ортаның сапасын бағалайтын нормативтер Қоршаған орта сапасына қарай тазаға немесе комфортты (адамдардың дені саулығына қарай)және зиянды (адам денсаулығы нашарлаған) ортаға бөлінеді. Егер де адамдар ортамен байланысқанда олардың денсаулық жағдайлары қайтымсыз өзгеріске ұшыраса, мұндай ортаны экстремалды деп атайды. Осыған орай біздің еліміздің тұрғындарының денсаулығын сақтау үшін қоршаған ортаның сапасын барлық уақытта бақылауда ұстау қажет. Ол үшін қоршаған ортаның сапасын бағалау мақсатында қоршаған орта сапаының стандарттары жасалған.

Стандарт экологиялық және өндірістік – шаруашылық болып бөлінеді. Экологиялық стандарт қоршаған ортаға шекті рауалы әсер нормаларын белгілейді. Егер де осы экологиялық регламенттер негізінде есептелген және құқұқтық статус алған антропогендік жүктеме шамасы белгіленген мөлшерден асатын болса, адам денсаулығына қауіп төнуі, ал өсімдіктер мен жануарлар әлеміне оларды құртатын әсер орын алуы мүмкін. Осы нормалар сақталған жағдайда экожүйелердің тозуы болмайды, биологиялық әралуандылық пен халықтың экологиялық қауіпсіздігі сақталынылады. Қоршаған табиғи орта сапасының барлық нормативтері үш түрге (топтпрға) бөлінеді: санитарлық – гигиеналық, экологиялық (өндірістік- шаруашылық), қосалқы. Ол мына суретте көрсетілген.

Ол мына кестеде көрсетілген.

ҚОРШАҒАН ТАБИҒИ ОРТАНЫҢ САПАЛЫҚ НОРМАТИВТЕРІ

Санитарлық-гигиеналық Экологиялық Қосалқы
Зиянды химиялық заттектердің ШРК Шығаранды мен төгінділердің нормативтері Терминология нормативтері
Физикалық әсердің ШРМ Шу мен дірілдің нормативтері Ұйымдастырушылық нормативтері
Биологиялық заттектердің ШРК Биологиялық ластанудың нормативтері Заңдылық нормативтер
Радиацияның ШРД Радиация нормативтері  
Тағам өнімдеріндегі химиялық заттектердің ШРК Шаруашылықта химиялық заттектердің қолдану нормативтері  
Санитарлық сақтау белдемінің нормативтері Құрылыстық, қала құрылысының ережелері  

Санитарлық – гигиеналық нормаларға - адамды қоршаған ортаның санитарлық – гигиеналық жағдайларының және сапасының көрсеткіштері. Санитарлық- гигиеналық нормативтерге зиянды заттектердің (химиялық, биологиялық) шекті рауалы концентрациясы немесе шекті рауалы мөлшері, физикалық әсерлер, санитарлық қорғау аймағы, радиациялық әсердің шекті рауалы деңгейі жатады. Бұларды сақтау адам өміріне қолайлы денсаулығына қауіпсіз жағдайды қамтамасыз етеді. Экологиялық нормативтер тобына – экологиялық регламенттер негізінде есептелген және құқұқтық статус алған антропогендік жүктеме шамалары жатады. Қосалқы нормалар мен ережелердің негізгі мақсаты қолданылатын терминдерді, ұйымдастыру құрылымдарының және экологиялық қатынасты заң тәртібімен реттеу бірлігінде. Қазақстан Республикасының «Қоршаған табиғи ортаны қорғау» заңына сәйкес, осы нормативтер тобына зиянды заттектердің шекті рауалы концентрациялар (ШРК немесе ШРМ) нормативтерін, радиация, шу, діріл, магнит өрістері әсерінің шекті рауалы деңгейлер (ШРД) нормативтерін, зиянды заттектердің тағамдық өнімдердегі шекті рауалы қалдық мөлшерлер (көкөністегі нитраттар, ауыз судағы тұздар) нормативтерін жатқызуға болады.

Date: 2016-02-19; view: 1524; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию