Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Нтақтар
Өңдіріс пен ауыл шаруашылығында, сол секілді тамақ өнеркәсібі мен өңдірісінде қолданылатын көптеген заттар мен шикізаттар, тауарлар ұнтақ күйінде кездеседі, мысалы, ұнтақ отындар, күйе, ұн, крахмал, құрғақ бояулар мен пигменттер, цемент, бор сияқты құрылыс материалдары, минералды және органикалық тыңайтқыштар, дәрі-дәрмектер мен иісті препараттар, тағам өнімдері және басқалар. Ұнтақтар өзінің көптеген сипатына орай аэрозольдерге өте жақын, тіпті оны қатты дисперстік фазасы жинақталған аэрозоль ретінде қарастыруға да болады. Ұнтақтарға ірі дисперстік, седиментациялық тұрғыдан тұрақсыз системаларды жатқызуға болады. Ұнтақ бөлшектерінің өлшемі және оған тікелей тәуелді болатын олардың меншікті беткі қабатының қолданбалы мәні зор. Айталық, баяу реңінің ашықтығы мен бояғыштық қабілеті, тамақ өнімінде қолданылатын ұнтақтардың дәмділігі, тағы да басқалар олардың дисперстілік дәрежесіне байланысты. Ал ондағы бөлшек өлшемін микроскоптық, седиментациялық және елеу әдістермен анықтауға болады. Ұнтақтағы бөлшектердің меншікті беткі қабатын, азоттың бөлшектерге адсорбциялануымен немесе ұнтақ арқылы сүзілген сұйық мөлшерімен, сол сияқты ұнтақ арқылы сорылған ауа көмегімен анықтайды. Бөлшектерден тұратын қабат бетін, осы қабаттағы кіші бөлшектердің қозғалуын қарастырудың мәні зор, өйткені олар ұнтақ тасымалдауға негіз болады. Бұл қозғалыстар үш түрлі тәсілмен жүзеге асуы мүмкін: 1. Бөлшектер ұнтақ бетінде домалап қозғалады. 2. Бөлшектер ұнтақ бетінен бөлініп, көтеріледі және өте тез, сол сәтте-ақ төмен түседі, яғни бөлшек «секіре» қозғалады. 3. Бөлшектер аэрозоль күйінде қозғалады немесе ол жел ағымымен бірге жүреді. Бұл қозғалыстың үш түрін де түбіне қалың құм қабаты төселген аэродинамикалық трубадан байқауға болады. Ауа ағымының белгілі мәндегі жылдамдығы кезінде бөлшек домалай қозғалады. Ал егер олар кішігірім ойысқа кезіксе, тоқтап қалады. Егер ауа жылдамдығы бұдан біраз артық болса, онда бөлшектер тағы да домалай бастайды. Ұнтақтарды да коллоидты системадағыдай конденсациялық және дисперсиялық әдістермен алады.
Конденсациялық әдіс. Бұл әдісбойыншаекі не одан да көп электролиттер ерітіндіде химиялық реакцияласқанда және осы өнімнің бірі тұнбаға шөгінді күйінде түскенде қолданылады. Мысалы, Na2CO3 + CaCI2 = CaCO3 + 2NaCI. Сондай-ақ кейбір жоғары дисперстіліктегі ұнтақтарды өртеп, мысалы, мырыш оксидін, алады. Бұл реакция 300°С-та жүреді. Ал газ және сұйық отындарды оттек жеткіліксіз жағдайда жаққанда күйе алынады. Егер конденсациялық әдіс кезінде алынған зат ірі болса, оны ұнтақтайды.
Дисперсиялық әдіс. Бұл әдісбұрында қарастырылған механикалық диірмен, коллоидты диірмен, ультрадыбысты аспаптармен берілген заттарды ұнтақтауға негізделген. Осында ұнтақталған заттарды електен өткізіп, оларды өлшеміне орай сұрыптайды. Қолданылған диірменге орай түрлі ұнтақтар алынады. Ұнтақтардың өлшемін талдап, бақылайды. Ол үшін електен өткізу, седиментациялық және адсорбцияны өлшеу сияқты тәсілдерді пайдаланады.
12-сурет Date: 2015-05-08; view: 1383; Нарушение авторских прав |