Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Тұрақтандыру және солюбилизация
Коллоидты БАЗ-дың тұрақтандыру қабілеті олардың фазааралық қабатқа адсорбциялануымен анықталады. Олардың беткі қабаттағы концентрациясы жоғары болғандықтан, көлемдік концентрациядан бірнеше есе артық болады. Адсорбциялық қабатта да БАЗ мицелласындағыдай полюсті емес топтардың тоатасуы жүреді. Ондағы адсорбциялық қабаттың құрылысы БАЗ-дың табиғатына, фазаралық бетке, осы беттің адсорбциялану дәрежесіне, ортаға енген түрлі қосымшаларға байланысты. Баз-дағы адсорбциялық қабатты лиофиль дейді, ал ол су ерітіндісінде болса, оны гидрофиль дейді, мұның нәтижесінде ондағы бөлшектер жақындағанда тебіледі. Ал, егер осы құбылысты ионогенді БАЗ әкелсек, онда қос электр қабаты электрокинетикалық тебілісте болады екен. Ионогенді емес БАЗ ерітінділері үшін электрокинетикалық әсер болмайды; мұндағы дисперстік системаны тұрақтандыру – коллоидты химиядағы әлі толық шешуін таппаған жайдың бірі. Солюбилизация коллоидты БАЗ ерітіндісінің мицелла құрылысымен тығыз байланысқан қасиеттің бірі. Коллоидты БАЗ-дың концентрлі ерітіндісіне әуелде таза суда ерімейтін органикалық қосылысты қосса, ол ериді, мұны солюбилизация дейді. Солюбилизация кезінде термодинамикалық тепе-теңдіктегі мөлдір ерітінді пайда болады. Коллоидты БАЗ ерітіндісінде еритін затты солюбилизат деп атайды. Түрлі БАЗ-дың ерітіндідегі солюбилизациялау қабілеті түрліше; коллоидты БАЗ көмірсутекті тізбек ұзарған сайын онда коллоидты солюбилизацияланатын органикалық қосылыстың мөлшері артады. Сол сияқты коллоидты БАЗ ерітіндісіндегі мицелла түрі шар тәрізді болған кезде, онда солюбилизацияланатын заттың мөлшері ерітінді концентрациясына орай артып отырады, ал мицелла түрі пластина тәрізді болса, онда жоғарылайды. Ол солюбилизацияланатын заттың құрылысына да тәуелді болады. Мәселен, солюбилизат ретінде көмірсутекті қолданса, онда оның молекулалық салмағы азайған сайын, коллоидты ерігіштік артады. Әдетте, солюбилизатқа электролиттерді қосқанда да солюбилизация артады. Қазір солюбилизацияны БАЗ мицелласында органикалық қосылыстардың еруі деп қарастырады. Оның түрлі механизмі болуы мүмкін. Полюсті емес көмірсутектер мицелла ядросында ериді, ал полюсті органикалық заттар (спирттер, аминдер) мицеллада ерігенде, олардың көмірсутекті тізбегі мицелла ішіне, ал полюсті бөлігі су фазасына қарай бағытталады. Коллоидты БАЗ ерітіндісіндегі мицелла пластина тәрізді болса, онда еритін органикалық қосылыс осы пластина арасына сынаша еніп, оарды ығыстырады және осы кезде ол мицелладағы полюсті емес көмірсутекті радикал арасына (өзіне ұқсас аралыққа) енеді. Бұл болжамның дұрыстығын сабын мицелласындағы пластина аралығын бірде солюбилизацияға дейін, бірде нақ осы мицелланы солюбилизациядан кйін рентгенографиялық әдіс көмегімен өлшеніп дәлелденді.
Коллоидты БАЗ-дың қолданылуы. 1. Суда коллоидты БАЗ болса, онда ол ерітіндінің беттік керілуін төмендетеді және жуушы сұйықтың жұғуы артады. 2. Сабын молекуласы кірленген талшық үстіне, қатты дене бетіне немесе сұйыққа жақсы адсорбцияланады да өте мықты адсорбциялық қабат құрайды және сыналық қысым күші туындайды. 3. Кірленген бөлшек бетіндеггі адсорбцияланған пленка осы бөлшектерге агрегативті тұрақтылық береді және оны талшықтың басқа жеріне көшірмейді. 4. Коллоидты БАЗ жуушы затта көбік тудырады да кірді механикалық жолмен алуды арттырады. Бұл құбылыс флотация кезінде де пайдаланылады.
Date: 2015-05-08; view: 1357; Нарушение авторских прав |