Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Страница





Ылғалды сүзгіштердің майда дисперсті шаңдарды тазалау нәтижелілігі өте жоғары, бұл әдіспен ыстық және жарылғыш қауіптілік тән газдарды тазалауға болады. Газ шығарындыларын қышқылдың, сілтінің, майлар мен басқа сұйықтықтардың тұманынан тазалау үшін ылғалды электр-сүзгіштер және талшықты немесе торлы тұманұстағыштар сүзгіштер қолданылады. Ылғалды электрсүзгіштердің тазалап принципі құрғақ электрсүзгіште жүретін процестерге ұқсас келеді. Теріс зарядталған бөлшектер электр тоғының әсерінен тұндыратын электродтарға жылжыйды, ал оң зарядталған бөлшектердің шамалы бөлігі негізгі (корондаған) электродқа барып тұнады. Талшықты сүзгіштерде ұсталған тұман сұйықтыққа айналып отырады. Газды газ және бу тәрізді ластағыштардан тазалау үшін негізінде 4 тазалау тәсілі: шығарындыларды еріткіштермен немесе ерітінділермен жуу (абсорбция), қатты активті заттармен қоспаларды сіңіру, катализаторларды пайдалану арқылы қоспалардың түрін өзгертіп сіңіру және шығарынды газдарды термиялық түрде нейтралдау қолданылады. Ұшпа еріткіштердің буын ұстауға конденсация (сұйық түрге айналдыру) тәсілі қолданылады. Бұл әдіс температураны төмендету арқылы еріткіштің қаныққан буының қысымын азайтуға негізделген. абсорбция тәсілінде кейбір газдағы компоненттерді бөліп алу үшін газ тәрізді қоспаны абсорберлер (3-ші сурет) арқылы жібереді. абсорберлер ретінде орнатылған мұнара, себелегішті, барботажды-көбікті скрубберлер және басқа да аппараттар қолданылады. Қолданылған ерітіндіні регенирациялау арқылы ласттанған заттектерден айырып қайтадан тазалау процесінде немесе қосалқы өнім ретінде пайдаланады.

Адсорбциялық тәсілдерде адсорбентер көмегімен газды қоспалардан кейбір компоненттерді бөліп алады. Адсорцияның екі түрі – физикалық және химиялық (хемосорбция) болады. Физикалық адсорцияда сіңірілетін газ молекулалары қатты дененің бетінде молекулааралық тарту күшімен ұсталынады. Ал хемособцияда адсорбент адсорбцияланатын газбен химмялық реакцияға түседі. Адсорбенттер ретінде уақ тесікті материалдар: активтелінген көмірлер, силикагель, алюмогель, цеолиттер, т.б. қолданылады. Тазалау процесі адсорбенттермен толтырылған вертикалды (тік), горизонталды (көлденең) немесе сақина тәрізді ыдыстарда өткізіледі. Кеңінен оқтын-оқтын (кезеңдік түрде) істейтін адсорберлер қолданылады, ондағы пайдаланылған сіңіргіш қажеттілігіне қарай ауыстырылып немесе регенерацияланып отырылады. Адсорбцияланған заттектерді десорбциялау үшін интернетті газ немесе бу, кейде термиялық регенерация қолданылады. Каталитикалық жолмен тазалау тәсілдеріне улы компоненттер улы емес түрге немесе улылығы төмен түрге катализаторлардың қатысуымен жүрген химиялық реакциялардың нәтижесінде айналып отырады. Тазаланатын газдарда католизаторларды уландыратын заттектер болмауы қажет. катализаторлар ретінде металдар (платина, палладий, мыс) немесе олардың қосылыстары (мыс, марганец және т.б. оксидтері) қолданылады. Осы бағытта жиі қолданылатын аппараттар тобына термокаталитикалық реактор жатады, олардың бір корпусында жылу рекуператоры, жылытқыш және ұштастыру торабы біріктірілген. Электржылытқышы бар термокаталитикалық реакторлар бояуланған бұйымдарды кептіретін кептіргіш камераларынан шыққан және де басқа өндірістерінің газды тастандыларындағы органикалық заттектерден тазалау үшін қолданылады. 34 СТРАНИЦА

Сурет-4 Абсорбер (а) мен адсорбердің (б) үлгілері а: 1-абсорбент; 2-тазаланған газ; 3-салма; 4-тор; 5-ластанған газ; 6-канализацияға лақтырынды. б: 1-тор; 2-адсорбент; 3-тазаланған газ; 4-ластанған газ. Термиялық тәсілдерге оттектің қатысуымен және газды қоспаның температурасының жоғары болуына байланысты тотығу процесі жүру нәтижесінде улы компоненттер улылығы төмен түрге айналады. Бұл әдістер көп көлемді және жоғары концентрациялы ластағыштары бар шығарынды газдарды оңай тотығатын улы қоспалардан айыру үшін үш негізгі термонейтралдау жолдары пайдаланылады. Оларға жалында тікелей жағу, термиялық тотығу және каталитикалық жағу жатады.

Көп сатылық тазалау және залалысыздандыру процесі шығарынды газдардың құрамы күрделі, сонымен қатар ондағы улы заттектердің көлемі өте жоғары болғанда жоғарыда қарастырылған әр түрлі әдістер мен аппараттарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Зиянды шығарындылардың қоршаған ортаға тигізетін әсерін төмендету үшін жоспарланып атқарылған шаралардың маңызы өте зор. Бұларды қарастырғанда ластанған ауаның адам организімінде туғызатын қолайсыз жағдайларды болдырмауға бағытталатынын ескерген орынды.

Бақылау сұрақтары:

1. Газды шығарындыларды тазалау әдістері мен аппараттары

2. Шаңды құрғақ және ылғалды әдістермен тазалауға арналған қондырғылар

3. Шаң ұстағыш скруббер аппараттарының үлгілері

4. Абсорбер үлгілері

5. Газды газ және бу тәрізді ластағыштардан тазалау

 

Date: 2016-02-19; view: 1779; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию