Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Коллоидты ерітінділер
4.1 Коллоидты жүйелер Екі немесе одан да көп заттардың өзара бірелкі араласуы нәтижесінде түзілген, өн – бойында қасиеті бірдей жүйелі ерітінділер деп аталатындығы мәлім. Жалпы, ерітінді деген ұғымның кең ауқымдылығы соншалықты, олардың қатты, сұйық және газ күйіндегі ерітінділер деп топтайды. Ал, күнделікті тұрмыста жиі ұшырасатын түрлі тәтті сусындар, сироп-сірнелер, айран-сүт және оның өнімдері де ерітінділер тобына жататындығына онша назар аудара бермейміз. Бұл ерітінділер коллоидты жүйелер тобын құрайды да, соңғыларға бояу-сырлардың, мұржалардан шыққан түтіндердің, ауадағы тұман, шаң-тозаң, аспандағы бұлттардың да жата беретініне көңіл бөлмейміз. Коллоидты ерітінділердің кәдімгі өзіміз қарастырып келген ерітінділерден басты айырмашылығы – ерітілген зат бөлшектерінің ірілі-ұсақтығымен өзгешелігінде. Кәдімгі ерітінділерде еріген зат бөлшектері молекула-ион деңгейінде, яғни 10-9м-ден кіші болады. Коллоидты ерітінділерде еріген зат бөлшегінің ірілі-ұсақтығы 10-9-10-6 м аралығына жатады. Ал, еріген зат бөлшектерінің ірілігі 10-6-10-4 м аралығында болса, мұнда й коллоидты жүйелер жүзінді, эмульсиялар деп аталады. Эмульсиялар дегеніміз – еріген зат пен ерігіш екеуі де сұйық күйінде ұшырасатын жүйелер. Мысалы, сүт, кілегей. Мұндағы май бөлшектері сүт, кілегей бойында біркелкі таралып эмулься түзген. Егер, коллоидты бөлшектер газ күйіндегі зат бойында (ауада) біркедкі таралса, онда оларды аэрозольдер деп атаймыз. Ерітілген зат бөлшектері қатты болса, олардың шаң-тозаң немесе түтін, ал сұйық молекулаларынан тұрса, тұман дейді. Тұрмыста жиі ұшырасатын кейбір шаң-тозаң, бұлттардың бөлшектерінің ірілі-ұсақтығын төменгі 7-кестеде келтірген:
7-кесте. Аэрозоль құрамындағы бөлшектердің ірілі-ұсақтығы
Жаратылыс дүниеліктерінде жиі ұшырасатын эмульсиялар жүзінді – суспензиялар, аэрозольдер, көбіктер бәріде микрогетерогенді жүйелер тобын құрайды. Сонымен қатар, желімдер, шайырлар, сірнелер, сүзбелер, ірімшіктер ірі молдекулалы қосылыстар ерітіндісі, бояу-сырлар бәрі де коллоидты ерітінділерге жатады. Біз, сұйық ерітінділермен еріткіштерді жүйелі түрде қарастырып келе жатқандықтан, қатты заттардың сұйық еріткіштерде коллоидты ерітінді түзуіне тоқталамыз. Өзіміз ескерткендей еріген зат ірілі-ұсақтығы коллоидты жүйелерде басты көрсеткіш болып табылатындықтан «дисперстілік» ұғымымен танысалық. Date: 2015-05-08; view: 3337; Нарушение авторских прав |