![]() Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
![]() Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
![]() |
Коллоидты бөлшектер дисперстілігі
Кез келген заттың майда-ірілігін, ұсақ-ұнтақтығын анықтайтын шама – оның дисперстілігі деп аталады. Дисперстілікті – ұнтақталған бөлшектердің диаметрінің немесе көлденең қимасының ұзындығының кері шамасымен анықтайды, яғни
D = 1/a, [м-1]
мұндағы: D – дисперстілік а – бөлшек диаметрі немесе көлденең ұзындығы. Қарастырылып отырған заттардың дисперстілігін жүйелі түрде сипаттау үшін, сол заттардың меншікті аудан беті деген шама кіргізіледі де, формуласы төмендегіше жазылады:
Sменш.= S0/m немесе Sменш.= S0/V
Жалпы жағдай үшін, меншікті аудан бетін табу формуласын төмендегідей түрде жазуға болады:
Sменш.= S0/V = K · 1/a = K · D
Мұндағы К - бөлшек формасын ескеретін есептеу коэффициенті. Көп жағдайларда заттың меншікті аудан бетін оның масса бірлігіне шағып есептейді: Sменш.= S0/т = S0/V · ρ Мұндағы: m - қарастырылып отырған зат массасы; V, р - сол массасы m - затының көлемі және тығыздығы.
Мысал. Азотты адсорбциялау арқылы анықталған силикагельдің меншікті аудан беті 4,1·105 м2/кг. Аталған заттың тығыздығы 2,2 г/см3. Осы силикагельдің бөлшектерін шар тәріздес деп қабылдап, оның диаметрін анықтаңыз. Талдау. Есеп шартын ескере отырып, мьна формуланы пайдалану дұрыс нәтиже береді деп тұжырымдаймыз:
Sменш.= S0/V · ρ Бөлшектер шар тәріздес деп ескертілгендіктен, мына теңдіктер орынды: S0=4πr2; V=4/3πr3 Енді есеп берілгендерін жазып алып шығару оңай . Берілгені: Шешімі:
ρ = 2,2 г/см3= 2.2 · 103кг/м3 =3/r ·ρ = 6 / d·ρ.
d=? 6/2.02·108=6.65·10-9м=6.65нм.
Сонымен, коллоидты ерітінділер бойындағы коллоидты бөлшектер кәдімгі ерітіндіде еріген бөлшектерге қарағанда ірілеу болып келеді. Мұны сипаттау үшін өзіміз жоғарыда талдаған дисперстілік үғымын пайдаланамыз. Ұнтақталған нақты бір дисперстілікке ие бөлшектер – дисперсті фаза, ал олар біркелкі таралып коллоидты ерітінді түзілетін еріткіш - дисперсионды орта деп аталынады. Демек, коллоидты ерітінділер – дисперсті фаза – ұнтақталған ерітілген бөлшектермен, осы бөлшектер біркелкі таралған еріткіш – дисперсионды ортадан тұрады және бұларды зольдер деп те атай береді. Жалпы, дисперсті жүйелермен химияның арнаулы саласы – коллоидты химия айналысады. Date: 2015-05-08; view: 1523; Нарушение авторских прав |